Қисықсызықты трапецияның ауданын есептеу: 11-сыныпқа арналған сабақ жоспары

Алгебра және анализ бастамалары 11 сынып
- Қисықсызықты трапецияны салуды;
- Алғашқы функцияны табуды;
- Қисықсызықты трапецияның ауданын есептеуді үйрету.
«Миға шабуыл»
ЖИГСО-2 стратегиясы
Топтық жұмыс;
Талантты және дарынды балалармен жұмыс;
Деңгейлік тапсырмалар;
Бекіту сұрақтары.
§2 оқу,
№ 21(4), 22(2), 24 есептер
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
І. «Қызығушылығын ояту» сатысы: Ұйымдастыру. (3 минут)
1. Сыныпты топқа бөлу;
2. Сабақ мақсатымен таныстыру:
- Қисықсызықты трапецияны салуды;
- Алғашқы функцияны табуды;
- Қисықсызықты трапецияның ауданын есептеуді үйрену.
3. Оқушыларға жағымды ахуал туғызу.
4. Бағалау критерийі:
- Қисықсызықты трапецияны салу
- Алғашқы функцияны табу
- Қисықсызықты трапецияның ауданын есептеу
ІІ. «Миға шабуыл» Қайталау сұрақтары: (5 минут)
1. Қисықсызықты трапецияның ауданын табу алгоритмі
2. Қисықсызықты трапецияның ауданын есептеу формуласы
ІІІ. «Мағынаны тану» сатысы: ЖИГСО-2 стратегиясы. (8 минут)
№22 (1) есеп (Жауабы: )
І-топ: Графигін салу
ІІ-топ: Алғашқы функциясын табу
ІІІ-топ: Ауданын есептеу
IV. «Ой қозғау» сатысы: Топтық жұмыс. (8 минут)
І-топ: №21 (1) (Жауабы: )
ІІ-топ: №21 (2) (Жауабы: )
ІІІ-топ: №21 (3) (Жауабы: )
V. Сергіту сәті: «Цифр салу» тренингі (2 минут)
VІ . Деңгейлік тапсырмалар: (8 минут)
В деңгейі - № 24 есеп, С деңгейі - №26 есеп
VІІ. «Ой толғаныс» сатысы: Бекіту сұрақтары (5 минут)
- Қисықсызықты трапецияның ауданын табу алгоритмі қандай?
- Қисықсызықты трапецияның геометрия курсынан белгілі трапециядан қандай айырмашылығы бар?
- Қисықсызықты трапецияның ауданын есептеу формуласы қандай?
VІІІ. Үйге тапсырма: §2 оқу, № 21(4), 22(2), 24 есептер (2 минут)
ІХ. Бағалау: Сабақ барысында оқушылар формативті бағаланады және бағалау бетшесі арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды. (2 минут)
Х. Рефлексия (2 минут)