Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

Менің елім - Қазақстан жайлы ақпарат


Әбілбашарова Әзиза Әбілпаттақызы
Жаңақорған ауданы
№51.М.Қаратаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
2 сынып.
Тақырыбы: Менің елім- Қазақстан
Мақсаты:
1. Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға,
еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей
отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту,
еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
2. Патриоттық тәрбие беру, өз елін, Отанын сүюге, туған жерге деген
сүйіспеншілігін арттыру.
3. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, қастерлеу, тәуелсіздігіміздің тұғырын
биік ұстауға үлес қосуға атсалысуымыз керектігін түсіндіру.
Көрнекілігі мен жабдығы: Интерактивті тақта, Астана, рәміздер суреттері,
сызбалар, мақал – мәтелдер.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
1-оқушы: Жанель.
- Қайырлы күн құрметті қонақтар!
2- оқушы: Балтабай.
Аяулы да ардақты ұстаздар!
1-оқушы: Жанель.
Бүгін сіздердің назарларыңызға «Менің елім-Қазақстан» атты тәрбие
сағатымызды ұсынамыз.
2-оқушы: Балтабай.
Армысыздар, мұғалімдер әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз Сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
Мұғалім:
-Балалар, Отан деген не?
Шырынкүл:
«Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз, оны бала кезімізден білеміз.
Отан дегеніміз-адамның туып өскен жері, туған – туысқандарымен,
жақындарымен бірге тұратын атамекені.
Мұғалім:
-Отан туралы қандай тақпақтар білеміз?
Аружан:
Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың.
Отан - өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
Әділет:
Отан-тарих, Отан-тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан - өлең, отан-жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Рауан:
Отан – осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл!
Мұғалім:
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Хормен:
Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы деп аталады?
Мұғалім:
-Ендеше, балалар, ақын Мұқағали Мақатаевтың «Отан туралы» өлеңін кім айтып
береді?
Олжас:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Ұлжан:
Тауды көрсең күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан.
Менің Байтақ Республикам таулары,
Менің көгім мөлдіреген көк аспан.
Мәди:
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менң туған өлкем.
Мұғалім.
-Балалар, Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Хормен:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев./инт. тақтадан Н.Ә.Назарбаев суретін көрсету/
Мұғалім:
Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
Астана қаласы.
Мұғалім:
-Балалар, Қазақстанның ең алғашқы астанасы қай қала болған?
Хормен:
Орынбор қаласы.
Мұғалім:
-Қазақстанның екінші астанасы қай қала болған?
Хормен:
Қызылорда қаласы.
Мұғалім.
Қазақстанның үшінші астанасы қай қала?
Хормен:
Алматы қаласы.
Мұғалім:
Қазақстанның төртінші астанасы қай қала?
Хормен:
Астана қаласы.
Мұғалім.
Астананың бұрынғы атауы қалай аталған?
Хормен:
Ақмола қаласы.
Мұғалім:
Астанамыз Алматыдан Ақмолаға қай жылы көшті?
1997ж
Мұғалім:
Ақмола атауы Астана болып қай жылы өзгертілді?
1998ж.
Мұғалім:
Балалар, Сиқырлы сандар не дер екен?
1919-1925жж .Қазақстанның астанасы-Орынбор қаласы,
1925-1929жж. Қызылорда қаласы.
1929-1997жж. Алматы қаласы.
1997ж. Ақмола қаласы Астана атанды.
1998ж . Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.
Интерактивті тақтадан Астананың суреттерін көрсету.
Мұғалім.
-Балалар, Астанамыз туралы қандай өлең білеміз?
Жанель:
Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған.
Халқың жетсін мұратқа,
Ей, бас қала – Астанам!
Әсел:
Тың жылдарды бастаған,
Жалған атын тастаған.
Қайта түлеп құлпырған,
Ей, бас қала -Астанам!
Қалжан: Шырқап көкке аспан -ән,
Болашаққа бас қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Ей, бас қала-Астанам!
Мұғалім:
-Балалар, біздің еліміз қандай мемлекет?
-Хормен: Тәуелсіз мемлекет.
Мұғалім. Біз тәуелсіздігімізді қашан алдық?
Хормен:
1991ж. 16 желтоқсан.
Мұғалім: Балалар Тәуелсіздік бізге оңай келді ме?
Балалар: жоқ.
Ендеше , қалай алдық?
Шырынкүл:
1986ж желтоқсанда Алматыдағы жастар көтерілісі жайлы айтады.
Мұғалім.
-Тәуелсіздік құрбандары жайлы кімдерді білеміз?
Оқушылар: Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова
Интерактивті тақтадан Қайрат, Ләззат суреттерін көрсету.
Мұғалім:
Балалар, осы аға-апаларымыз туралы қандай өлеңдер білеміз?
Нұрдәулет:
Тапталмасын деп қазақтың кек -ары
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.
Топты бастап шықты Ләззат алаңға
Толған еді 16-ға небәрі,
Қаһарман қыз, ғажап қыз-
Ұрандады Ләззат қыз.
Е.Арман:
Күнәдан таза басым бар
Қазақ деген атым бар.
21-де жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген атым бар.
Мұғалім:

«Таңбасыз ел болмайды ,
Найзасыз ер болмайды – демекші егемен ел болу үшін Қазақстан
Республикасының ұлттық белгілері болу керек.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздері 1992ж 4 маусымда
қабылданды.Кім атап береді?
Оқушылар:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
2. Қазақстан Республикасының мемелекеттік Елтаңбасы
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны
Интерактивті тақтадан рәміздерімізді, оның авторларының суреттерін
көрсетіп, қысқаша түсінік беру.
Мұғалім:
Балалар, Қазақстан Республикасында 14 облыс, 90-ға жуық қала, 150-ден астам
аудан бар.Республика халқының саны -15 миллион. Қазақтан басқа 130-дай
ұлттар тұрады.Қазақстан жері - ұлан байтақ.Батыстан Шығысқа 3000км,
Солтүстіктен Оңтүстікке қарай 1600км-ге созылып жатыр.Жер көлемі бойынша –
Қазақстан әлемде – 9 орында. Құстың 480түрі, балықтың 150 түрі кездеседі.
Пайдалы қазбаларға өте бай.Дәрілік өсімдіктің 250 түрі бар.
Тәуелсіздік алғаннан бері Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың дана
басшылығының арқасында бүкіл әлемге танылдық.Елбасы Н.Ә.Назарбаев жыл сайын
қазақ халқына жолдау жолдайды. Биылғы жолдауы ″ Жаңа онжылдық, жаңа
экономикалық өрлеу, қазақстанның жаңа мүмкіндіктері″деп аталады.Бұл
жолдауда қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу
үшін халықтың әл-ауқатын, тұрмысын жақсарту басты назарда болғаны туралы
айту.
Қорытынды. Балалар бүгінгі тәрбие сағатынан не білдік?
1. Астана символы Бәйтеректің ұзындығы не себепті 97м ?
/ Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997ж көшірілуіне байланысты./
2. Жаңа көпірдің ұзындығы?
/ 214м/
3. Жаңа көпірге қандай ат берілді?
/ Сарыарқа/
Мұғалім.
Балалар, біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз
жерімізді , өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге
қорғауға тиіс екнімізді естен шығармайық. Саналы, білімді азамат болып
шығуымыз үшін не істеуіміз керек?
Балалар :
Еңбек етуіміз керек.
Мұғалім:
Біздің қазіргі еңбегіміз не?
Балалар:
Оқу.
Мұғалім :
Оқу, білім туралы қандай мақал –мәтел білеміз.
«Жалғастыр» ойынын ойнайық.
1. Отан –оттан да ... / ыстық/
2. Отансыз адам,
Ормансыз ... / бұлбұл/
3.Кітап білім .... / бұлағы/
4.Оқу .... құдық қазғандай

Тәрбие сағатын Әбдіқадір Рахманның орындауындағы ″Менің елім″ әнімен
аяқтау.


Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ атты ертеңгілік
Тәуелсіз елім - ұлы өлкем
Елтанбасының авторы
Менің Қазақстаным – менің болашағым жайлы ақпарат
Қара көз қазақ қыздары
Қазақстан, мәңгілік жансын бағың!
Елбасы мұраты - ел бақыты, гүлденген Қазақстан
Қазақ хандары
Қазақстан Республикасының мемлекттік нышандары
Тәуелсіз елдің көшбасшысы
Пәндер