Сабақ жоспары :: География

Файл қосу

Су .Судың қасиеті туралы

Сабақтың тақырыбы: Су .Судың қасиеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру. Практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығара білуге үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде баяндауын, түсініп оқуын, ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, жарты шарлар картасы, видео, постермен жұмыс тәжірибеге қажетті заттар.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру, сызба, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.

Сынып оқушыларын топқа бөліп отырғызу. Оқушылар 3 топқа бөліп орналастыру. Сурет қиындыларын қолданамын.
Сурет қиындыларын құрау, артындағы жұмбақтың жауабын табу арқылы топтарға бөлінеді.
І топ. Су. ІІ топ. Бу
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Топпен жұмыс.
Ауа
Ауаның қасиеттері
Ауаның маңызы
І топ. 1. Ауа туралы не білеміз?
ІІ топ. 2. Ауаның қандай қасиеттері бар?
ІІІ топ. 3. Ауаның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай?
ІІ бөлім. Не көрдік? Не білдік?
Бұл бөлімде өткен сабақтарда ауаның қасиеттеріне жасалған тәжірибелерді еске түсіреміз.

ІV бөлім. Ой қорыту.
Негізгі сөз: ауа
Ауаның қасиеттері: мөлдір, түссіз, салмағы жоқ, пішіні иісі жоқ, сығылады, серпіледі, жылы, салқын, ыссы, суық ауалар. Ауасыз от жанбайды.
Ауаның құрамын сұрау. (азот, көмірқышқыл газы, оттегі және басқа газдар)
Ауа - газдардың қоспасы.
Ауаның ластану себептерін анықтау:( түрлі қалдықтар, улы газдар, түтіндер, радиация, ормандағы ағаштарды кесу, орман - тоғайлардың өртенуі т. б)
Таза ауаны сақтап қалу үщін не істеу керек?
3 топтан бір - бір оқушы өз ойларын ортаға салады.
Жаңа сабақ:
Қызығушылықты ояту:Жұмбақтар шешу.
Су туралы жұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу.
1. Аяғы жоқ жорғалайды, жүреді,
Аузы да жоқ сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ
Айтыңдаршы осыны кім біледі? (су)
Су туралы түсіндіру, әңгімелеу.
Жарты шарлар картасымен жұмыс.
Картада су көк түспен белгіленген. Су жердің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Су тіршілік көзі. Ол сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды. Аспаннан жаңбыр түрінде түседі. Күн суытқанда су қатып мұзға айналады. Мұз бен қар - судың қатты күйі.
Дымқыл шүберекпен үстел үстін сүртсек, бірнеше минуттардан кейін ол кеуіп қалады. Оның бетіндегі су буға айналып ұшып кетеді.
Бу - мөлдір, түссіз газ. Бу - судың газ түріндегі күйі. Судың өзіне тән қасиеттері болады. Судың тағы бір кереметі ол жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі.
(интерактивті тақтадан бейне материал).

2.Мәтінді оқи отырып тәжірибелік жұмыс орындау.
І-тапсырма
І топ. 1- тәжірибе.
ІІ топ. 2- тәжірибе.
ІІІ топ. 3- тәжірибе.
1-топ.
Судың түссіз екенін дәлелде.
1.Шыны ыдысқа сүт,екінші ыдысқа су құйып салыстыру.Сүт-ақ,су-түссіз.

2-топ.
2.Екі стаканның біреуіне сүт,біреуіне су құйып олардың ішіне қасық салып, судың мөлдір екенін дәлелдеу. Қайсысындағы қасық анық көрінеді.Неге?
3-топ.
1. Бірнеше ыдыс қойып ,оларға су құйып судың тұрақты пішіні болмайтынын дәлелдеу.
2.Суды кез келген жерге құю.Ол жан-жағына ағады,себебі ол сұйық.Кесеге, шыныға, сатаканға су құю. Ыдыстардағы судың пішініне назарларын аударту. - Су қандай пішінге ие болды? Әрбір құйылған ыдыстың дәл өзіндей емес пе? Олай болса, суда тұрақты пішін болмайды. Ол құйылған ыдыстың пішінін алады екен. Суды кез - келген беті тегіс нәрсеге құйып, (ол жан - жағына аға бастайды) судың сұйық екенін түсіндіру.
1. Судың нақты пішіні болмайды.
2. Судың түсі жоқ. Ол түссіз.
3. Су - мөлдір.
4. Судың дәмі жоқ.
5. Судың иісі жоқ.
6. Су сұйық. Ол ағады.
Сергіту сәті: <<Кім көп біледі?>> ойыны.
Бұл ойында оқушылар мақал-мәтелдердә, тыйым сөздердің орнын табу керек.
1...... да сұрауы бар.
2...... жер - нулы жер.
3.Сағадағы ..... ішеді, жағадағы у ішеді.
..... тіршіліктің көзі.
4. ..... тіршілік мекені.
5. .... жүрген жер береке, ел жүрген жер мереке.
6. ..... түкірме.
7. ..... көрсең көзін аш.
8. ..... өмір жоқ.
9. Кірдің ..... басуға болмайды.
11.Түнде ..... барма.
12..... өмір тұссыз аспанмен тең.
ІІ-тапсырма
1-топ
Су туралы мақал-мәтел жазу.
2-топ.
Судың қасиеттерін жазу.
3-топ.
Су тіршіліктің-көзі тақырыбында шағын эссе жазу
Қорытынды. <<Қадам бас>> ойыны. Сұрақтарға жауап беру
1-қадам. Адам тіршілігіне қажетті жағдайларды ата.
2-қадам. Судың неше күйі бар?
3-қадам. Судың қасиеттерін ата.
4-қадам. Адам сусыз неше күнге шыдай алады?
5-қадам. Жер бетінің неше бөлігін су алып жатыр?
Бағалау парақшасы арқылы топты бағалау.
Үй тапсырмасы:
<<Су.Судың қасиеті >>тақырыбын оқу,
<<Су- тіршілік көзі >>тақырыбында сурет салу
Су қайнағанда неге азаяды?

Сабақты талдауы

Мұғалім: Ишамбаева Асылзат Қадыржанқызы
Сынып: 2<<А>>
1.Сыныпқа мінездеме, оның оқуға деген мүмкіндіктері
2<<А>> сыныбында 22 оқушы бар .Оның ішіндегі 8-і қыз бала,14-і ұл бала. Сыныптан тыс сағатына оқушылардың барлығы толық қатысты.
2.Сабақтың тақырыбы: Су .Судың қасиеті
3.Сабақтың тақырыбы:
Білімділігі: Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру. Практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығара білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде баяндауын, түсініп оқуын, ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
(білімділік,дамытушылық,тәрбиелік)?
4.Сабақтың тиімділігін негіздеу.
Сабақтың құрылымы балалардың жас ерекшелігіне сай құрылды.
Шығармашылық ойлауды дамыту әдістері қолданылды . Оқушыларға сабақ үстінде өзіндік шығармашылықпен оқу іс-әрекетін ұйымдастыра білу қажет және оқытудың <<жаңа >> әдісін қолдана отырып меңгерілу үрдісіне бақылау жасау, ерекше қарым - қатынасты ұйымдастыра отырып көптеген әдістемелік амалдарды қолдана отырып жүзеге асыру қажет.
Балалардың жұмыс қабілеттері және сабақтағы психологиялық жағдайының дамытылуы. Оқу бөлмесін алдын-ала дайындалып қойылды.Оқу бөлмесі талапқа сай, интерактивті тақтамен жұмыс жүргізілді.
Балалардың жұмыс қабілеттері және сабақтағы психологиялық адамгершілік
жағдайының дамтылуы. Балалардың сабақ кезінде берілген тапсырмалар.
бойынша жұмыс қабілеттері өте жақсы болды.
5.Жоспар түгелдей орындалды ма?сынып сағттының жоспары толық орындалды.

Сыныптан тыс іс-шараның талдауы

Мұғалім: Ишамбаева Асылзат Қадыржанқызы
Сынып: 2<<А>>
1.Сыныпқа мінездеме, оның оқуға деген мүмкіндіктері
2<<А>> сыныбында 22 оқушы бар .Оның ішіндегі 8-і қыз бала,14-і ұл бала. Сыныптан тыс сағатына оқушылардың барлығы толық қатысты.
2.Сыныптан тыс сағатының тақырыбы <<Жарақаттын алдын алу!>>
3.Сыныптан тыс сағатта қандай мақсаттар қойылды (білімділік,дамытушылық,тәрбиелік)? 2. Салауатты Өмір Салтын Қалыптастыру орталығының қызметкерлерімен кездесу;
3. Оқушыларға денсаулықтың ең басты байлық екенін ұғындыру, тазалық, жеке бас гигиенасы туралы пайдалы кеңестер беру;
4.Сыныптан тыс сағатының тиімділігін негіздеу
Сыныптан тыс сағатының құрылымы балалардың жас ерекшелігіне сай құрылды.
Шығармашылық ойлауды дамыту түсіндіру сұрақ - жауап әдістері қолданылды .
5. Балалардың жұмыс қабілеттері және сабақтағы психологиялық жағдайының дамытылуы: Оқу бөлмесін алдын-ала дайындалып қойылды.Оқу бөлмесі талапқа сай, интерактивті тақтамен жұмыс жүргізілді.
Балалардың сынып сағаты кезінде жақсы қатысты.
6.Жоспар түгелдей орындалды ма?сынып сағттының жоспары толық орындалды.

Ұқсас жұмыстар
Cу. судың қасиеті
Су. судың қасиеті дүниетану 2-сынып
Су - таңғажайып зат. сабақ жоспары
Ауаның негізгі қасиеттерін айтыңдар
Тақырыпты дамыту сабағы
Судың құрамы
Су - еріткіш. судың маңызы. дүниетану 2 сынып
Тірі табиғат
Су - тіршілік нәрі жайлы ақпарат
Су - тіршілік көзі жайлы ақпарат
Пәндер