Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Алтын сақа ойыны

Тақырыбы: <<Алтын сақа>> ойыны
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойында салт-дәстүрге деген сүйіспеншілікті одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу.
Жас ұрпақтың ұлттық сана сезімін қоғамдық саяси ой өрісін дамыту.
Ойлау, сөйлеу, қабілеттерін шындау,балалардың қығушылығын арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, асық, қоржын
Сабақтың мазмұны:
Ұйымдастыру бөлімі <<Алтын сақа>>
Уа, халайық, халайық,
Бәріне жар салайық,
Бүгінгі күн төрінде
<<Алтын сақа>> елінде.
Мақал айтып, жарысып,
Жауап беріп, аңдысып,
Шабыт тасып шалқысып,
Көңілді кеш жасайық
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі <<Алтын сақа>> ойынына қош келдіңіздер! Сайысымызды бастамас бұрын мектебіміздің директоры Е.М.Айшуаковқа сөз беріледі.
Әділ қазылармен таныс болыңыздар
Ертеден бері келе жатқан ұлттық ойынның бірі-асық. Асық - қой малының асық жілігінде болады .Біз бүгін халық ойынын асық ойнау арқылы <<Алтын сақа>> ойыны негізінде өткізілгелі отырмыз. <<Алтын сақа>> ойыны қазақ халқына тән ойын. Асық жинау арқылы ұпай (баға) жинаймыз.Бұл ойынның тәрбиелік мәні өте зор.Әрбір халықтың мәдениетіне оның спорттық жаттығулары мен ойындары кіреді.Ұлттық ойындар балалар мен үлкендердің күнделікті өміріне тікелей қатысты болып келеді.Олар өмірге аса қажетті төзімділік, күштілік, ептілік, шапшаңдық сияқты қабілеттерді жетілдіреді.Адамның бойында адалдық, әділдік, адамгершілік сияқты жақсы қасиеттер дарытады.
Бүгінгі <<Алтын сақа>> сайысы 5 кезеңнен тұрады.
1.Таныстыру
2. <<Кім зерек?>>
3.Мақал- мәтел жалғасы
4.Шығармашылық жұмыс
5.Ойлан, тап!
(Алтын сақа сұрақтары)
Балалар сақаларды тандап, топқа бөлінеді.

Сайысымыздың 1-кезеңінде топ басшы тандалып, өз топтарын таныстырады.
Балауса: Таныстырып тобыңды,
Көрсетсеңші, топ басшы
Білімді, озат тобыңмен
Қанеки, бүгін топ жаршы.
Топқа бөлу: <<Болашақ>>
Ұраны: Біз жастармыз болашақ
Алда бізге жол ашпақ
Қадірлейміз бәрінді
Үлкен, кіші, кәрінді.
<<Бейбітшілік>>
Ұраны: Бейбітшілікті қолдаймыз,
Ақ көгершін қасында
Еркіндікке тоймаймыз,
Ашық аспан астында.

Малика: <<Алтын сақа>> ойынымыз аталады.
Біз боламыз <<Алтын сақа>> қатарлары
Ұлттық ойын ойнайық, үйренейік
Арайлансын болашақ атар таңы.
<<Алтын сақа>> көрінісінен үзінді.

Алтын сақа
Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты.Бай бір күні жылқысын суара көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен.Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп суға жуымайды.Әлгі жерде бай жылқыларын қанша айдаса да, суға жаба алмайды.
Сол кезде бай тұрып судағы жүзіп жүрген өкпені құрықпен түртіп көреді.Өкпе суға батып кетіп, әлден уақыттан соң жалмауыз кемпір болып судан шығады да, байдың жағасынан ала түседі.Бай көзі алақандай болып қорқып кетеді.Ол жалмауыз кемпірге:
-Ат басындай алтын берейін, қоя бер, -дейді.
Жалмауыз кемпір жібермейді.
-Осы жылқыларымның бәрін берейін, қоя бер,-дейді.Кемпір көнбейді.
Кемпірден сасып:
-Енді не берейін?-дейді.
Кепмір:
-Жалғыз балаңды бер, жіберейін,-дейді.
Бай жалғыз баласын бермек болады, кемпір байды қоя береді.ъ
Кемпір байға:
-Балаңды қай жерде бересің?-дейді.
Сонда бай:
-Ертең көшемін, сонда баламның алтын сақасын жұртқа тастап кетейін, сен жұртта сол сақаның жанында отырарсың,-дейді.
Сонымен бай жалмауыз кемпірге уәдесін беріп, жылқыларын айдап кетіп қалады.
Ертеңінде көшеде, жалғыз баласының алтын сақасын ұмыттырып жұртқа тастап кетеді.Ауыл жаңа қонысқа көшіп барады.Асық ойнамақ болған бала алтын сақасын жоқтап жылайды.
Сонда әкесі:
-Кеше көшіп жүргенде жұртта қалыпты.Барып алып қайта ғой,-дейді.
Бала бармақшы болады да әкесінен:
-Әке, қандай тайға мініп барайын?-деп сұрайды.
Қай тай бетіңе қараса,сол тайға міндейді.
Бала қуанып тайдың үстіне қарғып мінгенде тұлпар болып, көзді ашып-жұмғанша жұртқа жетіп келеді.
Жұртқа келсе алтын сақасы ошақ басындағы тезек түбінде жатыр екен.Сақа жанында бір кемпір отыр.Бала кемпірге жақын келіп:
-Шеше, анау жатқан сақамды алып берші!-дейді.
Сонда кемпір:
-Шырағым, өзің түсіп ал.Кәріліктен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, -дейді.
Сонда бала:
-Мен жастықтан түссем міне алмаймын, мінсем түсе алмаймын,-дейді.
Сонда баланың тайы сақаның жанына жата қалады.Бала үзеңгіден аяғын суырмай сақаны іліп алады.Тай тұра қашады.Жалмауыз кемпір қуады.Балакемпірге жеткізбей, қашып құтылады.
Балалар, Неге Кенжебек << алтын сақасын>> жоқтады?
Себебі:ол кішкентайынан сол сақамен ойнады.
Ерназар бай - Дарын, Мыстан кемпір- Інкәр, Кенжебек- Ершат.
Сайысымыздың 2-кезеңінде <<Кім зерек?>>Бұл кезеңде екі топқа сұрақтар қойылады.Біз осы уақытқа дейін алған білімдерімізді көрсетіп,ортаға салайық.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік
Сөз кезегін сайыскерлерге берейік.
Арамызда тапқыр достар көп екен
Солардың енді жауаптарын көрейік.
Дильназ: Әрқашан да білім көптік етпеген
Талапсыз жан мұратына жетпеген
Сәлем бердік ұландарға талапкер
Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен
<<Болашақ>> тобына сұрақтар.
1.Бір өркешті түйе (Нар)
2.Жеті қазынаның бірі, үйді қорып жүретін досы (ит)
3.Мәтіннің неше түрі бар? (3 түрі)
4. Қазақ даласында мектеп ашқан ұлы ағартушы кім? (Ыбырай Алтынсарин)
5.Бір ғасырда неше жыл бар? (100)
6.Киіз үйдің төбесі қалай аталады? (Шаңырақ)
7.Қыс мезгілінің екінші айы (Қаңтар)
8.Рәміздерді ата. (ту, елтанба, әнұран)

<<Бейбітшілік>> тобының сұрақтары
Ершат: Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер.

1.Столдың төрт бұрышы бар.Егер бір бұрышың кесіп тастаса неше бұрыш қалады? (Бес бұрыш)
2.Тоқтар Әубәкіров кім? (ғарышкер)
3. Адамдардың есімдері қандай әріппен жазылады? (Бас әріп).
4.Қазақтың ұлы ақыны (А.Құнанбаев)
5.Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
6.Көкжиектің неше тұсы бар? (төртеу).
7.ҚР-ның Мемлекеттік тілі қай тіл? (қазақ тілі).
8.Қазақстанда неше облыс орталығы бар? (14)

Сайысымыздың 3-кезеңінде мақал-мәтел жалғасын табу.
Ләззат: Халқымыздың бір ойыны <<Алтын сақа>>
Шығады жеңімпазы, жеке дара
Ендеше, бізде ойнап көрейікші
Қандай ойын екен бұл <<Алтын сақа>>
Асық иіріледіОйыншылардың номері анықталады.
Алшы 1 Шік 3
Табан 2 Бүк 4

<<Болашақ>> тобына сұрақтар.
1.Оқу- білім бұлағы, ... (білім - өмір шырағы)
2.Отан... (оттан да ыстық).
3.Отансыз адам- (ормансыз бұлбұл)
4.Күлме досыңа- (келер басыңа)
5. Жүз теңгең болғанша- (100 досың болсың)
6. Досы көпті жау алмайды- (ақылы көпті дау алмайды)
<<Бейбітшілік>> тобының сұрақтары
1.Туған елдей , ел болмас (туған жердей, жер болмас)
2. Еңбектің наны тәтті, (жалқаудың жаны тәтті)
3. Әкеге қарап ұл өсер, (анаға қарап қыз өсер)
4. Жері байдың - (елі бай)
5. Мектеп- кеме, (білім- теңіз)
6.Оқусыз білім жоқ, (білімсіз күнің жоқ)

Сайысымыздың 4 - кезеңі шығармашылық жұмыс.
Бұл кезеңде балалар постермен жұмыс жасайды.Екі топқа өз топтарының аттарына сай суреттермен жұмыс жүргізу.
Дәстүрі қазағымның мол болады,
Әрбір сында әртүрлі жол болады,-деп
Сайысымыздың 5 - кезеңі <<Кім тапқыр?>>
Алтын сақаның сұрақтары.
Өс,ұлан! (Өтебай Тұрманжанов)
Айға аттанам апа! (Шона Смаханұлы)
Білім керек бәріне (Фариза Оңғарсынова)
Ернар: Дүниеде атақты
Ғалым ата не тапты
Бәрін-бәрін білесің
Оқи берсең кітапты
Кітап маған ұнады
Білім өмір шырағы
Санжар: Көкте-күніміз, жерде гүліміз
Кіршіксіз жайнаған
Тәуелсіз елдің ерке ұлымыз.
Қорытынды.Әділ қазыларға сөз беру.
Балалар бүгінгі ойын сендерге ұнады ма? Әр дәйім асықтарың алшысынан түсіп, жолдарын ашық болсың .Өмірде қаққан қанаттарың талмасын.
Ән: <<Ертегілер әлемі>>

Марапаттау.

Ұқсас жұмыстар
Бүгінгі Алтын сақа ойынында Керқұла атты Кендебай ертегісі талданбақ
Алтын сақа елінде
Ұйымдастыру бөлімі Алтын сақа
Ойын әлеміне саяхат
Ауыз әдебиет түрлері
Беласар белесі
Асықтың түрлері
Алтын сақа
Әжесінің жаңадан тапқан әңгімелері
Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері
Пәндер