Қасқырдың қысқы тіршілігі: 2-сынып әдебиеттік оқу сабағының жоспары

Ақмола облысы
Степногорск қаласы
А. М. Горький атындағы
№2 орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Минжанова К. У.
Пән: Әдебиеттік оқу
2- сынып
Көрнекілігі: «Қысқы орман», үлестірме, сызба,
суреттер.
Пән аралық байланыс: дүниетану
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімелеу,
оқыта үйрету, сын тұрғысынан ойлау
Мақсаты: Шығармамен таныстырып, мазмұнын ашу.
Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы ұғымдарын кеңейту,
әңгімелеу дағдыларын дамыту. Табиғат сырын ұғынып,
байқағыш болуға тәрбиелеу.
Бір ата, бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
Бірлік барда тірлік бар деген бабам,
Бірлікпен бірге соқсын жүрегіміз.
Барысы:
- Ұйымдастыру
- Психологиялық кезең
- Үй тапсырмасын тексеру:
« Автор орындығы» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.
Өлеңді жатқа айту және тәуелсіздік күніне құттықтау тілек жазып келу тапсырылған болатын. Оқушылар жазып келген тілектерін оқиды. Мадақтап, смайликтермен бағаланады.
Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Ой шақыру» әдісі қолданылады. Бұл кезеңде тақтаға қасқыр, қысқы орман және қыс мезгілінің суреттері ілінеді. Оқушылар сол суреттерге байланысты әңгіме немесе ертегі құрастырады. Топта бір біріне оқиды.
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
- Оқулықпен жұмыс (мәтінді өз бетімен оқу)
- Ой бөлісу
- Мамұнын ашу, тапсырмалармен жұмыс
Мәтінді талдап болған соң оқушылар бір біріне ашық және жабық сұрақтар береді.
Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ, сол аяқ
Жаттығуоңай-ақ.
Үлестірмемен жұмыс
Аяз атаның қалтасы онда хат қалталар әр топқа дайындалған. Онда мәтіндегі кейіпкерлерге арналған жаңа ақпарат беріледі содан соң топтар барлық алған білімдерін флипчартқа түсіріп топта қорғайды.
Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру
«Егер мен қасқыр болсам» эссе жазып келу.
Смайликтер арқылы бағалау, мадақтау.
Сабақтың соңында Білдім. Білгім келеді. Үйрендім.
Кері байланыс орнату.