Сабақ жоспары :: Дене тәрбиесі

Файл қосу

Допты төменнен тікелей соғып ойынға қосу

Астана қаласы
№56 мектеп-лицейінің
денешынықтыру пәнінің мұғалімі
Саудабаева Майраш Күмісбайевна

Допты төменнен тікелей соғып ойынға қосу

Білімділік мақсаты: Сабақ кезінде оқушылардың жүру, жүгіру, секіру және допты соғып ойынға қосумен қатар, допты қабылдаған жағдайда қозғалыс дағдыларын қалыптастырып біліктілігін арттыру.
Сауықтыру мақсаты: АДЖ және ЖДЖ арқылы денсаулықты жан жақты нығайту. Арнайы эстафеталық жарыстар арқылы қозғалыс сапасын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: Дененің үйлесімді қалыптасуымен бірге оқушыларды адамгершілікке, ақыл ойына, эстетикалық және еңбек тәрбиесіне, ұйымшылдыққа баулу.
Қолданылатын құралдар: волейбол доптары, волейбол торы.

Сабақ бөлмесі
Сабақ мазмұны
Мөлшері
Әдістемелік нұсқау
Дайындық бөлім
Оқушыларды сапқа тұрғызып, мәлімдеме беріп амандасу.
Сабақ тақырыбын айтып, мақсатын түсіндіру
Жалпы және арнайы дене жаттығуларын өткізу.

Оңға бұрылу, солға бұрылу, кері бұрылу,орында адымда,залмен алға бас.

Аяқтың ұшымен және өкшесімен жүру. Аяқтын ішкі және сыртқы қырымен жүру.
Жүгірістің түрлері:
1.Жеңіл жүріс.
2.Оң және сол иықпен жүру.
3. Арқамен алға жүру.
4. Тізені жоғары көтеріп жүру.
5. Аяқты алға лақтырып жүгіру және артқа лақтырып жүгіру.
6. 1-ысқырықтан кеін қарай жүгіру. 2-ысқырық 360-қа бұрылып секіру.Жүгірістен жай жүріске көшу. Саптағы қозғалыс кезіндегіжаттығуларға көшу.
1. Б.Қ. қол белде басымызды 4санға оңға, 4санға солға айналдырамыз.
2. Б.Қ. қолымызды алға ұстап саусақтарымызды киыстырып 4 санға алға, 4 санға артқа айналдырамыз.
3. Б.Қ. сол қол жоғарыда оң қолымызды төмен ұстаймыз, 1-2 сан қол кейін серпу, 3-4 оң қол жоғарыда сол қолымызды төмен ұстап серпи қайталаймыз.
4. Б.Қ. қолымызды иыққа қоямыз, 1-4 алға 1-4 артқа айналдырамыз.
5. Б.Қ.қолымызды белге ұстаймыз, 1-сол аяққа еңкейеміз,2-Б.Қ. 3-оң аяққа еңкейеміз, 4-Б.Қ.

10-15мин

4-5рет

4-5 рет

4-5 рет

4-5 рет

4-5рет
Оқушыларды түгендеу, спорт киімдеріне назар аудару, қауіпсіздік ережелерін айтып түсіндіру
Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау.

Бұйрықты дұрыс орындаулуын қадағалау

Жаттығулардың дұрыс орындалуын және ара қашықты сақтау. Аяқты алға-артқа лақтырғанда тізені бүкпеу.

Ысқырыққа көңіл бөлу

Басымызды толық айналдырамыз.

Денемізді түзу ұстаймыз.

Қолымызды қаттырақ серпиміз.

Ара қашықтығымызды сақтаймыз.

Еңкейгенде тіземізді бүкпейміз.
Негізгі бөлім
Допты төменнен тікелей соғып ойынға қосу.
Шынтақ буыннан бүгілген сол қолмен белдің деңгейіде допты алда ұстап тұру.
Оң қолды сермеп соғу үшін артқа қарай созу.
Допты жоғары қарай сәл сақтырып қалып, созылған қолмен допты ұру. Соққан қол допты алға-жоғары қарай бағыттайды.
Допты төменнен қабылда. Допты төменен алуды ойыншы жоғарыдан берген допқа шығып үлгермеген немесе доп торға жақын түскенде, не оған тиіп алаңға түсіп келе жатқанда қолданылады.
25-30мин

3-5мин
Назарымызды допқа аударамыз. Саусақтар шамалығана алақанға бүгілуі қажет.
Допты соғумен қатар оцыншы бір мезгеілде артта тұрған аяғын жазып, алға аяғына дене салмағын түсіруі тиіс.
Допты жұдырықпен, алақанмен, қабылдауға болмайды. Соққыны жұмсарту үшін допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатып қолдарының қырын көтере бұрады. Қол еркін алда ұсталып, алақандар біріктіріліп қойылады.
Қоры-
Тынды
бөлім
Оқушыларды тынықтырып сапқа тұрғызу. Жіберілген қателіктерін айту. Оқушыларды тест арқылы біліктілігін анықтау және бағалау. Үйге тапсырма беру.
Тест
1. Волейбол алаңының көлемі.
А) 12*24: Б)26*16: В) 9*18
2. Волейболда допты ойынға қосу аймағы
А)2; Б) 3; В) 1
3 . Қандай спорттық тәсіл волейбол ойынына жатады?
А)допты жерге соғып жүру
Б)допты 11м тебу
В)допты төменнен соғып ойынға қосу.
4.Волейбол алаңында неше ойыншы болу тиіс?
А) 11 Б) 9 В) 6

Денені көтеру, қолды бүгіп жазу.
Допты соғу және қабылдауды қайталау.

Ұқсас жұмыстар
Волейбол добын беру, қабылдау түрлері
Қолды артқа ұстау
Допты ойынға қосу тәсілдері
Допты екі қолмен төменнен қабылдау
Волейбол. допты төменнен беру
Орта және қысқа мерзімді сабақ жоспары
Спорттық үйірмелер жоспары
Волейбол – допты төменнен тіке ойынға қосу. 7-сынып
ВОЛЕЙБОЛ ЖӘНЕ ДОПТЫ ОЙЫНҒА ҚОСУ
Төмен алақанмен тордың торына тигізу үстінде қолды жайғастыру
Пәндер