Ұзынкөл орта мектебінің Сыңғырла, соңғы қоңырау: бітіру салтанаты мен мерекелік бағдарлама

«Құлақтан үнің кетпестей,

Сыңғырла, соңғы қоңырау»

Құрметті қонақтар, ұстаздар мен ата-аналар және тәуелсіз еліміздің түлектері!

Жалпы білім беретін Ұзынкөл орта мектебі салтанатты жиынға сап түзеді.

Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,

Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.

Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа

Қош келдің, айналайын, халқым менің!

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.

Жас жүректің өмірлік құштары гүл,

Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

/Музыка әуенімен түлектерді ортаға ізбасарлары 1 сынып оқушылары алып шығады/

20 жылдық түлектерге:

Оның көңілі кеңдігіндей даламның

Мен жансамда ұстазымша жанамын.

Үлкен дейді кейде мені басқалар,

Ұстаздарға бәз баяғы баламын

демекші, осыдан 20 жыл бұрын жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз, бүгінде ойы толып, ер жеткен аға -апаларымыз келіп тұр.

Ендеше, 20 жыл бұрын бітірген түлектерімізді ортаға шақырамыз.

Қарсы алайық!

Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілсін!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны!

20 -20 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған

«Құлақтан үнің кетпестей,

Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймын.

Қазекем қонақ десе көсіледі,

Мұндайда жай түйіні шешіледі.

Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген

Өзімен ала келер несібені.

Салтанатты жиынымызға қатысып отырған қонақтармен таныстырамыз:

1. Аудан әкімшілігі атынан аудандық жер қатынастар бөлімінің

меңгерушісі Түменов Нұрман Әшекенұлы.

2. Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Есенғалиева Меңсұлу

Телағысқызы.

3. Ауыл әкімі Елемесов Нұрпейіс Ғаділұлы.

Биылғы соңғы қоңырау мерекесі тарихи оқиғаларға толы тұста өткелі тұр:

  • Бұл жыл - Астана қаласына 10 жыл толуымен ерекшеленеді.
  • Бұл жыл - Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауы жарияланған жыл.
  • Бұл жыл - жерлес ақынымыз Т. Жароковтың туғанына 100 жыл!
  • Бұл жыл - облыстық газетіміз «Орал өңіріне» 90 жыл толған жыл.
  • Бұл жыл - Х. Есенжановтың туғанына 80 жыл.

Бүгінгі күн - алтын ұя мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентерлік сәт!

Шәкірттерімізге балалықтың базары, білім ордасы болған мектебімен, білім мен тәрбиенің нұрын сепкен ұстаздарымен, сыңғырлаған күміс қоңырау үнімен қошасу бір жағынан қуанышты, екінші жағынан қимастық сезім тудырады.

Ендеше,

Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп басшысы Дишенова Лунаргүл Наурызбайқызына беріледі.

/Үздіктер аталады, /

Бойларыңда от бар екен байқадық,

Жүректерде шоқ бар екен байқады.

Үздіктердің саны жылдап көбейіп,

Дарындылар өсе берсін жайқалып.

Талай шәкірт тәрбиелеген сендердей

Ұстаздарың - атына заты сай халық.

/Үздіктер шеруі жарияланады. Музыка орындалады. /

Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,

Қайрат-күшін қажыта алмас қарсы ағын.

Өмір теңіз толқындарын көргенде

Асыл аға тілегіңді аңсармын.

Бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарына сөз береміз:

1. Құттықтау сөз аудан әкімшілігі атынан аудандық жер қатынастар бөлімінің меңгерушісі Түменов Нұрман Әшекенұлына беріледі. .

2. Құттықтау сөз аудандық білім беру бөлімінің әдіскері

Есенғалиева Меңсұлу Телағысқызына беріледі.

3. Құттықтау сөз ауыл әкімі Елемесов Нұрпейіс Ғаділұлына

беріледі

Аудандық, облыстық байқаулардың жүлдегері мектебіміздің әншісі, Айтымбетов Нұрғисаның орындауында

Ән: Осындай елім бар.

Бала деген бақытты еліменен,

Құдіреттің қолында әлем деген.

Құрметті аға-апалар тілектері,

Жалғассын мұрагерлер сәлемімен.

Мұрагерлер сәлемдемесі:

Мектеп маңы толыпты жарасымға,

Ізгілік те, мейірім бәрі осында.

Өмірге қанат қақты жас өрендер,

Асыл арман гүл атып санасында- деп мектеп түлектері сөз алады.

/Музыка ойналады. /

/11 сыныптар шығады/

/ Мектеп түлектерінің мерекелік бағдарламасы/

Қиындықтар мойытпасын сендерді,

Батылдықпен асыңдар сан белдерді.

Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,

Жақсы ісіңмен қуантыңдар енді елді.

Ұстаздар құттықтауы:

Білімді шәкірттерін аялаған,

Жақсылығын ешкімнен аямаған.

Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың

Ұстаз деген аяулы, ардақты адам.

Өмірде өшпейтін іс балаға берген - білім, мейірім, қамқор пейіл. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрі мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай парызым деп түсінген ұстаздардың бірі мектеп түлектерінің алғашқы білім берген ұстазы Райса Дәукенқызы мен сынып жетекшісі Ержан Сақтағанұлы.

Құттықтау сөз: Айтжанова Райса Дәукенқызына беріледі

Құттықтау сөз : Табылғанов Ержан Сақтағанұлына беріледі.

Алтын ұя, алтын бесік мектебім,

Мәңгі есімде анам болып өткенің.

Парызыңды өтедің сен білемін,

Ал қарызым саған берер көп менің.

Мектебімізді осыдан 20 жыл бұрын бітіріп, бүгінгі қуанышты күні алтын ұясымен, аяулы ұстаздарымен қауышып жатқан түлектер атынан сөз Төлепқалиев ЬБейбіт Маратұлына беріледі.

Қандай ғажап қарашы жан-жағыңа,

Күміс күлкі сыймай тұр, аңғарына.

Ата-анадан бақытты барма екен жан,

Қол жеткізген аңсаған арманына

Келесі құттықтау сөз мектеп түлектерінің ата-аналарының атынан: Арманбектің анасы Гүлбарам апайға беріледі.

Ән: Сенің анаң. орындайтын Айтымбетов Н. Р.

Соңғы қоңырау.

Қымбатты мектеп бітіруші түлектер!

Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын аттағаннан бері 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер.


Ұқсас жұмыстар
№11 Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебінің 2014-2015 оқу жылы соңғы қоңырау салтанаты
Тәжірибе стансасы негізгі мектебінің 2009-2010 оқу жылындағы Сыңғырла, соңғы қоңырау салтанатты жиынының сценарийі
Қашаған Құржыманұлы атындағы №8 орта мектептің 2013-2014 оқу жылы соңғы қоңырау салтанаты сценарийі
2011-2012 оқу жылының Сыңғырла соңғы қоңырау салтанатына арналған сценарий (Жаңашаруа қазақ орта мектебі)
Қарабұлақ орта мектебінің 2012 жылғы Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш тақырыбындағы Алғашқы қоңырау салтанаты жоспары
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы №213 Қыркенсе орта мектебінің 2009 жылғы 25 мамыр Соңғы қоңырау салтанатының сценарийі
№11 Қоскөл орта мектебінің 2013-2014 оқу жылындағы 25 мамыр 2014 ж. өткен соңғы қоңырау салтанатының сценарийі
Тасмола орта жалпы білім беретін мектебінің 2013-2014 оқу жылы соңғы қоңырау салтанатының сценарийі 25 мамыр 2014
25 мамыр 2010 жылғы 2009-2010 оқу жылының Сыңғырла, соңғы қоңырау салтанатты жиынының сценарийі
Тастыөзек орта мектебіндегі бастауыш сыныпты бітіру салтанаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz