Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Көп таңбалы сандарды қосудың және азайтудың жазбаша тәсілдері

<<Опорный орта мектебі>> мемлекеттік мекемесі

Көп таңбалы сандарды қосудың және
азайтудың жазбаша тәсілдері

Ашық сабақ 4 <<А>> сынып

Р. Молдашова

2015-2016 оқу жылы

Сабақ тақырыбы: Көп таңбалы сандарды қосудың және азайтудың жазбаша тәсілдері.
Мақсаты: Қосу және азайту амалдарын баған түрінде орындаудың үлгісін көрсетіп беру,амалдар алгаритмдерінің сәйкес кезеңдері және орындалатын іс-әрекеттерге, алгаритмге машықтандыру.Оқушылардың көп таңбалы сандарды қосу және азайтуды жазбаша орындау біліктілігін қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды біліктілікке, сауаттылыққа, тапқырлыққа баулу, ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, өз беттерімен еңбектене білуге тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Суреттер, шарлар, интербелсенді тақта, слайд, геометриялық фигуралар.
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, есептеу.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі,сурет, дүниетану
Сабақ түрі: ойын сабақ
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық
Ұзақ тозқап қоңырау,
Соғылады сыңғырлап,
Сабақта басталды,
Басылды дабырлақ.
Қосамын да азайтам,
Көбейтем де бөлем.
Математиканы білем
Сондықтн оны ұнатам.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Тірек білімді белсендіру
1. Тіктөртбұрыштың ені 4 см-ге тең, ұзындығы енінен 5 см-ге артық. Ауданы нешеге тең?
2. Сыныпта16 ұл, ал қыздар ұлдардан 2 есе көп. Сыныпта барлығы неше оқушы?
3. Бір альбомда 350марка бар,бұл екінші альбомдағыдан 100 марка артық. Екінші альбомда неше марка бар?
IV.Жаңа сабақ
1. Топтарға бөліну: <<Білгірлер>> тобы, <<Ойшылдар>> тобы.
2. Санды цифрмен жаз
А) елу бес мың үш жүз қырық сегіз
Ә) төрт миллион жеті жүз жиырма тоғыз мың үш жүз сексен алты
Б) алты жүз мың бес; сегіз жүз мың бір
4. Оқулықпен жұмыс (тақтада түсіндіріледі)
Баған түрінде жазып алып амалдарды орында:
42709+27592 98257-39749
37907+22093 58753-27954
67787+34605 30008-14708
4.Өз бетімен жұмыс

І - топ ІІ топ
5891 + 971 5782 + 456
971 4920 456 5326

V. Сергіту сәті: <<Логикалық ойлау тапсырмалары>>
1. Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз және 5 апельсин тұрған. Үстел үстінде барлық көкөністер қанша?
2. Қоянның үйінен құдыққа дейінгі жер 30 метр. Ол бір шелек су әкелу үшін
Неше метр жерді жүріп өтуі керек?
3.Екі әкесі,екі баласы үш алманы бір-бірден бөліп алды. Ол қалай болғаны?
№ 5 есеп
Үш күнде -2570 кг
Бірінші күні -675
Екінші күні -2 есе артық
Үшінші күні-? Қалғанын жинады.
Шешуі: 2570-(675+675x2)=2570-2025=545
Жауабы: 545 кг
№6 есеп. Өрнек жаз және мәнін тап
А)8057 және 5903 сандарының қосындысын 4225-ке кеміту;
Ә) 25002 және 8782 сандарының айырмасын 10008-ге арттыру;
Ойын: <<Кім жылдам?>>

І- топ
1. Тіктөртбұрыштың барлық қабырғалары тең (Жоқ)
2. 94 пен 3-тің көбейтіндісі 282-ге тең (иә)
3. 5 тәулік 120 сағатқа тең (иә)
4. Көбейтудің екі қасиеті бар (жоқ)

ІІ-топ
1. Шыршаның қарама-қарсы қабырғалары тең (жоқ)
2. 48 мен 3-тің көбейтіндісі 144-қа тең (иә)
3. 1 сағат 20 минутта 90 минут бар (Жоқ)
4. Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді (иә)
VІ. Шығармашылық тапсырма.
І топ ІІ топ

3 м 7 см 38 км 5 7м
8 м 5см км 7 м
75м 48 см 412 км 748 м
VІІ. Қорытынды
Сонымен біз не үйрендік?
Көп таңбалы сандарды бағандап,қалай қосып, азайтамыз?
VІІІ. Бағалау
ІХ. Үйге тапсырма: № 7, № 9

Ұқсас жұмыстар
Екі таңбалы сан
Мәндері бойынша санды өрнектерді салыстыру
Орта мерзімді жоспар математика. 3 сынып
Математикалық ойлау есептері
0-ден 100-ге дейінгі сандар. Қосу мен азайтудың ауызша тәсілдері
Математика 2-сынып: қайталау сабағы
Тақырып 4 санын қосу және азайту
Менің сыныптас достарым Екі таңбалы сандардың ондық құрамы
Математика пәнінен бағдарлама
Ата мен әженің тапсырмасы
Пәндер