Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ұлттық киімдер. Тымақ тігу

Ашық сабақ Еңбекке баулу
4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдер. Тымақ тігу
.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға ұлттық киімдер жайлы түсінік беру. Ұлттық
киімдердің ерекшелігімен таныстыру. Тымақты тігудің әдіс-тәсілімен
таныстыру.
ә) Тәрбиелік: Ұлттық киімдерді атау және олардың ерекшелігі жайлы айта
отырып, оқушыларды ұлттық салт-дәстүрді сақтай білуге тәрбиелеу. Тымақ
тігуді үйрету арқылы іскерлікке, шеберлікке баулу.
б) Дамытушылық: Сабақта суретпен, матамен жұмыс істеу арқылы оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын, есте сақтау қабілетін арттыру. Ойын, қиялын
дамыту.
Сабақ типі: Жаңа сабақ.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, сарамандақ жұмыс, сұрақ-жауап, ой қозғау, жазба
жұмыстары.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі, бейнелеу өнері.
Сабақ көрнекілігі: Оқулық, суреттер, бұйымдар, сөзжұмбақ.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. «Еңбек» өлеңін хормен айту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
«Кел ойнайық»ойыны. Ойынның шарты: Жұмбақтар шешу арқылы киіз үй
бөліктерін атау.
ІІІ. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру.
Сөзжұмбақ шешу. «Тымақ».

|т |а |қ |и |я | |
|қ |ы |р |м |ы |з |
|қ |а |м |з |о |л |

1. Барқыттан немесе қамқадан тігілетін бас киім. (тақия)
2. Бағалы мата түрі. (қырмызы)
3. Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі. (кимешек)
4. Жұқа ақ киізден тігілетін бас киім. (қалпақ)
5. Көйлек сыртынан киетін қазақ әйелдерінің ұлттық киімі. (қамзол).

ІҮ. Жаңа сабақ.

Халқымыздың ұлттық киім үлгілері өте көп. Олар өзінің көз тартарлық
әсемдігімен, ою-өрнегімен, сәнділігімен осы күнге дейін жоғары бағаланып,
қадір-қасиеттерін жоймай келеді. Олардың кейбіреулерін күнделікті киіп
жүрсе, енді біреулерін мереке-мейрамдарда, ойын-сауық, той думандарда
киеді.
Ертедегі адамдардың киім-кешектері көбіне мал терісінен және қымбат,
бағалы маталардан тігілген. Сонымен қатар ер адамдар мен әйел адамдардың
бас киімдері де сәнділігімен, ерекшелігімен көз тартарлық етіп тігіп
отырған. Солардың бірі-тымақ. Тымақты қыс мезгілінде киеді. Суық күндерде
киетіндіктен, оны құндыз, суыр, түлкі, қасқыр және қозы, құлын, лақ
елтірісінен тігеді. Тымақтың басқа ерлер бас киімінен ерекшелігі - ол төбе,
маңдай, екі құлағы және артқы етегінен тұрады.Тымақтың төбесі үшкіл, төрт
немесе алты сайдан , ал етек жағы тік төртбұрыш немесе алты бұрыш болып
келеді.
Тымақтың іші терімен, сырты дүрия, пүліш, барқытпен тысталады.
Бүгінгі сабақта біз тымақ тігуді үйренеміз. Ол үшін бізге қатты қағаз, бор,
түсті мата, жасанды тері, қайшы, ине, жіп, сызғыш, қарындаш, бор керек.
Сарамандақ жұмыс.
Оқушылар нұсқау карта бойынша жұмыс жасайды.

|Жұмыстың орындалу реті |Керекті заттар |
|Тымақтың негізгі бөлігінің төбесіне |Қатырма қағаз, түйреуіш, мата, |
|биіктігі 15 см, ені 9 см өлшемде |сызғыш. |
|қатырма қағаздан қалып үлгі дайындап| |
|алып (басы үшкілденіп келеді), | |
|матаның бетіне қойып түйреу | |
|(1-сурет), | |
|Айналасын бормен сызу (2-сурет). | |
|Қалып үлгіні мата бетіне қойып, төрт|Қайшы, бор, мата. |
|мата бөлігін қиып алу (3-сурет) | |
|Тымақтың маңдайын жасау үшін |Сызғыш, бор, қайшы, мата. |
|биіктігі 4 см, ені 9 см болатын | |
|қалып үлгіні пайдаланып, матадан бір| |
|бөлік қиып алу. | |
|Тымақтың құлағы мен артқы етегін |Қатырма қағаз, түйреуіш, мата, |
|пішу үшін ұзындығы 27 см, биіктігі 8|сызғыш, бор. |
|см, етегі доғалдау келген қалып | |
|үлгіні мата бетіне қоямыз да, | |
|жан-жағын сызып, қиямыз.(4- сурет) | |
|Дайын болған тымақ төбесінің |Ине, жіп, қайшы, мата. |
|бөліктерін теріс бетінен бір-біріне | |
|біріктіріп, көктеп тігу. | |
|Тымақтың етегі мен маңдайын төбесіне|Жасанды тері, ине, жіп. |
|жалғап тігу.Жасанды терімен маңдайын| |
|әшекейлеу, көркемдеу. | |
|Бауын таспадан дайындап, екі жақ |Таспа, ине, жіп. |
|құлағына тігу. | |

Сергіту сәті.
1.Жұмбақтар шешу.
1. Іші-егі,
Сырты-тегіс. (тон)

2. Ортасы күмбез,
Іргесі тегіс-ті.
Күннен қорғайды,
Шыңдағы егісті. ( қалпақ)

3. Дорбаға тығып бас бағын,
Байлай салдым қос жағын. (тымақ)

4. Адамның сәні,
Онсыз жоқ мәні. (киім)
5. Әжеме өң берген,
Жиегін көмкерген.
Етегі желкендей,
Киім еді ол нендей. (кимешек)

2.Топтастыру.

Қорытындылау.
1. Сабақта қандай бұйымдар дайындадық?
2. Тымақ қалай дайындалады?
3. Қандай тігіс түрлерін пайдаландық?
4. Тымақты қай кезде киеді?
5. Тымақ бөліктерін ата.

Үйге тапсырма беру.
Жұмысты аяқтап келу.
Бағалау.

-----------------------
Әйелдердің ұлттық киімі

Ерлердің ұлттық киімі

Ұқсас жұмыстар
Сәукеле тігу. Ұлттық бас киім түрлерімен таныстыру
Бас киімдер.Сарамандық жұмыс Қасаба тігу
Сәукеле тігу
Қазақ әйелінің ұлттық киімі
Әйелдің сырт киімі
Тері өңдеу өнері
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер, 7 сынып (сабақ жоспары)
Тақырып Қазақтың ұлттық киімдері
Қазақ халқының ұлттық киімдері
Пәндер