Ежелгі Македония

§ 28. Ежелгі Македония.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ежелгі Македонияның орналасуын, табиғат жағдайларын, шаруашылығын,

басқару жүйесін, сонымен қатар даңқы дүние жүзіне мәлім Александр

Македонскийдің өмір жылдары мен маңызды шайқастарына тоқталып өту.

Дамытушылық: Тарихи даталармен, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиелік: Соғыс атаулыға жек көрушілік тәрбие беру.

Пәнаралық байланыс: география, қазақстан тарихы, әдебиет.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: тестілеу әдісі, ауызша баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекіліктері: Карта, А. Македонский суреті, интерактивті тақта, тест парақшалары, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Оқушылармен амандасу, сынып тазалығына көңіл бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Ол үшін тест парақшалары үлестіріледі.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жоспары:

  1. Табиғат жағдайы мен халқы.
  2. ІІ Филипптің ішкі және сыртқы саясаты.
  3. Александр Македонскийдің Кіші Азияны бағындыруы.
  4. Парсы патшасын жеңу
  1. Македония -Грекияның солтүстігінде, Балқан түбегінде орналасқан. Оны картадан көрсетемін. Оның солтүстік-шығыс бөлігі биік таулармен қоршалған, ал оңтүстік-батыс бөлігі жазық болып келеді. Жазық жері ауыл шаруашылығына өте қолайлы болды.

Македония жерінде өмір сүрген тайпалар - фракийліктер. Олардың бойы ұзын, аса қайратты келетін.

Халқының көпшілігі ерікті, жарым -жартыс тәуелді малшылар мен

егіншілер еді.

Негізгі шаруашылығы - мал өсіру, әсіресе жылқы малын көп өсірген. Жері

орманды болғандықтан ағаш-орман шаруашылығы да өркендеген.

  1. ІІ Филипптің ішкі және сыртқы саясаты.

ІІ Филипп (б. з. б. 382-336 жж. ) патша - Македонияның бірінші ірі мемлекет қайраткері. Ол өте іскер, ақылды патша болды, елде әкімшілік және әскери реформаларды жүзеге асырды.

Әскери реформа

Атты әскер Жаяу әскер Жаяу әскер

Македондықтардың әскери сап жүйесі - фаланга

ІІ Филипп парсыларға қарсы жорыққа әзірленіп жатқан кезд қастандықпен өлтірілді.

  1. ІІ Филипп өлтірілгеннен кейін, оның орнына ұлы Александр Македонский (б. з. б. 356-323 жж. ) таққа отрыды.

А. Македонскийдің Шығысқа жасаған жорық кезінде негізгі шайқастар.

Болған уақыты
Шайқас болған жер, елді мекен
Нәтижесі
Болған уақыты: Б. з. б. 334 жыл
Шайқас болған жер, елді мекен: Граник өзенінің жағасы
Нәтижесі: А. Македонский парсылардың әскерін талқандады. Кіші Азияның ішкі бөліктеріне және Жерорта теңізі жағалауына оңтүстікке қарай жол ашылды. Финикия жеріндегі Тир, Библ, Сидон қалалары жаулап алынды.
Болған уақыты: Б. з. б 333 жыл
Шайқас болған жер, елді мекен: Исса қаласының түбінде
Нәтижесі:

Македондықтар жау әскерін талқандап, парсы патшасы

ІІІ Дарийдің отбасын да қолға түсірді.

Болған уақыты: Б. з. б. 332 жыл
Шайқас болған жер, елді мекен: Египетке жорық
Нәтижесі: Александр Египетті соғыссыз бағындырды. Ніл өзенінің атырауында жаңа қала - Александрия қаласының негізін қалады.
Болған уақыты: Б. з. б. 331 жыл
Шайқас болған жер, елді мекен: Гавгамелы елді мекені түбінде
Нәтижесі: Ежелгі дүниедегі ірі шайқас парсылар мен грек-македондық әскері арасында болды. Саны жағынан көп ІІІ Дарий әскері талқандалып, Александр бүкіл Парсы елін өзіне қаратты.
Болған уақыты: Б. з. б. 330-328 жж.
Шайқас болған жер, елді мекен: Орта Азия мен Қазақстан жеріне
Нәтижесі: Бактрия мен Соғды елі уақытша бағындырылды. Сақтар жеріне ішкері ене алмады
Болған уақыты: Б. з. б 328 жыл
Шайқас болған жер, елді мекен: Үнді өзенінің жағалауы
Нәтижесі: Үлкен қиындықпен Солтүстік Үндістан жаулап алынды. А. Македонский көптеген шығынға ұшырады.
Болған уақыты: Б. з. б 324 жыл
Шайқас болған жер, елді мекен: Он жылдық жорық аяқталды.
Нәтижесі: Александр әскерімен Вавилонға келді.

Б. з. б. 323 жылы “Азияның патшасы” атанған Александр Македонский кенеттен

науқастанып қайтыс болды. Ол қайтыс болғанда небәрі 33 жаста болатын.

Александр өлімінен кейін оның империясы бірнеше патшалыққа ыдырап кетті.

Солардың ішінде ірілері : Египет, Сирия және Македония.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Ежелгі Македония жерін картадан көрсет.
  2. ІІ Филиптің ішкі және сыртқы саясаты туралы әңгімелеңдер
  3. А. Македонский мен ІІІ Дарий арасындағы негізгі шайқастарды ата? Оны картадан көрсетіңдер.
  4. Александр қайтыс болған соң оның империясы қандай өзгеріске ұшырады?

V. Оқушыларды бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: § 28. Ежелгі Македония.

Кесте толтыру

Мекендеген жері
Македондықтардың түр-сипаты

Негізгі

шаруашылығы

Мекендеген жері:
Македондықтардың түр-сипаты:
Негізгішаруашылығы:

Сабақтың тақырыбы: Афиныдағы демократиялық құрылыс

Сабақтың мақсат-міндеттері:

Грекиядағы демократиялық өзгерістердің пайда болуы, Солон, Клисфен және Перикл сияқты қоғам қайраткерлерінің қарапайым халық үшін жасаған еңбектері туралы баяндап, оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Сонымен бірге оқушылардың ойлану қызметін дамыту үшін олармен бірге Афиныдағы демократиялық құрылыс пен Спартадағы олигархиялық мемлекеттерді салыстырып, ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын табу. Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін ойындар ұйымдастыру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, ойын элементтері.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, флип-чарт, карта, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Үйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткенді қайталау

ІІІ. Жаңа сабақ

Өткен сабақпен байланыстыру

ІV. Бекіту

V. Үйге тапсырма беру

І. Үйымдастыру кезеңі: Салеметсіздерме оқушылар! Сабақтағы оқушыларды түгендеп алайық. Бүгінгі біздің ашық сабағымыз «Афиныдағы демократиялық құрылыс» тақырыбына арналған.

А) Психологиялық дайындық

«» (хормен айту)

Міне балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр.

«Келгенше қонақ ұялады,

Келген соң үй иесі ұялады», -демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық. Бар білімімізді ортаға салайық.

Сыныпты 3 топқа бөлу.

І топ. «Білімділер»


Ұқсас жұмыстар
Александр Македонскийдің Шығысқа жорықтары
Александр Македонскийдің Орта Азияға жорығы
Бекіту кезеңінің сұрақтары
Александр Македонскийдің Орта Азияға басып кіруі
Қала мемлекеттерді салыстыр
Ғұндар
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі. 6 сынып
Қазақстан тарихынан бақылау жұмыстары. 5- сынып
Дүние жүзы тарихы пәнінен сабақ жоспарлары. 6-сынып
Шумер және Аккад
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz