Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті
Файл қосу
С. Сейфуллиннің Көкшетау поэмасы
Бекітемін:
(оқу ісінің меңгерушісі)
Күні:
Пәні: қазақ әдебиеті
Класы: 11-сынып
Мұғалімі: Сатбаева М. И.
Тақырыбы:
С. Сейфуллиннің <<Көкшетау >> поэмасы.
С. Сейфуллиннің <<Көкшетау >> және Мағжан Жұмабаевтың <<Батыр Баян>> поэмаларындағы Абылай, Адақ, Баян бейнелері.
Жалпы мақсаты
С. Сейфуллиннің <<Көкшетау >> поэмасындағы Абылай, Адақ бейнелерін М. Жұмабаевтың <<Батыр Баян>> поэмасындағы Абылай, Баян бейнелерімен салыстыра талдай отырып, жырлаған тақырыптары үндес екі ақынның поэмаларындағы екі түрлі көзқараста берілген бағаның себебін түсіну, өзіндік баға беру.
Мақсаты
1.Екі ақынның жүрек күйі мен толғанысынан туған тамаша дастандардың көркемдік ерекшелігіне, көтерген проблемалары мен ұшқыр идеяларына назар аудара отырып, екі поэмада да кездесетін образдарға сипаттама беру.
2. Екі ақынның асқақ тұлғалары мен бай шығармашылықтарына деген қызығушылықтары мен сүйіспеншілігін ояту;
3. Оқушьшардың сөйлеу мәдениетінн жетілдіру, топта бірігіп жұмыс жасау, өзгенің пікірін тындап, оған қарсы оралымды, дәлелді пікір айту, зерттеушілікпен айналысу, өзінше ой түю, шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілеттерін арттыру.
Күтілетін нәтиже
- ақпаратты өз бетінше ұғынады және меңгере алады;
- мәтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдысы қалыптасады;
- таным әрекетінде коммуникативтік қатынас жасау шеберлігі қалыптасады;
- проблемаға өз көзқарасы тұрғысынан толғана біледі;
Түйінді идеялар
(кілтті сөздер)
Ұмыту өткен тарихты - болашақ үшін қауіпті.
М. Әлімбаев.
Уақыты
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
5 мин.
Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі.
1. Амандасу. Оқушылармен жылы жүзбен амандасу, түгелдеу.
2. Психологиялық тренинг
<< Мен өзімді кімге (неге) теңеймін?>>
Ақпейілді жүрекпен,
Мейірімді тілекпен.
Шеңберге бәріміз тұрайық,
Өзімізді таныстырайық!
3. Топтарға бөлу.
- Не себепті топтарға Сәкен мен Мағжан суреттері бойынша бөліндік?
Шеңберге тұрып, өздерін кімге
(неге) теңейтіндерін айтады. Мысалы <<Мен өзімді жұлдызға теңеймін, себебі менің есімім Жұлдыз>>.
Қима суреттерді таңдау арқылы екі топқа бөлінеді. Себебін түсіндіреді.
Үш шапалақ
Мадақтау
Қима суреттер:
Сәкен. Мағжан.
5 мин.
Тұсаукесер
Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындау.
1. <<Дөңгелек үстел>> проблемалық сұрағын шешу арқылы сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтайды.
- Мағжан мен Сәкеннің аталған поэмаларын неліктен үндес, сабақтас шығармалар дейміз?
Жауап:
1. - Мағжан да, Сәкен де тарихи тақырыпқа жүгінген;
- қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік заман суреттеледі.
- Абылай бейнесі сомдалған , тұтқын қалмақ қызы және қыз тағдырына ортақтас батырлар образдары
- Екі поэмаға да тиек болған негізгі оқиға сұлу Көкшетауда өтеді. Екі ақын да Көкшенің тамаша келбетін келістіре жырлайды.
Сәкентанушылар мен мағжантанушыларға сұрақ:
Жер жаннаты Көкше көрінісін Сәкен қалай суреттейді, Мағжан қалай суреттейді,? Қандай эпитет, теңеулерді қолданады?
Оқушылар сұраққа өз жауаптарын айтады.
Әр сөйлеуші берілген проблема бойынша өз пікірін, өз ойын бәріне ортақ бір параққа жазады да, келесі сол жағындағы оқушыға жылжытады, ол өз пікірін жазып, көршісіне жылжытады. Жазылған пікірлер бойынша әңгіме нәтижесі түйінделіп, презентация жасалады.
Екі топ кезекпен өз жауаптарын айтады, мәтіннен мысалдар келтіреді.
Топ басшысының бағалауы.
Мадақтау, өзін-өзі бағалау
А-3, маркерлер
Бағдаршам түстері
3 мин.
Сергіту сәті.
Бейнефильм <<Бурабай>>.
Бейнефильм көреді.
Бейнефильм
20 мин.
Негізгі бөлім
Жаңа тақырыппен жұмыс
С. Сейфуллиннің <<Көкшетау >> поэмасындағы Абылай, Адақ бейнелері
-Биыл қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толды. Осы атаулы оқиғаға байланысты бүгінгі сабағымызда қазақ хандығының іргетасының қалануына өз үлесін қосқан қазақтың ұлы ханы Абылай мен қазақ батырлары екі ақынның шығармасында қалай жырланғанын білеміз.
1. Ойкөкпар (дебат- француз тілінен аударғанда - <<талас>>, яғни бір мәселені көпшілік алдында талқылау).
- Өздерің айтқандай, екі шығарманы сабақтастырып тұрған ортақ образдар бар, соларды екі түрлі көзқараста салыстыра отырып, бейнелерін ашсақ деймін. Әр топтың спикерлері өз қарарларымен таныстырсын.
Мағжантанушыларға:
1) Абылай -- ел қорғаны деген қарарларынды дәлелдеңдер. Ол үшін поэмадан Абылай бейнесі суреттелген үзіндіні оқып берсендер.
(Абылай бейнесі оқылады).
2) Сәкен суреттеуінде Абылай ел шапқыш, қанішер деген едіңдер. Оны қалай дәлелдейсіндер? Поэмадан үзінді оқып, дәлелдендер.
Сәкентанушыларға:
1) Бұл дәлелдемеге сәкентанушылар не дейді екен?
2) Сәкен Абылайды шапқыншы етіп көрсетуде, тарихқа жүгінді ме?
3) Осы ойды поэмадан үзінді келтіріп, дәлелдей аласындар ма? (поэмадан үзінді оқылады).
4) Сәкен Абылай бейнесін сомдауда, ұлы тұлғаға кір келтіріп, даттап, айыптап тұр ма?
5) Сәкен Абылайдың тек ұнамсыз қылықтарын ғана көрсетті ме, әлде оны басқа қырынан да танытты ма?
- Екі ақынның тағы бір үндестігі батырлар бейнелерін сомдауы деген едік. Олай болса, Адақ пен Баян бойындағы ұқсастықтар мен қайшылықтар туралы айта кетсек.
Сәкентанушыларға:
1) Сәкен поэмасындағы Адаққа сипаттама беріндер.
2) Адақтың портретімен кім таныстырар екен (үзіңці оқылады).
3) Сәкен Адақты оқушыға тағы да қай қырынан танытты?
4) Сәкеннің Адағы мен Мағжанның Баянында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?
Мағжантанушылар:
1) Осы айтылғандармен келісесіңдер ме?
2) Олай болса, сол пікірмен таныстыра кетсеңдер.
Мағжантанушылардың айғақтарына екінші топ келісесіңдер ме?
3) Біз Баянның батырлығына шек келтірмейміз, бірақ оның туған бауырын, оған қоса сүйген қызын өлтіруін қалай ақтайсыңдар? Баянның Нояңды өлтіруі кек алу емес пе?
Қорытынды сұрақ. Жырлаған тақырыптары үндес екі ақынның поэмаларындағы екі түрлі көзқараста берілген бағаның себебі неде ?
3. Деңгейлік тапсырма.
Абылай хан дүниеден өтер алдында қоштасуға келген Бұқар жырау: <<Хан ием, не арманың бар?>> - деп сұрайды. Хан:
- Үш арманым бар.
Біріншісі, менің елім мал емшегін емген ел еді, аяғына дейін жер емшегін емгізе алмадым.
Екіншісі, менің тұсымда қан көп төгілді. Соған өкінемін. Егер мен жаудың қанын төкпесем, ол менің қанымды төгетін еді.
Үшіншісі, елімде телі мен тентек көп болды, бастарын біріктіру қиынға түсті,- деген екен.
Олай болса, ұлы бабаларымыздың сан ғасырлар бойы армандаған ұлы арманы орындалды ма?
1-жұп Ойтолғау <<Бабалар арман еткен күн>>
2-жұп Топтастыру <<Біз бағындырған белестер>>
3-жұп Мақал-мәтелдер жазу: Ерлік, елдік
Әр топтың спикерлері (топ басшылары) өз қарарларымен (резолюция) таныстырады Сәкентанушылар
Абылай -- аса реалистікпен бейнеленген күрделі образ.
Адақ -- жауына да жақсылық жасаған, кеңпейіл, әділ батыр, ал Баян -- қызғаныштың құлы.
Мағжантанушылар:
Абылай -- ел қорғаны, ал Сәкен суреттеріңде ел шапқыш, қанышер, озбыр хан.
Баян -- алашын ардақтаған батыр, биік адамгершіліктің, ұлы рухтың адамы.
Әр топ өз қарарлары бойынша Абылай хан мен Адақ, Баян бейнелерін қорғайды. Бірінші жақтап пікір айтады, екінші даттап сөйлейді. Мәтіннен үзінділер келтіреді.
Мағжантанушылар: Мағжан - ұлт ақыны. Ұлт хандары мен батырларын дәріптеп, оларды ұлттық деңгейге көтерді.
Сәкентанушылар: Сәкен - кеңес ақыны. Ол өткен тарихты реалистік тұрғыда суреттеді.
Өзін-өзі бағалау
Топ басшысының бағалауы
Слайд
Суреттер: Абылай, Баян
А-3, маркерлер.
5 мин.
Қорытынды
Бейнебаян .
Естай Әликеев <<Абылай хан>> әні.
Бейнебаян көреді, ән тыңдайды.
Бейнебаян.
2 мин.
Үйге тапсырма
1. <<Аққудың айырылуы>> поэмасын оқу.
2. С. Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы өткенді қайталау.
Күнделіктеріне жазып алады
3 мин.
Рефлексия
Кері байланыс. Өзін-өзі бағалату.
Бағдаршам түсімен өздерін бағалап, бағдаршамға жабыстырады
Өзін-өзі бағдаршам түсімен бағалау
Бағдаршам

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz