Молекулалық- кинетикалық теория негіздері (МКТ) тақырыбын жаңа ақпараттық технологиялар негізінде қайталау

Молекулалық- кинетикалық теория негіздері (МКТ) тақырыбын жаңа ақпараттық технологиялар негізінде қайталау

Мақсаты:

1. Білімділік . Оқушылардың молекулалық- кинетикалық теория негіздері тақырыбында алған білімдерін жүйелеп, өз бетінше тұжырымдауға дағдыларын қалыптастыру.

2. Дамытушылық . Заңдылықтарды өзара салыстыра отырып ажырату, формулаларды еске сақтау дағдыларын дамыту.

3. Тәрбиелілік. Әр оқушы өз пікірін тиянақты, сауатты жеткізуге жаттығу, оқушылардың білімге қызығушылығын, жауапкершілігін арттыру.

Сабақ түрі : сыныптан тыс жұмыс

Сабақ көрнекілігі : интерактивті тақта, броундық қозғалыс және кристалдық тор моделі, электронды оқулық 10 сынып, бағалау парағы.

Әдіс- тәсілдері : сұрақ-жауап, сайыс.

Жүргізуші:

І Сәлеметсіздер ме оқушылар!

Физикаға қызығушылар

Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар

ІІ Сәлеметсіздер ме ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар

Сіз оқытқан оқушылардың

Сәті келді сыналар

І Есепті түрлі түрлі шығарамыз

Арасында ойын ойнап жарысамыз

Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар

Әзіл есепке де отырамыз

ІІ Олай болса бұл не тұрыс

Кешімізді бастайық

І Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалайтын әділқазылар алқасын таныстырып өтейік.

ІІ Шын жүйрік шабысынан танылады

Нақты білім терең ой сыналады

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады

І Жалпы бүгінгі өтетін сайысымыздың ретін атап өтсек, сайыс 7 кезеңнен тұрады: атап айтсақ

1 таныстыру,

2 өрнекті тап,

3 өнерлі өрге жүзеді,

4 полиглот

5 виртуальды тәжірибе

6 ғалымдар өмірінен

7 топ басшылар сайысы «физикалық құрал»

ІІ Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар

Біреуінің күмбірлеген күйі бар

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар

І олай болса 10 а сынып оқушылар мен 10 ә сынып оқушыларының командасын ортаға шақырамыз

ІІ І кезең « Топты таныстыру» Әр топ өзінің мүшелерімен таныстырып өтеді, сондай ақ таңба мен тақырыпқа сай плакаттары бағаланады.

І Әділқазылар алқасы І кезеңнің бағаларымен таныстырып өтсе екен

ІІ ІІ кезең « Өрнекті тап », бұл кезеңнің шарты Молекулалық кинетикалық теория негіздері тақырыбы бойынша өрнектерді интерактивті тақтада жылдам әрі дұрыс жаза білу. Әр топқа 12 сұрақ беріледі, топ мүшелері 2 сұраққа жауап беруге ғана құқылы.

Салыстырмалы молекулалық масса:

Салыстырмалы молекулалық масса

Заттың мөлшерін молекулалар массас арқылы өрнектеп жаз:

Заттың мөлшерін молекулалар массас арқылы өрнектеп жаз

Газдың МКТ негізгі теңдеуі: Газдың МКТ негізгі теңдеуі
Салыстырмалы молекулалық масса: Больцман тұрақтысы неге тең
Заттың мөлшерін молекулалар массас арқылы өрнектеп жаз: Температура орташа кинетикалық энергияның өлшеуіші
Газдың МКТ негізгі теңдеуі: Молекуланың жылулық қозғалысының орташа жылдамдығы
Салыстырмалы молекулалық масса:

Бойль - Мариотт заңы

Заттың мөлшерін молекулалар массас арқылы өрнектеп жаз: Шарль заңы
Газдың МКТ негізгі теңдеуі: Сутегінің мольдік массасы неге тең
Салыстырмалы молекулалық масса:

Жылдамдық проекциясының орташа жылдамдығы

Заттың мөлшерін молекулалар массас арқылы өрнектеп жаз: Изотермиялық процесс графигі
Газдың МКТ негізгі теңдеуі: Изохоралық процесс графигі
Авогадро тұрақтысы неге тең: Авогадро тұрақтысы неге тең
Абсолют температура неге тең:

Абсолют температура неге тең

Газ қысымы температураға n-шоғырына тура пропорционал: Газ қысымы температураға n-шоғырына тура пропорционал
Авогадро тұрақтысы неге тең: Күй теңдеуі
Абсолют температура неге тең: Гей - Люссак заңы
Газ қысымы температураға n-шоғырына тура пропорционал:

Менделеев - Клапейрон теңдеуі

Авогадро тұрақтысы неге тең:

Мольдік масса

Абсолют температура неге тең:

Зат мөлшерін молекулалар саны арқылы жаз

Газ қысымы температураға n-шоғырына тура пропорционал:

Судың мольдік массасы неге тең

Авогадро тұрақтысы неге тең:

Мольдік масса мен салыстырмалылық молекулалық масса арасындағы байланыс формуласы

Абсолют температура неге тең: Изобарлық процесс графигі
Газ қысымы температураға n-шоғырына тура пропорционал: Изохоралық процесс графигі

І ІІ кезеңде алған әр топтың бағаларымен әділқазылар алқасы таныстырып өтсе екен

ІІ ІІІ кезең « Өнерлі өрге жүзеді » деп аталады . Олай болса әр топтың өнерін тамашалап көрейік.

І Өнерлерің өрге жүзсін дейміз. Әділқазылар осы сайыстың бағасымен таныстырып өтсеңіздер

ІІ ІV кезең « Полиглот » деп аталады. Елбасымыз болашағымыз жарқын болуы үшін, дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында үштілді меңгеру саясатына көшіп отырғанымен бәріміз таныспыз. Олай болса біздің Идеал газ және нақты газ командаларының мүшелері осы үш тілді қаншалықты меңгергенін байқайық!

1 Броундық қозғалыс, броуновское движение Broun’s

2, Диффузия құбылысы, диффузия, difusia

3 Больцман тұрақтысы, постоянноя Больцман, the constant of Bolsman

4 Авогадро тұрақтысы, постянная Авогадро, the constant of Avogadro

5 Идеал газ, идеал газ, ideal gas

6 Нақты газ, реал газ, real gas

І әділқазылар алқасы өздерінің қойған бағаларын атап өтсе дейміз!

ІІ V кезең « Виртуальды тәжірибе » деп аталады. Алдымен екі топқа екі есеп беріледі. Ол есепті топ бірге шеше отырып қорытынды жауабын шығарады. Алдымен топтың бір мүшесі шығып есептің берілгенін, шығару жолын тақтада жазады, содан кейін нәтижені виртуальды яғни компьютердегі тәжірибемен тексереді, онда болып жатқан құбылысты түсіндіреді.


Ұқсас жұмыстар
Температура тобы
10-11 сыныптарға арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспар
Идеал газ күйінің теңдеуі
Тарауды қайталау
Зат мөлшерін молекула массасы
Молекула массасы
Газ заңдары
Шолпандағы орташа температура
Табиғаттағы механикалық күштер
Молекулалардың өлшемі мен массасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz