Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Аққулар ұйықтағанда Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби - сазды кештің сценарийі
Аққулар ұйықтағанда
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби - сазды кештің сценарийі
Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмірбаянымен өмір жолымен таныстыру. Ақындық талантын оқушыларға насихаттау, поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншіліктерін арттыру.
Кештің көрнекілігі: кеш тақырыбы мен ақын портреті, буклет, альбом және кітап, журналдармен көркемделген көрме, тақырыптық слайд.
Кештің жоспары:
* Қойылым тобы <<Аққулар ұйықтағанда>>
* Ақынның поэзиялары
* Ақынның сөзіне жазылған әндер
* Ақын жайлы естеліктер
* Мұқағали ағамызға арналған жыр шашулар
1 - жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық - шынымен бақытты халық.
2 - жүргізуші: Бүгінгі <<Аққулар ұйықтағанда>> атты әдеби - сазды кешіміз қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жарқырап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналып отыр. Мұқағали Мақатаев (1931 -- 1976) Алматы облысының ұлы Хан - Тәңірі тауының етегіндегі Қарасаз ауылында дүниеге келген. Горкий атындағы Лениград (Санкт - Петербург) университетін бітірген. 9 ақпан күні көзі тірі болса 83 жасқа толар еді...
1 - жүргізуші:
Бүгін менің туған күнім
Ой, пәле - ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім - ақ,
Тәңірдің бір жарытпай - ақ қойғаны - ай.
2 - жүргізуші: Мына дүние неге жатыр үндемей?!
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ - құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
<<Мынау - шапан,
Мынау - атың, мін>> - демей.
1 - жүргізуші: Тойланбаса, тойланбасын,
Не етейік.
Той көрмей - ақ, сый көрмей - ақ өтейін
Қаламымды берші маған бәйбіше,
Болашаққа арыз жазып кетейін...
2 - жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер - тұрманы,- деп аға жайдан - жай айтпаған ғой.
1 - жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып, өлең - жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы сан қырлы. Оны біріміз білсек те, біріміз білмейміз, енді бір сәт оның өмірінен деректерге жүгінсек.
<<Менің анкетам>> өлеңін жүргізушілер кезекпен оқиды.
- Туған жерің?
- Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
- Жынысың кім?
- Еркекпін ғой, еркекпін!
- Және - дағы тәуірмін...
- Партияда барсың ба?
- Жоқпын.
- Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын.
- Шыққан тегің?
- Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
- Білімің ше?
- Орташа ғой.
Алайда оны жоғарыға балаймын.
- Ана тілің?
- Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
- Қайда істедің?
- Мынау <<Еңбек кітапшамнан>> танып ал.
Оқымаған дипломсыз демесең
Бір басымнан бар мамандық табылар.
- Міндетісің бе әскерге?
- Міндеттімін.
Бірақ әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
- Сөгіс алып көрдің бе?
- Ол жағынан періште едім дей алмаймын,
Мен мүлде.
Ойлы - қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...
- Шетелдерде болдың ба?
- Болғамын жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда - ақ.
- Мекен - жәйің?
- Мекен - жәйім - жер менің,
Жерде өскен ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!
2 - жүргізуші: Иә, Мұқағали - ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.
1 жүргізуші: Мұқағалидың шын аты - Мұқаметқали, әкесінің есімі - Сүлеймен. Батыр бабасы - Райымбек - Түкеннің,Түкен - Хангелдінің баласы - Хангелдінің екінші әйелінен тараған жетінші ұрпақ.
Яғни, Қойбас,
одан Дәлі,
одан Қуырман,
одан Қамет,
одан Мақатай,
Мақатайдан Сүлеймен,
одан Мұқағали.
2 жүргізуші: Мұқағалидың әкесі де, шешесі де суырып салма, өлеңді қиыннан қиыстыра білетін өнерлі жандар екен. Бір тойда Сүлеймен мен Нағиман айтысып, бозжігіт Сүлеймен өлеңмен жеңіп, екеуі үйленуге уәде байласыпты. Сөйтіп, екуінің қосылуына, отбасы болуына ақындық өнер себеп болған екен. Әкесі 1942 жылы әскерге алынып, соғыстан оралмаған. Содан Мұқағали мен Тоқтарбай, Көрпеш атты екі інісі анасы Нағиман мен әжесі Тиынның тәрбиесінде болып, жастайынан өмір қиындығын,тірлік тауқыметін көп көріп өсіпті. Мектепті Мұқағали осы Қарасазда тәмамдап, еңбек жолын осы аймақта бастаған.
1 жүргізуші: Өзінің туылған жерін өте қатты сағынып өлеңіне қосқан
Мен бақыттымын,
Бақытты жерде тудым.
Айналайын, Қарасаз,
Қасиетінен суыңның!
Сенің әрбір бұлағың-
Менің әрбір қантамырым емес пе?
Қасиетті тұрағым,
Қасиетіңнен суыңның!
Қарасазым!
Айтылмаған сезім ең,
Мен іздеген бақыттың сен өзі ме ең?
Сенің ғажап табиғатыңды кімге айтсам,
Кім құмартса,өзі көрсін көзімен...
2 жүргізуші: <<Сен менің еліме бар>> Баярыстанов Алишер
2 жүргізуші: Ақынның <<Аққулар ұйықтағанда>> поэмасынан үзінді тамашалаңыздар
Көрініс <<Аққулар ұйықтағанда>>
О,құдірет, неткен шалқар күй ең сен
Бүгін менің әулием сен , ием сен !
Алпыс екі тамырда қан орнына
Тұрған сынды , киелі күй күмбірлеп! .
24- оқушы
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Ақ қанатын сабалап ,асыр салып .
Ойнасыншы ,ойнасын ерке құстар ,
Тыныштығын олардың қашырмалық
<<АҚҚУЛАР, ҚОШ БОЛЫНДАР>> оқитын: 4 А сынып оқушысы Мухамеджанов Аслан
АҚҚУЛАР, ҚОШ БОЛЫНДАР
Аттанып бара жатыр аққу - қаздар,
Қош енді, қош болындар, гәкку - наздар!
Кеудемде күніренген дастан қалды,
Киелі қанатымен аққу жазған.
Аққулар, кешіріндер, жазықтымын!
Қараймын керуеніне қажып бүгін.
Адасып кетті - ау бірге сендерменен,
Алапат күшім менен нәзіктігім!
Сыңқылдап соғылғанда қанаттарың,
Таба алмай қалды менін тағат жаным.
Үзілген жолдарыңа, қарақтарым,
Үзілген жанарымды сабақтадым.
Ақ көлдің айдын төсін шимайлаған,
Сұлулар, жатыр сені қимай далам.
Аққу боп неге ғана жаралмадым,
Адам боп өзіме - өзім сыймай барам.
Аққулар, алданыш па ең, арман ба едің?
Қош енді, қанатым жоқ самғар менің!
Нуларым сыңси жылап қалды - ау менің,
Суларым жетімсіреп қалды - ау менің!..
1 - жүргізуші:
Ендеше, ақын - жазушылардың ақынға берген баға - сөздеріне кезек берейік.
(Оқушылар кезекпен естеліктер оқиды)
- Мұқағали Мақатаев адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы. (Ә. Кекілбаев)
- Мұқағали мұрасы - біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы (З. Серікқалиев)
- Әдебиет - ғаламат ғимарат, сұлулық сарайы. Мұқағали соның талантты тас қалаушыларының бірі. (Қадыр Мырза Әли)
- Біз тірілер, ол туралы білгенімізді айта береміз. Бірде асырып, бірде жасырып, бірде жеткізбей, бірде жеткізіп айтамыз. (Т. Молдағалиев)
- Қазақ әдебиетіндегі дара тұлғалы Мұқағали жұлдызы ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз
2 - жүргізуші: Ақындықпен айналысқан 30 жыл ішінде М. Мақатаев көзімен көргендерін, ақындық санамен түйгендерін төгілтіп жырлай берді, жырлай береді.
1 жүргізуші: Атақты "Саржайлау" әніннің сөзін жазған. Көптеген шығармалары бар. Оның есімі М. Әуезов, Абай сияқты даналармен қатар аталады. Қазақстанның мемлекеттік сыйлыңының лауреаты деген атағы болғанымен, оның атағы ел ішінде одан зор.
2 - жүргізуші: Ән <<Сарыжайлау>> орындайтын 3 <<Ә>> сынып оқушысы _______________ орындайды
1 - жүргізуші: Әр ақынның өлең - өнер болмысында бір қасиет өзгелерінен басымырақ болады. Мысалы: Абайда - ой, Мағжанда - махаббат, Қасымда - от, Мұқағалида - Отан, тазалық, қасиет, табиғат деген ұғым басымырақ.
Табиғат,
Жанымды алсаң,
Алшы менің.
Бір түйір жерге түскен тамшың едім.
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Артымда қалсын жерім,
Қалсын елім, - деген Мұқағали барлық өлеңіне бойындағы сезімнің бүкіл ағынымен барып таусыла жазды.
Оқушылар: <<Азамматтың ұрпағы>> оқитын: Мандыбекқызы Мөлдір
1 - жүргізуші: Өміршең өлеңдерді әнмен әрлей отырайық.
ән <<Қуанышыңмен>> орындайтындар: 2 <<А>> сынып оқушылары:
1. Дайырхан Есмұхан
2. Аңсаған Қаразымова
3. Нұрай Жания
4. Ақберген Ақат
5. Нүркеш Жаннұр
2 - жүргізуші: Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кеткен ақын жоқ десек артық айтқандық емес. Өйткені, махаббат мәселесі - бұл мәңгілік тақырып, бірақ әр ақын, өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әрқалай шығарады.
<<Лашынға>> Тұрғанбайұлы Жанболат
<<Атамекен>> өлеңін оқитын: Амангельдиева Айсұлу
Ән <<Сенің көзің>> орындайтын
1 - жүргізуші:
Махамбет пен Абайдан бірдей қуат алып өскен Мұқағали ағамыз мерейтойы Юнеско бойынша аталып өткен әрі ақын, әрі батыр Махамбетті пір тұтқан, ұлы Абайдың мақсатын өз мақсатым деп білген екен.
<<Мен деген ырза, мәз бала>> өлеңі. Оқитын: Хайратбек Ақбота
2 - жүргізуші: Ақын жүрегі нәзік, сезімтал. Кей кейде ол өзіне сүйеніш, тірек болар адамды іздейді. Кез келген адам ақын жанын түсіне бермейді, ақынды ақын жұбатады.
Ақынды ақын оятпаса, ол қайғы,
Ақынды ақын таяқтаса, ол қайғы,
Ақынды ақын күйелесе, ол қайғы.
1 - жүргізуші:
Қиналғанда нағыз ақын өзінің тілін ұғатын ақын іздейді. Сондай уақытта Мұқағали Фаризаны тапты. Енді біз де Мұқағали болып Фаризаға мұң шағайықшы.
Видео көрініс <<Фаризаға>>
2 - жүргізуші:
1 - жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін сезді ме?...
1 - жүргізуші:
Қалықтаған биік шың асқарынан,
Күн шұғыл қарсы алып аспанынан
Талантты, тартымды ақындардай,
Жазушының көрінер дастанынан, -
Кезекті ақын ағаның жолын қуып, қауырсын жырларымен танылып жүрген жас ақындарға берсек.
(Оқушылар өз өлеңдерін оқиды)
1 - жүргізуші:
<<Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен>> өлеңі оқылады. Оқитын: Такерова Насихат
<<Әттең шіркін>> өлеңін 9 Ә сынып оқушысы Өтеген Балнұр
2 - жүргізуші:
Ақ қырау тұрған ақпанда,
Ағаштар сырға таққанда,
Бозарып тұрып ақ таңда,
Есіңе мені алғайсың - деп толғанады.
Ендеше оқушысы Береке Құдакелдінің орындауында <<Есіңе мені алғайсың>> әнін қабыл алыңыздар.
1 - жүргізуші:
<<Менің қымбатты достарым!>>
Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. (14 ақпан. 1976 жыл. Күнделігінен)
2 - жүргізуші: <<Үш бақытым>> орындайтын: 3 <<А>> сынып оқушысы
2 - жүргізуші:
Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
... Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім
Иә, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Олай болса М. Мақатаев та көз жұмған жоқ.
<<Сәлемдеме>> өлеңі оқылады. Оқитын: Қарымсақов Санжар
1 - жүргізуші:
Мына күн де, мына аспан да, дала анау,
Бәрі бізден, бәрі бізден қалды - ау!
Өмір дейтін тағатсыз бір қозғалыс,
Өмір дейтін өлемін деп қарамау.
Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағалиы да жалғыз. Сол шындықты шын жүректен түсінсек қана тарлан талант, жыр жампозы М. Мақатаевтың ұлттық мақтанышымыз екенін мойындаймыз.
Табиғат, жанымды алсаң, алшы менің,
Бір түйір жерге түскен тамшың едім.
Мұқағали жоғалса , қайтер дейсің,
Артымда қалсын жерім, қалсын е лім.
Кім білсін, қаншама әлі шырқарымды,
Кім білсін, қай күні сен қырқарыңды.
Мұқағали жоғалса , қайтер дейсің,
Жоғалтпасаң болғаны ұрпағымды!
1 - жүргізуші:
Осымен біртуар ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған кешіміз тамам.
2 - жүргізуші:
Назар аударғандарыңызға көп рахмет!
Оңай сөз ғой <<Отанды сүйем>> деген...
Оңай сөз ғой <<Отанды сүйем>> деген,
Не тындырдың <<басымды иемменен?>>
Оңай сөз ғой, құрбым-ау, оңай сөз ғой,
<<Отан үшін өлемін, күйем>> деген.
Өлім деген ерліктің қорегі ме?
Өлмей-ақ қой, бос сөздің керегі не.
...Егер Отан сыңсыған орман болса,
Жапырақ боп жармасқын терегіне.
ән <<Ризамын>> Мадина Ералиеваның орындауында бейне баян

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz