МАБ майталмандары: 7-8 сыныптар үшін физика және астрономия қайталау жарысы

Сабақ тақырыбы: МАБ майталмандары.

Сабақ мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып,

7, 8-сыныптарда өткендерін еске түсіру. Алда үлкен сын күтіп тұрғанын еске түсіру

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: жарыс түріндегі сабақ

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі (сабақ мақсатымен таныстырып, оқушыларды топтарға бөліп, әділқазы алқасын тағайындау)

Жарыс 5 бөлімнен тұрады:

  • Таныстыру (топ атын айтып, команда мүшелерін таныстырады)
  • Біліміңді тексер (100-500 балға дейін берілген сұрақтарға жауап беріп, қандай деңгейлі балл алса сонша балдық жүйемен бағаланады. Ойлануға 15 секунд)

Сұрақ
Жауабы
№: I. Космос
№: 1
Сұрақ: Қандай уақытта Жер Күнді толық бір айналым жасайды?
Жауабы: 365 тәулік
№: 2
Сұрақ: Бізге ең жақын жұлдыз?
Жауабы: Күн
№: 3
Сұрақ: Бірінші ғарышкер Ю. А. Гагариннің орбитаға ұшу сапарындағы космостық кемесі қалай аталды?
Жауабы: Восток
№: 4
Сұрақ: 1969 жылы 21 шілдеде Айдың бетіне алғаш қадам басқан, мына американдық астронавт.
Жауабы: Н. Армстронг
№: 5
Сұрақ: 2006 жылы өткен ассамблеяның III Халықаралық астрономдар бірлестігінде ол планета деген статусынан айырылды, бірақ көптеген астрономдар ол шешіммен келіспей өз наразылығын білдірген болатын
Жауабы: Плутон
№: I I. Ғалымдар
№: 1
Сұрақ: Классикалық механиканың негізін салушы?
Жауабы: И. Ньютон
№: 2
Сұрақ: Ваннадан шыға сала, “ЭВРИКА” деп айқайлаған ғалым?
Жауабы: Архимед
№: 3
Сұрақ: Самос аралында дүниеге келген ұлы математик және философ, сонымен қатар Олимпиада ойындарының жеңімпазын ата?
Жауабы: Пифагор
№: 4
Сұрақ: Физика тарихына енген ғалым, ағылшын ботанигі?
Жауабы: Броун
№: 5
Сұрақ: Оның “бастамаларында” геометрия және теориялық арифметиканың негізгі заңдылықтары туралы айтылған?
Жауабы: Евклид
№: I I I. Физика табиғатта
№: 1
Сұрақ: Аса қажет өмірге халық үшін, пайдаланамын күн сайын жарық үшін
Жауабы: Электр тогы
№: 2
Сұрақ: Грек тілінен аударғанда “электрон” қандай мағынаны білдіреді?
Жауабы: Янтарь
№: 3
Сұрақ: Ағаштардың қайсысы орнықты тепе-теңдік қалыпта бола алады шырша немесе емен?
Жауабы: Емен
№: 4
Сұрақ: Адамның қан айналым жүйесіндегі қысымы мм. сын. бағ. нешеген тең?
Жауабы: Жоғарғы қан айналым қысымы 100-120 мм сын. бағ.
№: 5
Сұрақ: Мына жануарлардың қайсысы жылқы немесе сиыр тапталған және батпақты жерлерде тез жүреді?
Жауабы: Сиыр
№: IV. Жылу
№: 1
Сұрақ: Шеңбер ұзындығының диаметріне қатынасы?
Жауабы: Пи саны
№: 2
Сұрақ: Мұзда тайғанамау үшін не себеді?
Жауабы: Тұз, құм
№: 3
Сұрақ: Космоста салқын ба? Сіз кемені тастап, ашық космоста термометрді алдым деп ойлаңыз. Ол нені көрсетеді?
Жауабы: Температураны вакуумде өлшеуге болмайды
№: 4
Сұрақ:

Шетін көргенмен,

Қусаң жете алмайсың

Жауабы: Көкжиек
№: 5
Сұрақ: Қалайыны суда балқытуға болама?
Жауабы: Иа, егер ішкі қысымды ұлғайтсақ
№: V. Өлшем бірліктер
№: 1
Сұрақ: СИ жүйесіндегі ұзындықтың өлшем бірлігі?
Жауабы: Метр
№: 2
Сұрақ: Қуаттың өлшем бірлігі?
Жауабы: Ватт
№: 3
Сұрақ: Алғашқы болып Ньютонның бірінші заңын ашқан кім?
Жауабы: Галилей
№: 4
Сұрақ: Зат мөлшерінің СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі
Жауабы: Моль
№: 5
Сұрақ: Олар векторлықта скалярлықта бола алады
Жауабы: Физикалық шамалар
№: VI. Физика жұмбағы
№: 1
Сұрақ: Күннен де күшті, желден әлсіз, аяғы жоқ жүреді, көзі жоқ, жылайды?
Жауабы: Бұлт
№: 2
Сұрақ: Жерде жатады: бояй алмайсын, құлата алмайсын, баса алмайсын?
Жауабы: Көлеңке
№: 3
Сұрақ: Бар-жоғын оның білмейсің, онсыз өмір сурмейсің
Жауабы: Ауа
№: 4
Сұрақ:

Мамықтай ұлпа, қанттай аппақ,

Қыста жер бетін басады.

Жазда сайға қарай қашады

Жауабы: Қар
№: 5
Сұрақ: Аяғы жоқ, қолы жоқ, бірақ үйге кіреді
Жауабы: Жылу мен суық
  • Кім жылдам (тақтаға берілген сөздің әріптерін пайдаланып сөз құрау. Бір әріпті екі рет қайталауға болмайды (әрбір дұрыс сөз 10 балдық жүйемен бағаланады) ) төмен балл жинаған 3 команда ойынды жалғастыра алмайды, яғни финалға тек 2 команда шығады.

  • Сұрақ-жауап (10 сұрақ беріледі (әрбір дұрыс жауап 10 балдық жүйемен бағаланады) )

10-сұрақ


Ұқсас жұмыстар
8-сынып: Электр құбылыстары - қайталау сабағы (физика және астрономия)
Ашық сабақ: 7-сыныптар үшін физика пәні қайталау сабағы - негізгі ұғымдар, қысым және ығыстырушы күш
10-сынып, Физика және астрономия: Жылу құбылыстары - интерактивті қайталау сабағы
7-сынып оқушыларына арналған Физика және Астрономия: дидактикалық материалдар (практикум)
7-сыныпқа арналған Жұлдызды сағат ойын сабағы: физика және астрономия ұғымдарын бекіту
10-11 сыныптар үшін Физика әлеміне саяхат: интеллектуалдық сайыс-сабақ
7-8 сыныптар үшін Математика және спорт тақырыбындағы сайыс сабақ жоспары
Биологиялық мейрамхана: 7-8 сыныптар үшін сыныптан тыс сайыс сабақ
Физика және астрономия пәні: заттың құрылысы, қозғалыс, масса және күш тақырыбы бойынша оқу-ойын формасындағы қайталау сабағы
Физика және астрономия: I-II тарауларға арналған оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz