8Берілгендер типі туралы түсінік . Программалау тілінің қарапайым объектілері

№ 8 сабақ.
№8Берілгендер типі туралы түсінік
. Программалау тілінің қарапайым объектілері.
Мақсаты:
Қарапайым объектілерді ажырата және қолдана білу, олардың Паскаль тілінде жазылу ерекшеліктерін меңгеру;
Бұл ұғымдардың барлық прораммалық тілдерге ортақ екеніне назар аудару, ортақ қасиеттер мен шамалар туралы білімдерін дамыту;
Көпсалалық, жан-жақтылық тұрғысында ойлау өрісін қалыптастыру.
Көрнекілігі:
Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт. мед. жабдықтар, компьютер.
Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.
Сабақтың барысы
І . Кіріспе. (2мин)
- Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
- Журнал толтыру;
- Оқушылардың назарын сабаққа бұру,
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс. (10мин)
1. Үй жұмысын тексеру, ұпай беру (үй жұмысы бар-дұрыс - 1ұп, жоқ - 0; дұрыс емес - 0, 5ұп)
2. Қысқаша сұрақ-жауап;
- Паскаль тілінде программа қанша бөліктен тұрады?
- Түйінді сөз деген не? Бірнеше мысал келтір.
- Идентификатор деген не? Бірнеше мысал келтір.
- Математикадағыдан басқа Паскаль тілінде тағы қандай амалдар қолданылады? Мысал.
- := ‘ ; таңбалары Паскаль тілінде не үшін қолданылады?
ІІІ. Жаңа сабақ(15мин)
Белгілі бір ортадағы сан-алуан нәрселердің әрқайсысын жеке атап жүрмес үшін оны объекті деп атайды. Олай болса Паскаль ортасында қандай обектілер бар деп ойлайысыңдар? Паскаль ортасындағы объектілерге мыналар жатады: «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция», «процедура» және «өрнек»
- Сандар.Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болады.
Бүтін сандар: 1, 2, -9, 100, 65535, 0 т. б. (integer)
16-лық бүтін сандар: $F, $8B2, …
Нақты сандар: 1, 2, 2. 65, 0, -6. 0, 512, 12052500. . . кез-келген санды нақты санға жатқызуға болады. (real) ;
- Атау-идентификатор.Айнмалыларды, файлдарды т. б объектілерді белгілеуге арналған таңбалар тізбегі. Мысалы:
х:=15. 5; a:=512; mektep:=’Жібек жолы’ … Мұндағы х, a, mektep идентификаторлар ал, 15. 5, 512, ’Жібек жолы’ - бұлар айнмалылардың мәндері. Паскалдың қызметші сөздері немесе операторларын белгілейтін сөздерді (var, integer…) атау ретінде алуға болмайды. Кез-келген қазақша сөзді ағылшын әрпімен жазып, атау ретінде алуға болады.
- Тұрақты немесе константадеп программаның орындалу барысында мәні өзгеріссіз қалатын шаманы айтады. Мыс: g:=9. 81 k:=9E9 e:=1. 6e-19…
- Айнымалылардеп программаның орындалу барысында мәні өзгеріп отыратын шамаларды айтады. Ондай шамалар шексіз көп. Мысалы: ауа райы, уақыт, жыл мезгілдері. . . Айнымалыларды екіге бөліп қарау керек.
Қарапайым айнымалылар - бұлар өз атауларымен ғана жазылады.
Индексті айнымалылар - бұларда айнымалының атымен бірге индексі де жазылады. Оған кестелік шамаларды жатқызуға болады. Мысалы: сабақ кестесі - баған (сыныптар) және жол нөмірі (күндер) арқылы көрсетіледі.
5. Түсіндірмелер программаның әр жолының тұсына {} фигуралы жақша ішіне жазылады. Олардың көмегімен программаны талдау, түсіну оңай.
ІІІ. Сабақты бекіту: (10мин)
1. Қатарда жазылған сандардың қандай ортақ қасиеттері бар?
-10, -5, 0, 5, 10, . . ., . . ., бүтін сандар,
-1, 5, -1, . . ., 0, . . ., . . ., 1, 5, . . . нақты сандар.
2. Осы сандар қатарында қандай заңдылық бар?
Бүтін сандар 5-ке артып отырады. Арифметикалық прегрессия заңдылығы бар.
Нақты сандар қатары 0, 5-ке артып отырады, АФ заңдылғы бар.
3. Мына айнымалыларға қандай мәндер берілуі мүмкін?
Типі сөз болса mektep, vuz, (кез-келген сөз)
Типі нақты болса dd, x, y2, (кез-келген сан)
Типі бүтін болса ddч, xч, y23, (тек бүтін сандар)
4. Тұрақтылар мен айнмалыларды көрсет, басқа мысалдар келтір?
5, 5, 600, m6, aaa, mektep, 1. 6e-19, 9. 81, ауа райы, уақыт, мемлекет атауы, планета атауы, жастық шақ, масса, удеу, хим. элем. аты. . .
IV. Оқушыларды бағалау: (5мин)
V. Үйге (3мин)
§2-4
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz