Әліппе пәні: Ұ дыбысы мен әрпі - сабақ жоспары

Керекті жабдықтар: Суреттер топтамасы, смайликтер, жемістер, көкеністер.
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер сұрақ -жауап, ой қозғау, топтастыру, сын тұрғысынан ойлау, АКТ
Мақсаты:
Оқушылардың Ұ ұ дыбысы мен әрпімен таныстыру, дыбыс
тың жуан дауысты екенін ұғындыру. Ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
Айналаға алақанмен
Жылулықты шашайық
Сәттілік тілеп күлімсіреп
Біз сабақты бастайық !
Топ ережесін қайталау
"Ой қозғау"
- Балалар енді, тақтадағы суреттерге назар салайық. Не көріп тұрмыз?
Енді, осы сөздердің барлығына ортақ қандай әріп бар ?
Дұрыс айтасыздар, ұ дыбысы бар.
Ұя, ұлу, ұшақтың,
Басын бастап беремін
Құс, жұмыртқа, бұтақтың
Ортасында келемін. Сонымен, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Ұ ұ дыбысы болмақ. -Ұлу, ұя, ұшақ, ұл, құс, Олардың барлығында да ұ дыбысы бар.
Сөздерге дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу, сөйлем құрау.
Оқулықпен жұмыс.
Сөздерді тізбектей оқу
Топтастыру «Құстар»
Мәтінмен жұмыс оқу, мазмұндау.
Суреттермен жұмыс
Құран, нұр сөздерінің мағынасын түсіндіру.
Дәптермен жұмыс.
А) ауада жазу
Б) әріп элементтерін көрсету
В) дәптерге үлгі бойынша жазу
Құсқа ұқсап бәріміз,
Қане, қанат жаяйық.
Құс сияқты қалықтап,
Ұшып -ұшып алайық!
Ойын «Адасқан әріптер»
Сен білесің бе ?
Табиғат сырын құстар да біледі
Қорытындылау
Сонымен біз бүгін қандай дыбыспен танысып, оның таңбалануын жаздық ? (ұ)
Ұ қандай дыбыс болды ? (дауысты жуан)