Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

§18. Плаунтектес өсімдіктер

Сабақтың тақырыбы: §18. Плаунтектес өсімдіктер
Мақсаты: 1. Білімділік: Плаунтектес өсімдіктердің құрылысының
ерекшеліктерімен көбеюін түсіндіру.
2. Тәрбиелік: Жаңа сабақ барысында қосымша әдебиеттерден ізденуге тапсырма
беру арқылы ізденімпаздыққа тапсырма
беру арқылы ізденімпаздыққа
жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
3. Дамытушылық: Көкек мүгі мен плаунның құрылысын салыстыру арқылы
плаундар ерекшелігі жайлы білімін
толықтыру
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: тірек-сызбамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер, оқулық.
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану пәні.
I . Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу,түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал-жабдығын
тексеру
3. Оқушылардың назарын сабаққа
аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Төмендегі кестенің сұрағына жауап толтырыңыз

|Шымтезек мүгінің кездесуі | |
|Шымтезек мүгінің жапырақ жасушалары | |
|Шымтезек мүгінің көбеюі | |
|Ақ мүк дейтін себебі: | |
|Жасыл мүктің басқа мүктерден | |
|айырмашылығы | |
|Шымтезектен қандай шикі заттар | |
|алынады | |

III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Плаунтектестер ерте дәуірде пайда болған.Олардың қазіргі кездегі
өкілдері – көпжылдық мәңгі жасыл шөптекті өсімдіктер.Жойылып кеткен
түрлерінің ішінде ағаштары да кездескен. Қазіргі кезде плаун туысының 100-
дей түрі белгілі.Плаунтектестер тең және әр түрлі споралы өсімдіктер.Тең
споралы плаунтектестердің кең тараған өкіліне шоқпарбас плаун жатады.
| Шоқпарбас плаунның көбею жолдары |

|Өсімді |Жыныссыз |Жынысты |
|Төселіп өсетін |Споралар арқылы жүзеге |Жерге түскен споралардың|
|өркендерінің |асады. Споралар |өнуінен басталады. Плаун|
|үзінділері арқылы жүзеге|масақтарында жетіледі. |спораларының өнуінің екі|
|асады. Мұндай |Плаунның спора түзетін |типі белгілі: жерүсті |
|үзінділердің |масағының өсіне көптеген|және жерасты. Бірінші |
|жас жасушаларынан |үш бұрышты, ұшы үшкір |жағдайда споралар жерге |
|алдымен қосалқы |спорофилдер бекиді. |түскен соң бірнеше |
|тамырлар, содан соң жас|Спорофилл түрі өзгерген |күннен кейін жерүсті |
|өркендер жетіледі. |жапырақ. Осы |өскіншелерін береді. Бұл|
|Осылай бір өсімдіктен |спорофилдерде бүйрек |өскіншелерін жартылай |
|бірнеше плаун пайда |тәрізді спорангий – |сапрофит ретінде |
|болады. |споралар дамитын орын. |қоректенеді. |

Плаундар барлық жасыл өсімдіктер секілді фотосинтез процесінің
нәтижесінде ағзалық заттар түзеді және ауаға оттегін бөліп шығарады.
Плаундар жердің бетін жауып тұрады және топырақ түзу процесіне қатысады.
Плаундардың практикалық маңызы шамалы. Спораларын көп мөлшерде жинап, дәрі-
дәрмек жасауға пайдаланады. Шөбін қайнатып, тұнбасын іш жүргізетін, несеп
айдайтын және өтті тазартатын дәрі ретінде медицинада қолданылады.

IV. Жаңа сабақты бекіту
Берілген сөйлемді аяқта

1. Плаунтектестер ................... пайда болған (ерте дәуірде)
2. Қазіргі кезде плаун туысының .......... түрі белгілі (100)
3. Қазіргі кездегі өкілдері ......... ................(көпжылдық мәңгі
жасыл шөптекті өсімдіктер)
4. Тең споралы плаунтектестердің кең тараған өкіліне ............
(шоқпарбас плаун) жатады.
5. Шоқпарбас плаунның жыныссыз көбеюі ............ (споралар ) арқылы
жүзеге асады.
6. ................... – түрі өзгерген жапырақ (спорофилл)
7. Плаун спораларының өнуінің екі типі белгілі ............... ,
.............. (жерүсті және жерасты)
8. Спораларын көп мөлшерде жинап , (дәрі-дәрмек) жасауға пайдаланылады.
V. Үй тапсырмасы:
1. §18. Плаунтектес өсімдіктер.
2. Көкек мүгі мен плаунның құрылысын, көбеюінің сабағының ішкі
құрылысындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды кестеге сызып, дәптерлеріңе
жазып келу

Ұқсас жұмыстар
Плаунтектес өсімдіктер
Тірек ұлпа
Дәрілік өсімдіктер
Қылқан жапырақты өсімдіктер
Балдыр жасушасына енетін бактерия
Қызыл балдыр
Мүк тәріздестер бөлімі
Раушангүл тұқымдасына жататыны
Ағылшын тілінен тереңдетілген оқу бағдарламасы. 8 сынып
Биоэкология қолданбалы курс
Пәндер