Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Менің досымның мінезі

І тоқсан. 19-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 6
Пәні: қазақ тілі
ІІ Модуль. Менің достарым. Олардың мінезі, жақсы қасиеттері
Қатыстық сын есім. Қимыл-сын үстеу. Қазақ тіліндегі сөздердің тасымалдануы. Сөз екпіні
Тақырыбы: Менің досымның мінезі
Мақсаты:
1) білімділік: оқушыларды тақырып бойынша ауызекі сөйлеуге үйрету.
2) дамытушылық: ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, сөздік қорларын байыту.
3) тәрбиелік: ақылдылыққа, әдемілікке, әдептілікке, достықты қадірлеуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру. 5-тапсырма.
Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырма. Мінез туралы берілген анықтаманы оқып, көшіріп жазыңдар.
Сөздік: көзге көрінбеу - незаметный, қасиет - качество, достоинство, жиынтық - совокупность
Мінез -- адамның ішкі болмысы. Адам бойындағы көзге көрінбес қасиеттері. Осы қасиеттердің жиынтығы мінез деп аталады.
2-тапсырма. Мәтінді оқып, адамның мінезін сипаттап тұрған сөздерді табыңдар
Сөздік: алғырлық - восприимчивость, бейімділік - начитанность, еңбекқорлық - трудолюбие, ұйымдастырушылық - орғаниза - торская способность, қайсарлық - настойчивость, реши - тельность, салмақтылық - серьезность, табандылық - упорство, жауапкершілік - ответственность, көкірек кермеу - быть негордым, ұнамау - не нравиться, кекшілдік - злопамятность, ар-намыс - честь
Менің досым - Медет. Ол өзінің алғырлығымен, білімдлігімен, еңбекқорлық қасиеттерімен көзге түседі. Медеттің жақсы бір қасиеті - ұйымдастырушылық қабілеті. Маған оның мінезіндегі ұнайтын қасиеттер қайсарлық, салмақтылық, табандылық. Қандай іс болмасын жауапкершілікпен қарайды. Сол үшін оны ұстаздары ылғи мақтап жүреді. Дегенмен ондай мақтау сөздерге ешқашан көкірек кермейтін. Міне, осындай досымды мен мақтан тұтамын.
Оның бойындағы ұнамайтын қасиет - кекшілдік. Біреу оның ар-намысына тисе болды, ол адамды өмір бойы көрмеуге дайын. Мен оған үнемі <<кекшіл болма, көпшіл бол>> деп айтып жүретінмін.
3-тапсырма. 2-тапсырма бойынша берілген бірнеше тапсырманы орындаңдар.
Мына қатыстық сын есімдердің түбірі мен қосымшасын ажыратыңдар. Бір сөзді таңдап, сөйлем құрап жазыңдар.
Алғырлық, білімді, еңбекқор, салмақты, көпшіл.
Қарамен жазылған сөздерді тасымалдаңдар.
Менің досым - Медет.
Ол өзінің алғырлығымен, білімділігімен, еңбекқорлық қасиеттерімен көзге түседі.
Медеттің жақсы бір қасиеті - ұйымдастырушылық қабілеті.
Үйге тапсырма. 4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру арқылы өздеріңнің достарыңа мінездеме беріңдер.
Сенің досыңның аты кім?
Ол қандай қасиеттерімен көзге түседі?
Саған оның мінезіндегі қандай қасиеттер ұнайды?
Оның бойында ұнамайтын қасиет бар ма? Болса, қандай қасиет?
Досыңа қандай ақыл бересің?
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Бағалау

Ұқсас жұмыстар
Тіл дамыту. Қазақ тіліндегі сөздердің тасымалдануы
Менің досым. 6-сынып
Нәтиже сабақ . Қазақ тіліндегі сөздердің тасымалдануы
Достық сезім, 2-сынып
Көп сөз
Тақырып Компьютер
Қазақ тілінен емтихан билеттері (6 - сынып)
Таңбалар ережесі
Сөздердің байланысу түрлері. 7 сынып
Сезіміңді жеткіз мақсаты - балаларда ынтымақтастықты қалыптастыру
Пәндер