Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Абайдың табиғат лирикасындағы физикалық құбылыстар

Абайды оқы, таңырқа!

«Абай мұрасы-қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен
мәңгі бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа
биіктерге, асқар асуларға шақыра береді» - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
айтқандай, Абай мұрасы мәңгілік. Барша қазақ баласы Абайды тануға, білуге,
Абаймен мақтануға тиіс. Ұлы ақын өз халқын өркендеген, өскен, еркін халық
ретінде көруді арман еткен. Бүгінде біз Абай аңсаған ұлы өзгерістердің
куәсіміз, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуге талпынудамыз.
Осы орайда Абайтануға арналған кіріктірілген сабақ үлгісін ұсынып отырмыз.
І. Сабақтың тақырыбы: «Абайдың табиғат лирикасындағы физикалық құбылыстар»
ІІ. Сабақтың мақсаты: а) білімділік: ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір
сүрген қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасына әдеби талдау
жасау және ондағы табиғат құбылыстарын физикалық тұрғыдан түсіндіру,
өлеңдерді талдау машығын жетілдіру.
ә) тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық, этнопедагогикалық, экологиялық тәрбие
беру. Олардың поэзия, саз, бейнелеу өнері дүниесіне сүйіспеншілігін
арттыру.
б) дамытушылық: шығармашылық жұмыс жасауына ықпал ету, ойлау, сөйлеу
шеберлігі мен мәдениетін жетілдіру, таным көкжиегін кеңейту.
ІІІ. Сабақтың түрі: Кіріктірілген (әдебиет және физика пәні) қайталау
толықтыру сабағы.
ІV. Сабақтың әдісі. Жарыс түрінде ұйымдастырылған топтық оқыту.
V. Сабақтың көнекілігі: Абай портреті, толық шығармалар жинағы, Абай
жайында зерттеулер, монографиялық еңбектерінен кітап көрмесі, қазақ киіз
үйі макеті, жыл мезгілдері суреті, кодоскопта слайдтар, диапроектор.
VІ. Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуы,
даярлығы.
б) Әдебиет пәні мұғалімінің сөзі: Бүгін біз Абайдың орыс поэзиясынан үлгі
ала отырып қазақ әдебиетіне қосқан жаңалығының бірімен танысамыз. Ол -
табиғат лирикасы. Поэзия жанрында табиғатты әсем пейзажбен, бағалы бояумен
жазған Ыбырай, Абайға дейін ақындар болған емес.
Абай жыл мезгілдерінің әр қайсысына тоқталып, ондағы табиғат
құбылыстарын көркем шеберлікпен бере білген. (диапроектор арқылы экранға
өлеңдері мен пейзаждық суреттері көрсетіліп, қысқаша мәнерлеп оқытылады).
Топқа жалпы сұрақ беріледі:
а) Абайдың табиғат тақырыбына жазған қандай өлеңдерін білесіңдер?
Жауап: «Жазғытұрым», «Жаз», «Күз», «Қыс», «Қараша желтоқсанмен сол бір екі
ай», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қан сонарда
бүркітші шығады аңға» «Көлеңке басын ұзартып» және т.б.
ә) Абай осы лирикасында нені бейнелейді?
Жауап: - Мұнда адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсетеді.
б) Осыған кім мысал келтіреді?
Жауап: -Ақ киімді денелі, ақ сақалды
Соқыр мылқау танымас тірі жанды
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Мұнда қыс көрінісін таза пейзаж күйінде суреттемей, тірі адам, шал
бейнесінде суреттеген.
Міне, оқушылар! – Ұлы ақынның табиғат лирикасынан оқып білгеніміздей
табиғатты адамның тұрмыс-тіршілігімен, қоғамдық ортамен байланыстыра
бейнелегенін әдеби тұрғыдан анықтадық. Ал, осы табиғат құбылыстарын
зерттейтін ғылым не десек, ол физика пәні екен.
Енді Мархаба апайларыңды тыңдап көрейік. Балалар! Біз өткен сабақта «Ауаның
ылғалдығы» тақырыбын өттік. Онда тұман, қырау, шықтың түсуі сияқты
физикалық құбылыстарды қарастырдық, енді осы процестерді жаңа ғана өздерің
айтқан Абай өлеңдерінен іздеп, оған физикалық тұрғыдан талдау жасап
көрейікші. Абайдың «Күз» өлеңін алайық:
«Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан»
(Экранда көрсетіледі). Осы тұста оқушылардан бұлттың қалай түзілетінін,
олардың негізгі топтарын сұрап, жауап алу. Одан әрі ақынның неге қазбауыр
не шарбы немесе ақша бұлтты алмай, аспанды жаппай торлап 4-5 км-ге дейінгі
биіктікте болатын тұнжыр бұлт сұр бұлтты, күздің айнымас серігі тұманды-
дымқыл тұман» - деп алуы күздің басқа жыл мезгілінен айырмашылығын айқын
таныту үшін осындай ғылыми керемет сөзді қолдана білген. Оны әдебиетте
«эпитет» - деп атайды. Енді «Қыс» өлеңін алайық. Бұл өлеңнің де өне
бойындағы физикалық құбылыстарды айта келіп:
«Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып
Аязбен қызарланып ажарланды» - деген жолдарындағы «Ұшпа» - сөзі бұлт
екенін, яғни шашыранды бұлт екені түсіндіріліп, оқушылармен бірге Венн
диаграммасы толтырылады.

Сонымен, қорыта айтқанда, әр өлеңі-бір әлемді ашатын ақынның табиғаттағы
сан алуан құбылыстарды талғаммен терең түсініп, суреткерлікпен дәл айнытпай
жеткізуі таңқалдырады!
Сабақты әрі қарай пән мұғалімдері кезектесіп жүргізеді. Оқушылар екі топқа
бөлініп Абай өлеңдерінен бастау алатын 7 бағыт бойынша білім сайысына
түседі. Топ басшылары «Күз» және «Қыс» топтары төсбелгілерімен таныстырады.
1. «Табиғат этюдтары» - жыл мезгілдеріне әр топтан сурет салады.
2. «Мақсұтым тіл ұстарып, өнер шашпақ» «Күз» және «Қыс» мезгілдерінің басты
белгілерін тақтаға жазады.
Күз. Күн салқындайды, жапырақтар сарғаяды, астық орылып, жиын-терін болады,
ауаны бұлт шалады, жаңбыр жауады, күзем шайға шақырады.
Қыс. Күн суытады, қар жауып аяз қысады, балалар аққала жасап, шаңғы
тебеді, соғымға шақырады.
3. Поэзия. «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы»
(өлеңді бұрын аяқтаулары керек).
а) Қан сонарда бүркітші шығады аңға
Тастан түлкі табылар аңдығанға

-----------------------------------------------------
-----------------------------------------------------
ә) Бұлттай қасы жауып екі көзін
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды
-----------------------------------------------------
-----------------------------------------------------
б) Тучи серые, хмурые, дождь недалек
Осень, голую землю туман заволок
-----------------------------------------------------
-----------------------------------------------------
в) В белой шубе , плечист, весь от снега седой
Слеп и нем с серебристой большой бородой.
-----------------------------------------------------
-----------------------------------------------------
4 «Іздегені не болса сол табылар сәулесі бар жігіттер бір ойланар»
(жұмбақтар шешу)
а) Таңертең бар кешке жоқ
Мен әдемі моншақпын
Ірі емеспін, ұсақпын
Мойнына ешкім таға алмас
Мендей мөлдір таба алмас.
(шық)
ә) Етек жеңі жиналмай
Дауыл тұрса дым қалмай
Түйдектеліп көшеді
Тоз-тоз болып өшеді.
(бұлт)
б) Түсі бар көрінбейтін
Бір тұтас білінбейтін
Тынысы бар тіршіліктен
Ешқашан жерімейтін
(ауа)
в) Мүлгіп тұрған бақ тыныш,
Ораныпты ақ күміс
(қырау)
5. «Әнді сүйсең менше сүй».
Абайдың композиторлығын айта отырып, табиғат лирикасына арнаған «Желсіз
түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып» -әндерін екі топтан оқушылар
орындайды.
6. «Оқыған білер, әр сөзді!» (сөзтуым шешу)

| | | |А | | | | |
| | | |Б | | | | |
| | | |А | | | | |
| | | |Й | | | | |

1. Абайдың 1886 ж, табиғат лирикасына жазған өлеңі.
(жаз)
2. Адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы.
(табиғат)
3. Жер бетіне су тамшыларының іркіліп жинауынан болатын құбылыс.
(тұман)
4. Көңіл-сезімді көркемдеп сипаттайтын өлең түрі.
(лирика)

7. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым!»
Екі топтан ұлы ақын туған жеріндегі Семей полигоны туралы, оның 1989
ж. 29 тамызда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен жабылғаны, ақын
О.Сүлейменов бастаған антиядролық Невада-Семей қозғалысы, өлкеміздің
экологиялық жағдайы жайлы, оның басты себебі Арал проблемасы, Байқоңыр ұшу
айлағының әсері екендігін оқушылардың қысқаша баяндаулары.
VІІ Қайталау-толықтыру сабағы бойынша оқушылар білімін бағалау.
VІІІ үйге тапсырма: Әдебиет пәнінен «Абайдың табиғат лирикалары»,
физикадан «ауаның ылғалдылығы», «Жыл мезгілдеріндегі табиғат құбылыстары»
(мезгілді әр оқушы өзі таңдайды) тақырыбына қысқаша шығарма жазу.

-----------------------
Булану,
Конденсация, Конденсация,
қаныққан бу,
шықтың түсуі
түсуі тұман, ауа
ылғалдылығы

Күз. Қыс. Сұр,
ұшпа бұлттар табиғатқа
Суық, дымқыл тән
Аспан, Жер құбылыстар

Ұқсас жұмыстар
Абайдың табиғат туралы өлеңдері
Шәкәрім лирикаларының идеясы
ФИЗИКА МЕН ӘДЕБИЕТТІҢ ТАҢҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ
Өзін-өзі тану және физика пәндерінің біріктірілген инновациялық курсы
Жердің ішкі құрылымы
7 сынып "физика және астрономия - табиғат туралы ғылымдар" және "заттың құрылысы" тарауларына арналған орта мерзімді жоспарлау
Қысымның өлшем бірлігі
Соғыс концептісі
Ақынның табиғат лирикасы
Жарық құбылыстары
Пәндер