Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Төрт түлік. есімдік
№4 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қамзанова Бақтыгүл Майжанқызы
№4 жалпы білім беретін орта мектеп.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Семей қаласы. 2011 жыл
(5- сынып )
( қазақ тілі орыс мектебінде )
Төрт түлік. Есімдік.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік : Есімдік және оның түрлерін меңгерту, есім сөздердің орнына
қолданыла алатынын түсіндіру, төрт түлік мал және оның пайдасын білуге
үйрету.
2 Дамытушылық: Сөз байлығын, сөздік қорын байыту, ойлау, байқағыштық
қасиеттерін дамыту, қатесіз, ұқыпты жазуға үйрету.
3 Тәрбиелік : Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін
арттыру, оқуға, білімге, деген қызығушылығын арттыру, ізденімпаздыққа,
әдептілікке, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік ізденіс, деңгейлеп оқыту әдісі, салыстыру,
интерактивті оқыту әдісі.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, үлестірме қима
қағаздар, суреттер, грамматикалық ойындар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті, музыка, бейнелеу өнері,
география.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
1 Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
2 Сабаққа даярлығын қадағалау.
II Өткен сабақ бойынша сұрақ тапсырмалар.
«Ой қозғау стратегиясы»
1 Балалар екі топқа бөлінеді. I- топ «Ойсыл қара тобы», II- топ «Шек-шек
ата» тобы. Интерактивті тақтадан «Бұл не?» жадынамасынан төрт түлік малдың
суреттері көрсетіліп, «Бұл не?», «Мынау не?», «Анау не?» сұрақтары беріліп,
балалар сұраққа жауап береді.
2 Сен төрт түліктің қайсысын жақсы көресің? Ол саған несімен ұнайды? Олар
қандай пайда әкеледі? Неше бас сиыр бар? деген сұрақтарға оқушылар жауап
береді.
Ендеше, бұл сұрақтардағы «Бұл», «анау», «мынау», «неше?», «сен», «ол»,
«олар» деген сөздер «Есімдіктер» - деп аталатынын айтып, олардың есім
сөздердің орнына қолданыла алатыны ескеріледі. Есімдіктің 7 түрі болатыны,
осы сабақта тек 4 түрін ғана өтетінімізді айтамын.
Есімдік
| Жіктеу| Сілтеу| Сұрау| |
|(личные) |(указательные) |(вопросительные) |Өздік |
| | | |(возвратные) |
| | | | |
|Мен «я» |Бұл «этот» |Кім? «кто?» |Өз «свой» |
|Сен «ты» |Сол «тот» |Не? «что?» |Өзім «я сам» |
|Сіз «Вы» |Ол «тот» |Неше ?«сколько?» |Өзі «он сам» |
|Ол «он,она» |Мына «этот» |Қай? «который?» |Өзің «ты сам» |
|Біз «мы» |Мынау «это» |Қалай? «как?» |Өзі «он сам,она |
|Сендер «вы» |Осы «этот» |Қашан? «когда?» |сама» |
|Сіздер «Вы» |Міне «вот» |Қандай? «какой?» |Өзіңіз «Вы сами» |
|Олар «они» |Әне «вон» |Қайда? |Өзіміз «мы сами» |
| |Ана «то» |«где?куда?» | |
| |Анау»тот» | | |
| | | | |
|Кім? |Қай? Қайсы? | |Кім? |
Есімдіктің ережесі айтылып, интерактивті тақтадан сызба арқылы түрлері
дәптерге жазылады.
Грамматикалық ойындар мен деңгейлік тапсырмаларды орындау үшін,
тақтадан қазақ халқының баспанасы болған қазақ үй суреті көрсетіліп, екі
топқа тапсымалар беріледі.
I -тапсырма орындалғанда қазақ үйдің керегесі тұрғызылады.(интерактивті
тақтада)
II- тапсырмада қазақ үйдің сықырлауығы орнатылады.
III- тапсырмада шаңырағы құрылады.
IV- тапсырмада уығы шаншылады.
V- тапсырмада туырлық жабылады.
VI- тапсырмада үзігі жабылады.
VII- тапсырмада түндік жабылады.
VIII- тапсырмада киіз есігі орнатылады.
Әр тапсырма сайын екі топтың жауаптары тыңдалып, ұпай сандары қойылып,
салыстырылады.
Қорытындылау:
1 Есімдіктің түрлері сұралады.
2 Әр топ екі сөйлемнен мысалдар келтіреді.
Үйге тапсырма: ереже жаттау, төрт түліктің аттарын жаттау, өз сөзімен
әңгімелеу.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz