1-сынып математика сабақ жоспары: Теңдік пен теңсіздік

«Қараөзек» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Бектасова Гүлжан Казыханқызы
Пәні : математика Сынып: 1 «А»
Сабақтың тақырыбы: Теңдік. Теңсіздік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «теңдік», «теңсіздік» туралы түсініктерін қалыптастыру және сәйкес терминдермен таныстыру.
Дамытушылық: Баланың ақыл-ойын, ой-өрісін, қол еңбегін дамыта түсу.
Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Достық қарым қатынас, ұжымдық ic - әрекет тәрбиесін беру.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, баяндау, ойын.
Көрнекіліктер: кесте, суреттер, қатырма және түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық өткізу:
-Қане қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
(баяу, шапшаңырақ, өте жылдам) .
Тірек білімдерін жетілдіру
Ауызша есептеуге сандар қатарын шығарып алуға, өтілген сандардың құрамын қайталауға, заттар тобын салыстыруға, математикалық өрнектерді оқуға жаттықтыруға арналған ойындар мен жаттығулар орындалады.
«Аңқау математик»
Мақсаты : есептеу дағдыларын дамыту.
Тақтаға цифрлары мен таңбалары қалдырылған мысалдар жазылады. Аюдың суреті салынған. Цифрлар мен таңбалар жазылған түсті қағаздан қиылған жапырақтар тақтаның бір шетіне қыстырылады.
Мынадай әңгіме айтылады: «Аю мысалдарды шығарып, жауаптарын жапырақтарға жазды. Жел соғып, жапырақтар жан-жаққа ұшып кетті. Енді оған көмек керек». Оқушылар тақтаға шығып, керекті жапырақтарды тауып, бос орындарды толтырады.
Жаңа материалмен танысу.
№1 тапсырма.
Бірінші қатардағы «=» таңбасымен жазылған жазуды оқиды. Мұғалім мұндай жазулардың «теңдік» деп аталатынын түсіндіремін.
3
═
3
4-1
═
3
ТЕҢДІКТЕР
≥
2
3
≤
2+2
ТЕҢСІЗДІКТЕР
2
№2 тапсырма тақтада да, дәптерге де орындалады.
4* 3 3*4 4*2+1
1*3 3*1 3*2+2
2*3 3*2 2*4-2
№3 тапсырмада салыстыру жұмысы өрнектерге талдау жасау негізінде есептеусіз орындалады. Балаларды мынадай түрде талдау құруға үйретіледі. Егер 3-ке 1-ді қосса, 3-тен 1-ді азайтқанға қарағанда көбірек сан болады».
3*3-1 3+1*3 4*4-2
2*2+2 4-1*4 1+3*1
Өтілгенді бекіту
Есептеу дағдыларын дамыту үшін оқулықтағы №4 тапсырма ұсынылады. Оқушылар нұсқама бойынша (машинаның жолы) жазылған амалдарды орындауы керек және тізбектің жауабы бойынша олардың қайсысы бірінші, екінші, т. с. с . келгенін анықтайды.
Дәптермен жұмыс
№4 тапсырманы орындау кезінде суретте бейнеленген барлық фигураларды атауды сұраймын, оларды санап, дөңгелектерге қарағанда артық фигураларды бояуды тапсырамын.