Сабақ жоспары: Жеміс бағында - қоршаған ортаны қорғау және денсаулықты тәрбиелеу

Сабақтың тақырыбы: Жеміс бағында.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлестігін сәйкестендіру, табиғат- тіршілік көзі екенін, оны қорғау туралы мағлумат беру, экологиялық, эстетикалық тәрбие қалыптастыру.

Көрнекілігі:суреттер, кеспе қағаздар,

Сабақтың әдісі:түсінік, сұрақ-жауап,

Сабақтың түрі:топтық жұмыс

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі:

Жаңа сабақ: Жеміс бағында.

Бүгін балалар біз сіздермен жеміс бағына барамыз. Алайда біз баратын бақ сіздер ойлағандай құстары сайраған, қалың жапырақты, сырғыған жемісі бар, иісі мұрын жарар әсем емес, керісінше, құс атаулы ұшпайтын, жемісі атымен жоқ, жапырақтары түсіп қалған, ал ағаштары қураудың сәл алдында тұрған өте аянышты халдегі бақ. Біз бұл баққа көмекке барамыз. Біздің баққа берер көмегіміз, бұл біздің ақыл-ойымыздың арқасында берілген сұрақтарға дұрыс және тиянақты жауап беруіміз болып табылады.

Бұл үшін мен сіздерді үш топқа бөліп алдым. Әрбір топтың дұрыс жауабы баққа бір өзгешелік енгізеді. Бұл өзгешелік дегеніміз, жапырақтар өседі, жемістер пайда болады, гүлдер өседі, көбелектер, құстар ұшады, күн шығады. Олай болса көмекті бастайық.

1-кезең . «Жүйрік болсаң, шауып көр».

Кемпірқосақтың жеті түрі сияқты әр топқа жеті сұрақ беріледі.

1-топқа сұрақтар:

1. Тері қандай қызмет атқарады? Қорғаныш

2. Адамда неше жұп қабырға болады? 12 жұп

3. Құлақ қандай мүше? Есту мүшесі

4. Тәжірибе не үшін жасалады? Бір заттан екіншісін айыру үшін.

5. Табиғат құбылыстарын ата. Жаңбыр, самал, боран, қар.

6. Су қандай күйде кездеседі?Қатты, сұйық, газ.

7. Аяқ сүйектерін ата. Ортан жілік, асық жілік, кәрі жілік.

2-топқа сұрақтар:

1. Адам денесінің тірегі не? Қаңқа

2. Адамда неше жұп тіс болады? 32 жұп тіс

3. Көз қандай мүше? Көру мүшесі.

4. Термометр қандай құрал?Ауа райын өлшейді.

5. Ауа қандай зат?Түссіз, газ, мөлдір

6. Ішкі мүшелерді ата. Ми, жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, ішек, қарын.

7. Ас қорыту мүшесі не?Асқазан

3-топқа сұрақтар:

1. Адам денесінің моторы не? Жүрек

2. Сезім мүшелеріне нелер жатады? Мұрын, құлақ, көз, тіл, тері.

3. Тіл қандай мүше? Дәм сезу мүшесі

4. Орман дәрігері не?Тоқылдақ

5. Көне тарихи ескерткіш не?Алтын Адам

6. Адам денесін қимыл-қозғалысқа келтіретін не?Бұлшық ет

7. Көктем сайын мүйізін жоғалтатын не?Бұғы.

2-кезең . «Мықты болсаң, тауып көр»

1-топқа:

1. Іздеген мұратына жетер(жалқаудың өмірі босқа өтер)

2. Ағаш ексең аялап, (басыңда болар сая бақ)

3. Ақыл дария, алсаң да таусылмайды,

(жер қазына, сатсаң да таусылмайды)

4. Өнерлінің қолы алтын(өлеңшінің сөзі алтын)

5. Бабасы еккенді(баласы орады)

2-топқа:

1. Алтын болмаса, зергер қор болады,

(жер болмаса, диқан қор болады)

2. Көлдің көркі құрақ, (таудың көркі бұлақ)

3. Құстың жайын салған білер, (құдық жайын қазған білер)

4. Ағаш жапырағымен көрікті«жер топырағымен көрікті)

5. Өнерлі бала елдің көркі, (үкілі қамыс көлдің көркі)

3-топқа:

1. Өсер жастың алдын кеспе(өсер ағаштың бұтағын кеспе)

2. Жаздың бір күні(қыстың мың күнін асырайды)

3. Сабағы жаман жемістің(дәні де жаман)

4. Туған жердей жер болмас(туған елдей ел болмас)

5. Туған жердің күні де ыстық(түні де ыстық)

3-кезең.

Шешен 1-топқа:

өсеміз.

пісеміз.

түсеміз.

2-топқа:

қызыл, сарымын.

көп бала

баршаға.

3-топқа:

қабаққа.

ағашта

сабаққа.

4-кезең.

«Қаншалықты білемін?»

Кімнің өлеңінен үзінді:

1. Балалар, оқуға бар, жатпа қарап,

Жуынып, киініңдер шапшаңырақ.

Шақырды тауық мана, әлдеқашан,

Қарап тұр терезеден күн жылтырап. (Ахмет Байтұрсынұлы. Оқуға шақыру)

2. Өнер, білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды. (Ыбырай Алтынсарин. Өнер, білім бар жұрттар)

3. Болмасаң да ұссап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз. (Абай Құнанбаев. Адам болам десеңіз)

4. Мынау менің сезгенім,

Ол-сыныптың анасы.

Өзінің де өзгенің,

Баласы оның баласы. (Қадыр Мырза Әли. Мұғалима)

5. Адамдық борышың,

Халқыңа еңбек қыл.

Ақжолдан айнымай,

Ар сақта, оны біл. (Шәкәрім Құдайбердіұлы)

6. Бақытым бар үшінші-Отан деген,

Кім мықты ?-десе біреу, -Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба ?

Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен. (Мұқағали Мақатаев. Үш бақытым)

7. Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар. (Диқан Әбілов. Туған тілім)

8. Әр адамда өз анасынан басқа да,

Ғұмырына етер мәңгі астана.

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқадан,

Болу керек құдіретті төрт ана: (Мұхтар Шаханов. Төрт ана)

9. Жаздыгүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек,

Ұзарып өсіп толғанда

Күркіреп жатқан өзенге


Ұқсас жұмыстар
Табиғатым - тағдырым: экологиялық тәрбие мен қоршаған ортаны қорғау
Кеңқияқ ауылының табиғаты және қоршаған ортаны қорғау
Ауа және оның қасиеттері: тіршілікке маңызы мен қоршаған ортаны қорғау
4-сынып қазақ тілі сабағы: Қоршаған ортаны қорғау және етістіктің жіктелуі
9-сыныпқа арналған кіріктірілген сабақ: Коррозия және қоршаған ортаны қорғау (химия және ағылшын тілі)
Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары: қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық тәрбие
Ана тілі, 3-сынып: Қанағат қарын тойғызар, Қасқыр қысты қалай өткізеді, Жеміс бағында тақырыптары бойынша сабақ жоспарлары
Табиғатты аялау: экологиялық тәрбие және қоршаған ортаны сақтау
Экологияның негізгі заңдары мен қағидалары: қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері
5 сынып жаратылыстану: Табиғи қоршаған ортаны оқытуға арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz