Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Интеллектуалдық ойындар арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту

Толенді Аманова
ШЛ №53
Бастауыш сынып мұғалімі

Интеллектуалдық ойындар арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың барыс жылындағы Қазақстан халқына
арнаған «Жаңа онжылдық,жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа
мүмкіндіктері» жолдауында білімге баса назар аудару мақсаты көзделген.
Еліміздің дамыған елдермен терезесі тең елге айналуына басты үлес қосатын
бүгінгі бастауыш сыныптың әрбір оқушысы «Жаңа онжылдық-менің білімімдегі
жаңа жетістіктер кепілі»,- деп алдарына үлкен мақсат қояды.
Қазіргі талап деңгейіне сай мектептерде оқу – тәрбие үрдісі арқылы
оқушыларды тек біліммен ғана қаруландырып қоймай, олардың назарын
білгендерін жадына сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, зерделі
білім алу құштарлығын ояту, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын,
ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, іздемпаздығын тағы басқа танымдық
қасиеттерін жетілдіру – жаңа ғасыр мектебінің мақсаты.
«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны
табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай білім беру жүйесіндегі бүгінгі
өмірдің талабы сабақ өткізудің жаңа әдістері мен ақпараттандырылған оқыту
технологияларын пайдалану. Бұл мақсатқа жетудің бірден - бір жолы оқытудың
тиімді жолдары мен түрлерін іздестіру. Сондықтан да оқытудың жаңа түрлерін
күнделікті сабақта қолданып, жоғары нәтижеге жету – мұғалімнің міндеті.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын
алға апаратын күш білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-
өркендеуі,өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің
деңгейіне, даму бағытына байланысты.
Тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң қазiргi кезеңiндегi қоғамның түрлi
сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсендiлiгiнiң жоғарылауы арасында
байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетiн
белсендiру, оны тиiмдi басқару және дамыту, әдiстемелiк, ұйымдастырушылық
және моральдiк – психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделi
педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтiк мәселе болып табылады.
Менің проблемалық тақырыбым:«Интеллектуалдық ойындар арқылы
оқушылардың танымдық қабілетін дамыту»
Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А.
Коменский қалады. Ол: «Таным бастамасы – сезiмнен, бала сезiне бiлмесе,
оның ой – өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен
емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек», - деп жазды.
«Мен өз шәкiртiмнiң әрқашанда өз бетiнше бақылауын, практикада өздiгiнен
тұжырым жасауын дамытуды – бiлiм берудегi негiзгi жетiстiкке жету құралы
ретiнде қарастырамын», - деген болатын.Танымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге
деген өте белсендi ақыл – ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан,
таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық
белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады. Балалардың жеке тұлғасында
танымдық белсендiлiгiнiң дамуы бес – алты жас аралығында қарқынды келедi.
Бұл әсiресе баланың логикалық тапсырмаларды белсендi орындауы, жауап кiлтiн
табуға ширақ келуi, бiлуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы  оқу
әрекетiнiң мiндеттерiн шешуде айқын көрiнедi
Интеллектуалдық ойындар арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту
барысында бастауыш сынып оқушыларынан күтілетін нәтижелер
• кез келген ақпаратты беру және қабылдау үшін жағдайға қарай
шағын көлемдегі мәтінді қолдана алады;
• алынған ақпараттарға қатысты өзінің ойын білдіру үшін алғашқы
сөйлеу дағдыларын қолданады;
• тілдік қатынас және қоршаған шынайылықты танып білу құралы
ретінде ана тілінің маңызын түсінеді;
• топпен,командамен бірлесіп жұмыс жасау үшін алғашқы сөйлеу
дағдыларын пайдалана алады;
• жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана
біледі;
• интеллектуалдық ойындар барысында жалпыадамзаттық және
әлеуметтік мәдени құндылықтарға өз көзқарасын білдіре білуі;
• өзінің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін өзін-өзі билеуге және
кәсіби өсуге ынталы болуы;
• ақыл-ой қабілетін және жалпы өмірлік әрекетін жоғары деңгейде
ұстау үшін шығармашылық жұмысқа тартылады.
• интеллектуалдық даму деңгейі жоғары , дарынды тұлғалар
айқындалады.

Оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда интеллектуалдық ойындардың
атқаратын маңызы зор. Интеллектуалдық ойындар арқылы оқушылар әр түрлі
жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Интеллектуалдық ойындар
оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға құлшынысын,
қызығушылығын арттырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп,оны
білуге,меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып,
шеберліктерін шыңдайды.
Ойын-бұл еркін және өзіндік әрекет, ол баланың жеке қызуғушылығынан туады,
белсенділігімен ерекшеленіп, шығармашылығын, жоғары сезімділігін көрсетеді.
Ойында ғана баланың жеке қажеттілігі мен шектеулі мүмкіндіктері ашылады.
«Ойын, сондықтан ойын, ол баланың дердестігі...» Мен өз сабағымда
интеллектуалдық ойын түрлерін жиі пайдаланамын.Интеллектуалдық ойын
барысында оқушылардың танымдық қабілетін, алған білімдерін одан әрі дамыту,
тереңдету, олардың ізденпаздығын арттыру, ой-өрісін кеңейту,шығармашылық
қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеймін. Бастауыш
сыныптар арасында өткізген «Көкпар», «Алтын сақа», «Бәйге», «Тапқыр болсаң
, талас жоқ» , «Математикалық поэзия» т.б түрлі интеллектуалдық ойындар
бала қиялын ғана дамытпай оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын
арттырады. Бала өз мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады.

Ойын пән әрекетін күшейтіп, логикалық ойлауына, басқа адамдармен
іскерлік қатынастарына әсер ететінін анықтайды. Назарларыңызға 4-сынып
оқушыларымен өзін-өзі тану пәнінде өткізілген «Алтын сақа» танымдық сайысын
ұсынып отырмын.
Мақсаты:Абайдың оныншы қара сөзін негізге ала отырып оқушыларды дәлелді
сөйлей білуге баулу.Ой-өрістерін,тілін, сөздік қорын ,есте сақтау қабілетін
дамыту.Қарасөздің мазмұнын толық жеткізе білуге,ауызекі тілде жүйелі
сөйлей білуге үйрету. Салыстыру, қорытындылау,талдау дағдыларын
қалыптастыру.Оқушыларды өз білімін бағалай білуге баулу, ата-анасын
қадірлей білуге тәрбиелеу.

1-жүргізуші :
Өлеңі-ақыл,өзі аңыз,
Абай біздің бабамыз.
Өсиетін сондықтан,
Санамызға жазамыз.

Шен-шекпенге жасыңнан,
«Құмар болма!» депті Абай...
Милары жоқ масылға,
«Сыңар болма!»депті Абай ...

«Бүкіл абзал адамның,
Баласы бол!» депті абай.
«Атаң менен анаңның,
Панасы бол!»депті Абай.

Өсиетін Абайдың,
Орындап жүр кім қалай ?

2-жүргізуші
-«Алтын сақа» танымдық сайысы бес бөлімнен тұрады.
➢ «Табалдырық» бөлімінің сұрақтарына жауап берген 4 оқушы көрермендер
арасынан іріктелініп алынады.

➢ «Әудем жер» бөлімінде 4 оқушыға сұрақтар қойылады.

➢ «Қозы көш» бөлімінде сұрақтарға жауап берген 3 оқушы қалады.

➢ «Бел асар» бөлімінде сұрақтарға жауап берген 2 оқушы қалады.

➢ «Жолайрық» бөлімінде барлық сұрақтарға жауап берген 1 оқушы қалады.

Барлық сұрақтарға жауап беріп жеңіске жеткен сайыскер «Алтын көмбе»
сұрағына жауап беруге шақырылады.
1-жүргізуші :
- Абайдың оныншы қара сөзі бойынша өткізілгелі отырған «Алтын сақа»
танымдық сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер.

1. «Табалдырық»

Құдайдан біреудің тілейтіні не?
Жауап: Біреулер құдайдан бала тілейді

Баланы құдайдан не үшін тілейді?
Жауап: Өлсем орнымды бассын дейді,артымнан құран оқысын дейді,қартайған
күнімде асырасын дейді.

Баланың жақсы қандай,жаманы қандай?
Баланың жақсы-қызық,,жаманы-күйік.

Баланың қандай болуы екіталай ?
Баланың мал табарлық болары да,мал шашарлық болары болары да екіталай.

2.«Әудем жер»
Адамға құдай тағала не берді?
Жауап: Құдай тағала адамға еңбек қылып мал табарлық қуат берді.

Балаңды әуелі қалай алдайсың?
Жауап:Әуелі балаңды өзің алдайсың : «Әне,оны берем,міне мұны берем»
деп.Басында балаңды алдағанға бір мәз боласың.Соңыра балаң алдамшы
болса,кімнен көресің?

Тіршілікте өзің жақсылық қылған кісің көп болса олар қайтер еді?
Жауап:Тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса,кім құран
оқымайды?Егер жаманшылықты көп қылған болсаң,балаңның оқыған құраны сені
неге жеткізеді?

Абай бабамыз «Қартайған күнімде асырасын» деп бала тілеу неліктен бос сөз
деп есептейді?
Жауап: Қартайған күнімде асырасын десең,ол а –бір бос сөз.Әуелі, өзің
қаруың қайтарлық қартаюға жетісемісің,жоқ па? Екінші, балаң мейірімді
болып,асырарлық болып туа ма,жоқ па? Үшінші, малың болса кім асырамайды?
Малың жоқ болса қай асырау толымды болады?

1. «Қозы көш»

Құдайдан және не тілейсің?
Жауап: Және мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер?

Құдай тағала адам қуатын орнын тауып,сарып қылырлық не тіледі?
Құдай тағала адам қуатын сарып қыларды білерлік ғылым берді,оны
оқымайсың.Ол ғылымды ұғарлық ақыл берді.Оны қайда жібергеніңді кім біледі?

Малды «иттікпен» тапса не болады.
Жауап: Малды иттікпен тапса да адамшылықпен жұмсаған ешбір қазақты
көрмедім. Малды иттікпен тапса ,иттікпен айырылыды.

2. «Бел асар»
Бай болудың жолдары қындай?
Жауап:Ерінбей еңбек қылса,түңілмей іздесе,орнын тауып істесе,кім бай
болмайды?
Біреулер барында қаайтеді ,жоғында қайтеді?
Барында «баймын» деп мақтанады. Жоғында «маған баяғыда мал бітіп еді» деп
мақтанады.
3. «Жолайырық»

Ғылымсыз нелер ғибадат орнына бармайды?
Жауап: Ғылымсыз оқыған намаз,тұтқан ораза,қылған қажылық ешбір ғибадат
орнына бармайды.

4. «Алтын көмбе»
Мал таптың, байыдың.Сол малды сарып қылып не табу керек?
Жауап: Мал таптың, байыдың.Сол малды сарып қылып ғылым табу керек.Өзің таба
алмасаң балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ.

1-жүргізуші
Көп емес-ау саған артар міндетім,
Ең оңайы өзіңе-өзің жүр жетіп.
Бір өлеңін жатқа оқысаң Абайдың,
Сол болады еліңе еткен құрметің.

Осындай түрлі интеллектуалдық ойындар бала қиялын ғана дамытпай оқушылардың
сабаққа деген қызуғышылығын арттырады. Бала өз мүмкіндіктерін ашып,
жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады.
Ойын-бұл еркін және өзіндік әрекет, ол баланың жеке қызуғушылығынан
туады, белсенділігімен ерекшеленіп, шығармашылығын, жоғары сезімділігін
көрсетеді. Ойында ғана баланың жеке қажеттілігі мен шектеулі мүмкіндіктері
ашылады. «Ойын, сондықтан ойын, ол баланың дердестігі...»
Интеллектуалдық ойын пән әрекетін күшейтіп, логикалық ойлауына, басқа
адамдармен іскерлік қатынастарына әсер ететінін анықтайды.

Ұқсас жұмыстар
Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау
Ойын - балалар үшін күрделі әрекет
Математикалық ойлау есептері
"Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары."
Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары жайлы ақпарат
Бастауыш сыныпта оқыту
Көбейту ережесін пайдалана отырып есептер шығару
Тарих сабағында ойын элементтері арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Білімдерін тексеру
Ойын әлеміне саяхат
Пәндер