Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Мамандық таңдау-өміріңіздің кірпішін дұрыс қалау атты мамандық таңдау кеші
Күні: 8.12.2015
Сыныбы: 11-сынып
Тақырыбы: <<Мамандық таңдау-өміріңіздің кірпішін дұрыс қалау>> атты мамандық таңдау кеші.
Мақсаты: Оқушының өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу,өз бетінше шешім қабылдап,өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттілігін арттыру,жауапкершілік,міндеттілік,зерттеушілік әрекетін іске асыру мүмкіндіктерін кеңейту,оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі тануын қамтамасыз ететін болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасау.
Міндеті:
Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған слайдтар көрсету.
Кешке қатысушылар:
-әр түрлі саладағы мамандар
-11-сынып оқушылары
-ата-аналар
- ұстаздар
Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті қонақтар,ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған <<Мамандық таңдау-өміріңіздің кірпішін дұрыс қалау>> атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
Бүгінгі кештің мақсаты: Оқушының өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу,өз бетінше шешім қабылдап,өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттілігін арттыру,жауапкершілік,міндеттілік,зерттеушілік әрекетін іске асыру мүмкіндіктерін кеңейту,оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі тануын қамтамасыз ететін болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасау.
Бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл - кеңесін айтуға шақырылған қонақтарымыз келіп отыр.
1.Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы деп ақындарымыз жырлағандай ,бүгін біздің ортамызда жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Фарида Темірболатқызы және жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі Мәдина Өтеуқызы ,
Ауылымыздың рухани мәдени өркендеуіне,дамуына өзіндік үлестерін қосып жүрген мәдениет үйінің директоры Күнсұлу Ешманқызы және ауылдық кітапхана меңгерушісі Рысжан Әубәкирқызы,
3.Жас маман, мектебіміздің түлегі,округ әкімшілігінің бас маманы Алмат Қуанышұлы,мектеп медбикесі Майгүл Шайдоллақызы және 11-сынып ата-аналары қонақта.
Сонымен бірге бүгінгі кешімізге мектеп директоры Сабит Сайфоллаұлы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Құралай Үмбетқызы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жеңісгүл Сапарғалиқызы мектеп психологі Гүлбариса Нағимқызы қатысып отыр.
-Атақты ғұлама Әл - Фараби
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыздеген екен. Мәліметтер бойынша
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар десек жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? <<Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?>> деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Бүгінгі кешімізде біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталып, болашақ бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз
Осы бағытта ой қозғау үшін ортаға 11а сынып жетекшісі Жания Жақауқызын шақырайық.
1. 4-9 слайдтар бойынша Жания Жақауқызы сөйлейді.
-Рахмет,Жания апай
Бүгінгі біздің қонақтарымыз өз мамандықтарын адаспай тауып,еңбектерімен елге елеулі болған ,өз ісінің мамандары.
Ендеше қонақтарымызға сөз кезегін берейік. Алғашқы сұрағымыз:
Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін - өзі қалай дайындау керек деп есептейсіз? Әрқайсыңыз өз мамандығыңызға байланысты айтып өтсеңіздер.
(Қонақтар пікірлерін айтады)
- Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?
- Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
- Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
-Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
- Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан, деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу-әр оқушының арманы. Мектепті бітіргелі отырған 20 түлектің 20 түрлі арманы бар. Олар қандай мамандық иесі болғысы келеді екен.Бұл туралы психологтарымызды тыңдасақ ,ортаға Гүлбариса Нағимқызын шақырсақ.
Бүгінгі мамандық таңдау кешімізге арнайы шақырылған қонақтарға сөз кезегін берейік. Бұл мамандар өз мамандықтарын адаспай тауып,еңбектері елге елеулі болған ,өз ісінің мамандары. Араларыңызда кейбіреулерің ендігі қандай маман иесі болатыныңызды, қандай бағытта, оқу орнында оқитыныңызды анықтаған шығарсыз және де өздеріңнің болашақ кәсіби қызметтеріңді жақсы білетін де шығарсыз. Дегенмен де өз таңдауыңды тағы бір тексерген артық етпейді, таңдаған мамандығыңыз шындығында өзіңізді жетілдіруге мүмкіндік бере ме, сол жөнінде ойлануға кеш емес. Бұл әңгіменің тақырыбы әлі шешімін қабылдай алмай күмәнданып жүрген және бағдарын таңдай алмай жүрген оқушыларға маңызды болып табылады. Ойланайық, пікірлесейік.
Ендеше, оқушылар қай мамандықты қандай кәсіп жолдарын таңдауды дұрыс деген мақсатта, әркім өз пікірін білдіріп, ой толғасын.
2. 12-24 слайд бойынша Арайлым Сабырқызы сөйлейді.
3. Бейне баян көрсетіледі
Бүгінгі айтылған пікірлерді жинақтай келе ойымызды қорытындылау мақсатында <<Даналардан шыққан сөз>> айдарымен қанатты сөздер арқылы топтық жұмыс жүргізейік.
Бүгінгі кешті қорытындылау үшін мектеп директоры Сабит Сайфоллаұлына берсек
Қорытынды :
Бүгінгі кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кешімізде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі - болашақ маман иелері болуларыңызға тілек білдіреміз.Бүгінгі кеште өз ойларымен бөліскен, ақыл кеңестерін айтқан кеш қонақтарына алғыс білдіреміз.Көңіл қойып,тыңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
Кешті өткізген: Сейфуллина Арайлым
қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі,11ә сынып жетекшісі
<<Қазіргі заманның табысты мамандары>>.
Аниматор - суретке жан бітіруші. Мультипликатор - мультфильмдерге арналған суреттер салушы. 3D-аниматор - үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер. Мұндай мамандар мультфильмдерді және арнайы эффектілер мен телевидениеге арналған заставкаларды жасайды. Қазіргі таңда кинолар мен мультфильмдер, телеарналар осынысымен өтімді болып отыр.
Витражист - көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін мамандар. Олар сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді.
Декоратор - түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші. Театр түсірімдеріне арнайы сурет, графика. Сәулет туындыларын таңдап, техникалар жарықтандыру құрылғыларын орнатушылар. Бүгінде біздің театрларымыздың сахналары әлі ескі үлгімен жасалған. Ал шетелдік тетрлардың барлығы заманға сай көркемделуі арнайы мамандардың араласуымен жүзеге асады.
Интерьер дизайнері - үйіміздегі немесе кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар. Бұл да қазіргі заманның таптырмайтын мамандары.
Грим жасаушы суретші. Бұл мамандықтың құрамына төрт мамандық сыйып кетеді, яғни шығармашылық бірлестік деп атауға болады. Бұл бірлікке қоюшы-суретші кіреді. Суретші кейіпкерге тән бет-бейнені жасап, режисермен тығыз байланыста жұмыс істейді.
І - топ : <<Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан >>
Абай
ІІ - топ: <<Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге>> Абай
ІІІ - топ
Жетерсің мақсатыңа біле-біле>>. Ж. Баласағұн
ІҮ топ: Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.
Ж.Аймауытов

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz