Сабақ жоспары :: Технология

Файл қосу

Жүн және жібек маталар туралы түсінік


Сабақтың мақсаты: Жүн және жібек маталар туралы түсінік

а) білімділігі : оқушыларға мата түрлерінің
құрылымдық
ерекшеліктерін,
негізгі қасиеттерін, мата
атауларының
мағынасын, тоқылу, өңдеу
әдістерін түсіндіру.
ә) дамытушылығы : оқушылардың танымдық деңгейлерін

кеңейту, ойлау
қабілеттерін дамыту, мата
түрлерін ажырата
білуге дағдыландыру,
іскерлік дағдыларын
дамыту.
б) тәрбиелілігі : оқушыларды білімділікке,
ізденімпаздыққа,
ұқыптылыққа,
адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : ауызша баяндау, сын тұрғысынан ойлау

стратегиялары

Көрнекіліктері : « Мата түрлері » - бетшесі, «Мата
құрылым-
дарын салыстыру » -
кестесі, « Матаның
қасиеттері», «Мата
атаулары» - бетшелері,
интерактивті тақта

Әдебиеттер : «Технология 6 » - оқулығы

І. Ұйымдастыру.
ІІ. Сабақтың құрылысы :
Жүн және жібек маталарының сыртқы құрылымы
Алғашқы өңдеу жұмыстары
Қасиеттері
Қызығушылығын ояту.
1. Мата неден тоқылады ?
2. Талшықтар қандай түрлерге бөлінеді ?
3. Талшық түрлерінен қандай маталар тоқылады ?
4. Мата бойындағы талшықтар қалай орналасады ?
5. Талшықтардан жіп дайындау жұмысы қалай аталады ?
6. Тігіс дегеніміз не ?
7. Матаның жиегі деп нені айтамыз?
8. Еліміздегі мақта өсірілетін аймақ.

Гүлдері бар құлпырған,
Кең жазықтан аумайды.
Оған әркім ұмтылған,
Киер киім оңтайлы.
Бұл не ? (мата)
Мағынаны түсіну
Талшықтар

табиғи
жасанды

өсімдік тектес жануар тектес

мақта және зығыр маталар жүн және жібек маталар

түйе,қой,ешкі жүнінен алынады жібек құртынан алынады

Жүн маталарын дайындау үшін алдымен өңдеу жұмыстарын орындайды.

Жүнді алғашқы өңдеу

талшықтарды сапасы бойынша іріктеу

тазалау

түту

арнайы сабынмен жуу

кептіру

иіру

мата тоқу

Жүн және жібек маталар
Табиғи жібек-өте жіңішке, нәзік жіп. Оны тұт жібек құртының қуыр-
шағынан алады. Бұл тәсіл тоқыма өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.
Қуыршақтағы жібек жібінің ұзындығы 700-800 метрге дейін жетеді. Жіп өте
жіңішке болғандықтан,біремес, бірнеше қуыршақтың жібін біріктіреді. Ондай
жіпті жібек шикізаты деп атайды.
Жібекті алғашқы өңдеу жұмыстары былайша орындалады: жібекті тасымалдау
және сақтау алдында өңдеу – жібекті бумен өңдеу және ыстық ауамен кептіру,
жібек шикізатын алу – қуыршақты бумен өңдеу және бірнеше қуыршақтан жібек
жібін жинау. Бұл операциялар жібек орау фабрикасында орындалады.
Талшықтардан жіп иіреді, одан мата тоқылады.
Мата түрлері неліктен қыртыстанады, қысқарады,созылады т.б.өзгерістерге
ұшырайды ?
Талшықтардың құрамы.
Матаның сапасы көбінесе талшықтардың құрамына байланысты.

Ұзын және жіңішке талшықтардан жіңішке,мықты, біркелкі жіп алынады.
Мұндай жіптен тоқылған мата жұқа,берік,тегіс,жұмсақ болып келеді.
Ирек талшықтар жақсы жылу сақтағыштығымен ерекшеленеді. Мұндай
талшықтан тоқылған маталарды қысқы киім тігу үшін қолданады.
Жүн және жібек талшықтарын салыстыру

|Талшықтардың құрамы мен |Талшық атаулары |
|сыртқы көрінісі | |
| |жүн |жібек |
|Түсі |ақ,қара,сары және басқа|ақ |
| |табиғи түстер | |
|Жылтырлығы |қатты |онша қатты емес |
|Ұзындығы |10-250 мм |700-800 мм |
|Жуандығы |жуан талшықты |өте жіңішке |
| | |талшықты |
|Иректігі |өте ирек |түзу |
|Жұмсақтығы |орташа |жоғары |
|Тегістігі |үлпілдек |тегіс |
|Беріктігі |мақтадан төмен |жоғары |
|серпімділігі |жоғары |орташа |

Матаның құрамы, қасиетері талшықтарының құрылысына, жіптердің
айқасуына түсіне,тоқылу ерекшеліктеріне байланысты. Матаның негізгі
қасиеттері физика-механикалық, технологиялық,гигиеналық қасиеттері
арқылы сипатталады.

қыртыстануы
сетінегіштігі
мықтылығы төзімділігі қысқаруы
ыдырауы

физ.-мех.қасиеті
технологиялық

жіптердің
жіптің
жіптің тоқылуы талшықтың айқасуы
пішінінің серпімділігі
иірілуі сапасы
өзгеруі

жылу ылғал
сақтағыштығы өткізгіштігі

гигиеналық

матаның тегістігі ауа

тығыздығы
өткізгіштігі

Ылғал өткізгіштік – матаның қоршаған ортадағы ылғалды өткізу қасиеті
.
Жылу сақтағыштық – тұрақты жылуды сақтау қасиеті.
Матаның қысқаруы – ылғалды-жылумен өңдеу кезінде мата өлшемінің
өзгеруі.
Матаның сетінеуі мен жіптің ыдырауы – жіптің серпімділігі мен тегістігі-

нің,
айқасуының өзгеріске ұшырауы.

Ой – толғаныс
1. Мата атауларын білеміз бе?
Масаты деп қандай матаны айтамыз ? Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Масаты – жұмсақ түкті мата
Шидем дегеніміз не ? Шидем шекпен кигенім, түлкі тымақ.
Шидем – түйе жүніне тоқылған мата
Шай дегеніміз не ? Шолпысы сылдырлап,шайы көйлегі сусылдап
Шайы – үлбіреген жұқа жібек мата
Бүлде деп нені айтамыз ? Үлде мен бүлдеге оранып
Бүлде – бағалы қымбат мата
Торқа – бағалы жібек мата
Күлдәрі – жұқа жібек мата
Манат – жүннен тоқылған барқыт тәрізді сырт киімдік мата
Оқа – жібек және зер жіптерден тоқылған көмкерме

2. Әсем,жанға жайлы қасиеттеріне сәйкес халқымыз көбінесе қыздарының
есімдерін мата атауларымен атаған. Мысалы: Күлдәрі,Ұштап,Мақпал,
Қырмызы,Жібек,Дүрия т.б.
3. Семантикалық карта толтыру.

| | | | | |
|Мата атаулары |мақта |зығыр |жібек |жүн |
|Ақзон | | | | |
|Барқыт | | | | |
|Баршын | | | | |
|Дүрия | | | | |
|Күлдәрі | | | | |
|Шағи | | | | |
|Шидем | | | | |
|Бомази | | | | |
|сиса | | | | |

4. Кім тапқыр ? ( танымдық тапсырмалар)

|киім |көркі |жапырақ |
|адам |сәні |шүберек |
|ағаш |мәдениет |айнасы |

|бойға |көрік |тазалық |
|киім |байлық |астан |
|қонымды |саулық |негізі |

Ой түйіндеу : Мата атаулары қалай қойылған ?
- қасиеттеріне, сапасына, талшықтардың атауына, тоқылу ерекшеліктеріне
т.б. байланысты.
Маталар сыры
Үлбіреген әсем әдемі,
Көркімді бәрі біледі.
Сондықтан да тек мені
Жас адамадар киеді.
Қынай тіккен көйлектен,
Қыздар көркі түледі.
Табиғаты нәзік неткен,
Денеге жұмсақ тиеді.
Сұлулықты кім сүйсе,
Сол жандар мені киеді.

(Крепдишен)
Матамын әркез төзімді,
Мақтадан алар бөзімді.
Үлкендер де кіші де,
Сәндікке киер өзімді.

Көп жуса тез қысқарам,
Қажетімді білер ұстаған.
Бүктелсем де сан рет,
Үтіктелсем жақсарам.

(Шыт мата)
Сәндік киім тігетін,
Қалың түкті матамын.
Ұлттық киім нышаны,
Қасиетті затқа жатамын.
Сондықтан да аналар,
Қызына қояр атымды,
Атауымды кім табар,
Айта ғой қызым батымды

( Мақпал)
Жеңіл,жұмсақ матамын,
Жазғы үлгіге жатамын.
Бояуларым қанық түседі,
Әсемін көз тартамын.
Көркі асқан бар керім,
Мені киіп гүлденер.
Үстіңдегі бар бұйым,
Меніменен көркем күйге енер.
Атауымды айта ғой,
Тереңнен тарта ой.

( Жібек мата)
Қалың мата саналам,
Мал жүнінен алады.
Суықта жұмсақ түгімнен,
Адамдар пана табады.
Күздік,қыстық киімді,
Ұл-қызың киіп сүйінді.
Менің атым не екенін,
Табыңдар енді түйінді.

( Драп)
Мені іздесең әр кезде,
Табасың ұлттық киімнен.
Зер төгілген ізімнен,
Хас шебердің үйінен.
Әсем,жылтыр көркіммен,
Шапанға да әр берем.
Ал, қыздарым сендерге,
Кәжекейге сән берем.

( парша)

5. Тест тапсырмаларын орындау.
1. Матаның көне атауы
а) материал
ә) кездеме
б) бұйым
2. Зығыр матасын алу үшін өсірілетін зығырдың түрі
а) салалы
ә) бұйра
б) жабайы

3. Халқымыздың «ақ алтыны»
а) бидай
ә) көмір
б) мақта
4. Матаның гигроскопиялығы деп қандай қасиетін айтады?
а) жылу сақтағыштығы
ә) ылғал өткізгіштігі
б) ауа өткізгіштігі
5. Жібек матаның атауы қандай ұғымға байланысты қойылған?
а) Ұлы Жібек жолына
ә) жібек талшығына
б) кісі есіміне байланысты

Кім көп біледі?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы қабырғалары 1:2
қатынасындай болатын көк түсті төрт бұрышты жібек мата. Жалаудың ортасында
32 сәулелі күн бейнесі бар. Күннің астында самғаған бүркіт бейнеленген.
Жалаудың сап жағында вертикалды қазақтың оюынан жасаған жолақ бар. Күннің,
сәулелердің,бүркіттің және жолақтың түсі – алтын түстес.
Ел жаңалықтары
Астанадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Жібек жолы – Қытайдың
жібек өнері» атты көрме өтті. Онда 200-ге жуық бұйым қойылған.
Олар – жібектен жасалған киім-кешектер, жібек тоқитын станок пен оның
жабдықтарының макеттері, жібек құртын баптау үлгілері. Көрмеге келушілер
Қазақстан мен аспан асты елінің мұрағаттарын ұштастырып көрсететін
мағлұматтар мен сан алуан Қытай жібектерін тамашалай алды. Сонымен қатар,
бейнелеу өнерін сүйетін қауым Қытай халқының 12-ғасырда әдемі өрнекті жібек
маталар тоқуға пайдаланған жібек станогын көрді.
«Қытай жібектің мекені, 5 мың жыл бұрын қытай халқы жібек құртын өсіруді
қолға алып әрі жібек құрты арқылы алынған талшықтарынан көздің жауын алар
жібек торғындар тоқыған. Содан бастап Жібек жолы аталған сауда керуені жолы
бүкіл дүниені шарлады. Біздің заманымызға дейінгі 5-3-ші ғасырлардағы
әйгілі «Жібек жолы» Қазақстан мен Қытай  елдерінің достығы және сауда
көпіріне айналды», деді ол.
Шежіре сыр шертеді
Белгілі бір дәрежеде бұл тақырыпты тарихшылар зерттеп кеткен болатын. Осы
зерттеулердің орта бағытынан ауытқымай, біз Маңқыстау мен Үстірттің орта
ғасырлық тарихын зерттеу бағытындағы өзіміздің ойларымызбен
бөліскімізкеледі.
«Жібек жолы» арқылы тек жібек қана емес, сондай-ақ оны жасау құпиялары да
жеткізілетін. Осы қазіргі тілмен айтқанда, өнеркәсіптік шпионаж туралы көне
замандарда да көптеген ертегілер айтылып жүрген. Олардың бірінде Хотан
патшасына күйеуге берілген қытайлық ханшайым туралы айтылған, ол жібек
құрттарды өзінің бас киіміне тығумен шекарадағы кедендік шенеуніктерді
алдай алған. Енді бір ертегіде тұт ағаштары жібек құртының пілләларын
бамбуктық таяқтардың қуыстарына тығып, оларды Константинопльге жеткізген
екі византиялық монах туралы әңгімеленген. Сол оқиғалардан кейін қымбат
жібекті өндіру құпиясы Батыста белгілі бола бастады.
Жібекті өндірудің құпиясы неде? Каспий теңізін XVIII ғасырдың алғашқы
жартысында зерттеген Сайманов Ф.И. Гильяндегі (Каспий теңізінің оңтүстік
жағалауындағы провинция) жібекті шығару әдісін келесі түрде суреттейді.
«Ондағы тұрғындар көлемі мен түсі апиынның дәніне ұқсас болып келетін жібек
құрттардың жұмыртқаларын жинап, оларды құрттар пайда болғанша жылы жерге
қояды. Құрттарды арнайы жасалған сөрелері бар шалаштарға орналастырады және
тұт ағашының жапырақтарын жегізеді. Құрттар адамның кіші саусағындай
ұзындық пен ендік көлеміне дейін өскен кезде адамның шашынан жіңішке жібек
жіпті шығарып, сонымен өзін айналдыра ораумен кокон тоқи бастайды. Кокондар
жиналып және қорғасын қазандардағы ыстық суға шыланып алынады. ал кокондар
тарқатылады және сол арқылы өздерінен артынша жібек мата тоқылатын жіптер
алынады».
«Үстірт пен Маңқыстау қазыналары»
кітабынан

Үйге тапсырма : Мата түрлерінің құрылымдық қасиеттерін анықтау.

Бағалау.

-----------------------
Талшықтың жуан-жіңішкелігі

Талшықтың ұзындығы

Матаның сапасы

жұмсақтығыы

иірілуі

мықтылығы


Ұқсас жұмыстар
Жануарлардан алынатын табиғи талшықтар. жүн және жібек маталар. маталардың қасиеттері
Қиып пішілертін жұмыстар. Белдемшені дайындау реттілігі
Жібек мата
Мата туралы түсінік
Саржалық айқаспа
Киіз басудың жаңа технологиясы (жүнмен суретті бейнелеу) 7 сынып
Табиғи және химиялық талшықтар
Мата туралы жалпы түсінік. 5 сынып
Бел бұйымдары
Маталармен танысу
Пәндер