Тақырып Үндестік заңы. Буын үндестігі

Орта мерзімді жоспарлау бойынша жазбалар

Мұғaлiмдeрдiң бiлiктлiгiн аpттыpу куpсы бaрысында жоспарланған тізбектелген төрт сабақтың топтамасына бағдарламаның жеті модуль идеясын ықпалдастыруды көздедім. Ал бағдарламаның жеті модуль идеясы сындарлы теориялық оқытуға негізделген. Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілеттерін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету (1, 6) деп көрсетілгендей, бағдарламаның бірінші “бетпе-бет” кезеңінде алған терең теориялық білімімді тәжірибе кезінде пайдаланып, жеті модульді ықпалдастырып, жаңа әдіс -тәсілдер бойынша сабақтарымды өткізуді жоспарладым. Сындарлы оқытуға негізделе отырып құрылымдаған сабақтарым үш кезеңнен тұрады: қызығушылықты ояту, мағынаны ашу және ой толғаныс. Қай сабағымды бастамас бұрын сабақтың бірінші кезеңінде балаларды танымдық процеске тартып, өз білімдерін өзектендіріп, қызығушылығын оятып, оқушылардың білім алуға деген құштарлық атмосферасы қамтамасыз етіледі. Бұл нәтижелер “ассоциация”, «ББҮ», сергіту сәттері бойынша жүзеге асырылады. Бұл әдістер тізбектелген төрт сабағымда да қолданылады. Себебі осы кезеңде оқушылар ойланады, болжайды, жаңа тақырыптың мақсатын айқындауға тырысады, бұл олардың алдағы уақытта өздері ізденуіне мотивация тудырады. Ал сабақтарымның екінші кезеңінде оқушылар көбіне жаңа ақпаратпен жұмыс жасайтын болғандықтан, бұл кезеңде мен “Фишбон”, “Кубизм”, “Венн диагромасы”, “әңгіме-дебат ” деңгейлік тапсырмаларды қолдануды жөн деп шештім. Оқушының бұл кезеңдегі міндеті-жаңа ақпаратпен жұмыс жасау, жаңа ақпарат пен білімдерді өзіндерінде бар бұрынғы біліммен байланыстырып, салыстыра білуді жүзеге асыру. Білім берудің қорытынды кезеңі рефлексия оқушылар сабақ бойы алған білімдерін, түсініктерін өз сөздерімен баяндап бере алатын, жаңа білімдерін көрсете алатын кезең. Рефлексия кезеңінде оқушылар сыныптастарымен, мұғаліммен қарым-қатынас жасайды, жаңа ақпарат пен бұрынғы өз білімінің сәйкес келетінін тексере алады.

Қорытындылай келе, тізбектелген сабақтар топтамамда жаңа әдіс-тәсілдерді кіріктіруім төмендегідей нәтижелерді береді: жаңа білімді балалар өз тәжірибесі мен білімі арқылы сезінуге мүмкіндік алады, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады, сан қырлы ізденісті қолдайды, сұрақтар қойып, оған жауап іздеуге көмектеседі, зерттеуге, мәселені ұжым болып шешуге, қызу диалогтарға деген қызығушылықты оятады.

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық

Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімдік жоспары

Топтаманың мақсаты :Оқушыларға Үндестік заңы туралы мағлұматтар беру, буын үндестігінің өзіндік ерекшелігін түсіндіру, сөз бен қосымша аралығындағы буын үндестігінің сақталмайтын орындарын меңгерту, дыбыс үндестігі мен буын үндестігінің айырмашылығын таныту, өз беттерінше жұмыс орындатып, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың

тақырыбы

Сабақтың

мақсаты

Күтілетін

нәтижелер

Модульдердің

Кіріктірілуі

Әдіс-тәсілдер
Ресурстар
Бағалау
Сабақтыңтақырыбы:

Үндестік заңы.

Буын үндестігі (1-сабақ)

Сабақтыңмақсаты: Оқушыларға Үндестік заңы туралы және оның түрлері туралы мағлұматтар беру.
Күтілетіннәтижелер:

Үндестік заңы туралы біледі;

Буын үндестігін біледі;

Берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай алады;

Сандық құралдар арқылы өз сыныптастарымен ақпарат бөлісе алады;

Фонетикалық сатылай кешенді талдау жасай алады;

МодульдердіңКіріктірілуі:

- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

- Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану

-Талантты және дарынды балаларды оқыту.

- Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

- Оқытуды басқару және көшбасшылық

Әдіс-тәсілдер:

Ассосация; Фишбон;

Эссе;

Деңгейлік тапсырма лар .

Ыстық орындық

Ресурстар:

Бағалау парақшасы

Плакат, түрлі түсті маркерлер,

түрлі -түсті стикерлер

Оқулық

ғаламтор желісіне қосылған

ноутбук

Бағалау:

Термометр;

Үш шапалақ;

Жұптық бағалау; Бағдаршам арқылы

Сабақтыңтақырыбы:

Буын үндестігі не бағын

байтын қосымша лар (2-сабақ)

Сабақтыңмақсаты: Оқушыларға буын үндестігінің өзіндік ерекшелігін түсіндіру, сөз бен қосымша аралығындағы буын үндестігінің сақталмайтын орындарын меңгерту.
Күтілетіннәтижелер:

-Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды біледі;

-Өзінің білім деңгейіне сәйкес тапсырмаларды таңдай алады;

-Cыныптастарымен пікір алмасады;

-Жас ерекшелігіне сәйкес алған білімін саналы түрде ұғына алады;

-Тақырыпқа қатысты болжам жасай алады;

МодульдердіңКіріктірілуі:

- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

- Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану

-Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

Әдіс-тәсілдер:

Зымыран сұрақтар;

ББҮ;

Қалам үстел үстінде;

Перфокар тамен жұмыс;

Ресурстар:

Интербелсенді тақта

Үлестірме қағаздар

Оқулық

түрлі-түсті маркерлер,

плакаттар,

«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі»

Бағалау: Үш шапалақ; Жұптық бағалау; Екі жұлдыз, бір тілек: эталон арқылы
Сабақтыңтақырыбы: Дыбыс үндестігі (3-сабақ)
Сабақтыңмақсаты: Оқушыларға Үндестік заңының бір түрі дыбыс үндестігі туралы түсінік беру, буын үндестігінен айырмашылығын таныту.
Күтілетіннәтижелер:

-Дыбыс үндестігінің заңдылықтарын біледі, ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалды ажырата алады.

-Оқушылар бірін-бірі бағалайды;

-Өзінің білім алуына жауапкершілікпен қарайды; -Сыныптастарына көмектесіп, өзі де көмек сұрай алады;

-Ақпаратты салыстырып, олардың ортақ және жеке ерекшеліктерін анықтай алады;

МодульдердіңКіріктірілуі:

- Сыни тұрғыдан ойлауға


Ұқсас жұмыстар
Үндестік заңы. буын үндестігі
"қазақ тілінің фонетикасы" қазақ тілінен курс
Үндестік заңы
Фонетика тест сұрақтары
Орта мерзімді жоспар 5-сынып қазақ тілі
Қазақ тілінен бақылау жұмыс дәптері
Отбасы мүшелерінің мамандықтары жайлы ақпарат
Сөз мағыналары
Мұғалімнің сұрақтарына жауап
Сөз екпіні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz