Компьютерлік графика: графикалық ақпараттарды өңдеу және кескін түрлері

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика
Сабақтың мақсаты: Графикалық ақпараттарды өңдеу технологиясын оқушыларға меңгерту.
Сабақтың міндеті:
Білімділігі: Оқушыларды компьютерлік графика түрімен және оның классификациясымен, компьютерде кескіндеу жолдарымен танысады.
Дамытушылығы: Графикалық файлдарды өңдеудің шешілу жолдарын табады
Тәрбиелігі: Оқушылар жаңа ұғымдарды тез қабылдауға, әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиеленеді.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: «Сын тұрғысынан ойлау» жобасы бойынша
Әдіс -тәсілдер: Ішіне-сыртына, негізгі идеяны суреттеу стратегиялары.
Көрнекі құралдар : Слайд-фильм, оқулық, үлестірме тапсырмалар.
Техникалық құрылғы : Проектор, экран, компьютер.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі. Бүгінгі күн. Сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. Журнал толтыру. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттерін, барысын айтып өту.
І. Қызығушылықты ояту: Ішіне сыртына стратегияны пайдалану
Мына сөздердің «Компьютерлік вирустар» деген тақырыпқа қатысы бар деген сөздерді «ішіне», мүлде қатысы жоқ дегендерді «сыртына» жазыңдар: Калькулятор, Файлдық, информатика, мұрағаттау, принтер, желілік қоршау, жүктейтін, амалдық жүйе, макровирустар, бумалар, компьютерлік вирус, декетор, полифагтар, бірпайдаланушы, ревизорлар
ІІ. Мағынаны ажырату: Негізгі идеяны суреттеу
Мұғалімнің әрекеті: Оқушыларды төрт топқа бөледі. Кітаптағы «Компьютерлік графика» деген тақырыпты төртке бөліп таратып беру және әр топ өз ойларын ортаға салып қорғайды.
І- топ Компьютерлік графика
ІІ- топ: Растрлық
ІІІ-топ: Векторлық
ІV-топ: Фракталдық
Оқушының әрекеті: Оқушылар берілген мәтінді оқып, өз ойларын ортаға салады.
Графикалық ақпарат растрлы, векторлы, фрактальды деп үшке бөлінеді.
ІІІ. Ой толғаныс: Тест жұмысы:
- Растрлық кескіндердің базалық элементі . . .
- сызық
- пиксель
- графикалық қолданыстар
- Векторлы кескіндердің базалық элементі . . .
- сызық
- графикалық қолданыстар
- пиксель
- Фракталды кескін деп . . .
- Дәл мозайка сияқты.
- Математикалық есептеулерге негізделген
- Бұл сызықтар мен нүктелер т. с. с
- Пискель деген не?
- Қара-ақ
- Түрлі-түсті
- Монитор экранындағы кескіннің минимал элементі
- Қандай кескін үлкейтіп немесе кішірейткенде өзінің сапасын жоғалпайды:
- Растрлық кескін
- Векторлық кескін
- Фрактальды
- Растрлық кескінмен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар
- CorelDraw
- Fotoshop, Paint
- AntiVirus
Жауап кестесі:
Тест кілті :
IV Сабақты қорытындылау:
V Үйге тапсырма: Оқушыларға §6. 1 56-58 бет. Оқуға
VI Оқушы білімін бағалау