Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің кітапханасында Бір ел-бір кітап акциясы аясында Фариза Оңғарсынованың Жыр әлеміне саяхат атты кітап көрмесі

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің кітапханасында «Бір ел-бір
кітап» акциясы аясында Фариза Оңғарсынованың «Жыр әлеміне саяхат» атты
кітап көрмесі
«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта
мектебінің кітапханасында Фариза Оңғарсынованың «Жыр әлеміне саяхат»
тақырыбында кітап көрмесі өткізілді.
Кітап көрмесінің мақсаты: Фариза апамыздың өлең жырларын насихаттау
барысында, оқушылардың есінде қаларлық дүние болсын деген мақсатпен
ұйымдастыру. Атыраудың ақын қызы Фариза Оңғарсынова өмірі мен
шығармашылығымен таныстырып, оқушылардың поэзияға деген кызығушылыктарын
арттыру, акыннын ipілігі мен парасаттылығын түсіндіру.
Көрнекілігі: ақын туралы слайд шоу, арнайы буклет, ақын шығармаларының
жинағы, бейне материалдар.

Кітап көрмесінің 4 кезеңнен тұрады.
1. Елiгi еркін даланың (акын өмірбаянымен таныстыру)
2. «Поэзия падишасы» (Фариза апамыздың өлеңдерін оқушылар жатқа айтуы)
3. Ақын арманы алға жетелейді (ақынның шығармашылығы)
4. «Фариза» деп жырлайды жүрегіміз (сұрақ-жауап)
Құрметті: Ұстаздар мен оқушылар!
Бүгін сіздер  60-ыншы жылдары әдебиет әлемінің айшықты жанры – поэзияда
адуынды жырларымен көпшілікті елең еткізген ақынның бірі Фариза
Оңғарсынованың жыр әлеміне саяхат» тақырыбындағы кітап көрмесіне қош
келдіңіздер.

Кітап көрмесінің кезеңдері бойынша: Оқушыларға «Елiгi еркін даланың»
тақырыбында акын өмірбаяны таныстырылды. Өмірі мен шығармалары туралы
слайд шоу арқылы, оқушыларға көптеген мәліметтер берілді. «Поэзия падишасы»
кезеңінде Фариза апамыздың өлеңдерін оқушылар жатқа айтып, ол кісінің
өлеңдерінен адалдық пен парасаттылықты, төзімділік пен шыдамдылықтың
негізін қалаушы екенін түсіне білді. Сонымен қатар «Ақын арманы алға
жетелейді» кезеңінде оқушыларға бейне матариалдар көрсетіліп, Фариза
апамыздың жырларына ұлы ақын-жазушыларымыз баға бергені көрсетілді. «Фариза
деп жырлайды жүрегіміз» деген кезеңінде оқушыларға сұрақ-жауап арқылы
бүгінгі кітап көрмесіне өзіне не алғанын, не түйгені туралы өз ойларын
ортаға салды.

Фариза апамыздың сөзіне жазылған өлеңдері тыңдалды. «Әке», «Қыз
сыры», «Анама» тақырыбындағы өлеңдер тыңдалып оқушыларды поэзия әлеміне
қалықтатты. Сонымен қатар Фариза ақын өлеңінде адамдардың қоғамдағы орны,
борыш пен парыз, жақсылық пен жамандықтың күресі сияқты келелі мәселелерге
өз көзқарасын білдіреді. Оның «Адам деген – уақыттың сыңары, заманының
ұланы, шырқап салар жыр-әні, көкке өрлетсе – қыраны, аяласа – ну бағы, жер
салса – тулағы. Заманының да ұлы емес, уақытың да түк емес! Адамдарды өмір
сыны жеңбесе, тіршіліктің екпініне ермесе» деген жолдарында осындай келелі
ой, қоғам алдындағы борышты сезунішілік жатыр. Сондықтан да адамдар,  ақын 
түсінігінше «Өзіңе берілген өлшеулі өмір ішінде бір-біріне жақсылық жасай
білуі керек», - дейді.

Оқушыларға кітап көрмесінде қойылған әрбір кітаптарды насихаттап, шолу
жасадым. Ол кітаптардың балаға не беретіні, өлең жырлардан не ұққандары
туралы айтылды. Сонымен қатар кітап көрмесінің қонақтарына сөз берілді.
Мектебіміздің оқу ісінің орынбасары Тулегенова Калия Қадырқызы мен қазақ
тілі мен әдебиетінің мұғалімі Садвакасова Гүлбану Сламяқызы оқушыларға
Фаиза апамыздың поэзия жыр әлемінде зіндік ерекше рны бар ақын екеніні атап
өтті. Сонымен қатар оқушыларға ақынның кітаптаын алып оқу керек екенін атап
өтті.

Корытынды: Қазақ поэзиясы биік шыңдарға жалғасып келеді. Мұқағалидың,
Жұмекеннің, Төлегеннің, Фаризаның, т.б. жүрек сазымен жазылған қазақтың
жиырмасыншы ғасырдағы поэзиясы - өлмейтін поэзия.
Көрнекті жазушы Әкім Тарази сөзімен «Ұлы Адам, үлкен адам еш уақытта
мен ұлылыққа қызмет етіп жүрмін деп ойламайды. Ол өзімен-өзі алысып әуре.
Өзінен-өзі күнде  жеңіліп қиналады. Өзінен-өзі күнде жеңіп қуанады. Фариза
да сол адамдардьң қатарында. Фариза әлі де алыс-алыс замандарда өлмeйтiн,
биік тұғырлы шығармалар бар ақын деп корытындылаймын.

Есенгулова Т.С.

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы
Қима орта мектебінің кітапханашысы.

Ұқсас жұмыстар
Жыр-менің жалғыз тарланым жайлы ақпарат
«жанға жақын фаризаның жырлары» атты мәнерлеп оқу сайысы 3-4 сынып оқушылары арасында
«қайдасың, қасқа құлыным» атты оқырмандар конференциясы
Кітап ханшайымы
Фариза оңғарсынова «оюлар»
Ф.оңғарсынованың «өлең, мен сені аялап өтем!» атты мәнерлеп оқу сайысы
Фариза Оңғарсынова Оюлар өлеңі
Тақырып Ертегілер әлеміне саяхат
Шағын жанрды шығармаға сыйдырған талант - с.мұратбеков
«фариза – поэзия падишасы» 7 сыныптар арасында өткізілген мәнерлеп оқу сайысы
Пәндер