Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ақпараттық мәдениет дегеніміз не

«Ақпараттық мәдениет» дегеніміз не?

Өткізу формасы: Пікірталас
Қатысушылар: 10-11 сынып оқушылары

Пікірталастың барысы:

Жүргізуші: Қазіргі заман талабына сай адамдарлың мәлімет алмасуына, қарым-
қатынасына ақпараттық –коммуникациялық технолгиялардың кеңінен қолданысқа
еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру
қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері
–жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғмның алдында
тұрған ең басты міндет.
Ендеше бүгінгі өткізгелі отырған пікірталастың тақырыбы: «Ақпараттық
мәдениет « деген не? Иә, бүгінгі күні ақпараттық қоғамға көшу процесінде
ақпараттың құдылығы өзгеріп, уақыт, кеңістік және қашықтық ұғымдары туралы
түсінігіміз кеңейіп, осылардың барлығы жаңа мәдениеттің, яғни ақпарттық
мәдениеттің тууына себепші болып отыр.

Олай болса сендердің осы «Ақпаттық мәдениет» терминін естігенде ойларыңда
қандай ассоциациялар қалыптасады? Әр топ өз ойларын қысқаша қағазға
түсіріп, тақтаға іліп баршамыз талдайық.
(Әр топқа қағаз беріледі. әр топ қатысушылары өз ойларын білдіреді)

Жүргізуші: Ақпараттың біраз бөлігі техникалық жинақтауыштарға жазылған және
оларды компьютер арқылы алуға болады. Ал ақпарттың басым бөлігі баспа
түрінде кітапханаларда және архивтерде сақталады. Компьютерлік сауаттылық
адамның ақпарттық қоғамдағы іс-әрекеттеріне жеткіліксіз. Ақпарттық
сауаттылық пен мәдениеттіліктің маңызды компоненті компьютерлікпен қатар
кітапханалық болып табылады. Осы орайда кітапханамен жұмыс істей алудың
маңызы зор. Осы себептен біз бүгін пікірталасқа мектеп кітапханашысын
шақырған едік, сол кісіге сөз берелік.

Кітапханашы:
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі –осы ақпарат, бірақ
оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге
айналып кетеді екен. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің
артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең тарауына орай ақпарат
таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күннен-күнге артып бара
жатқаны байқалады. Ондай ақпараттардың сапасы көбініесе өте төмен болып
келеді, тіпті жалған, әрі зиянды мәлімет көбейіп барады, ең қауыптісі осы
залалды ақпараттырдың шексіз таралуы бірте-бірте артып барады.
Қазіргі кезеңде біздін еліміз бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістікке
белсенді түрде кірді деп айтуға болады. Оның ертеңі қалай болмақ? Біз
қандай ақпаратқа кіреміз, не аламыз? Алғашқы жасалған қадамдар жоғарыда
айтылған кері әсерлердің де жеткілікті екенін көрсетіп жатыр.
Осындай мәселелерді шешу шектеулер мен тосқауыл қою арқылы жүзеге
аспайды, ол үшін бізде «талғамдық мәдениеті» қалыптасуы керек, яғни
ақпараттық аймақтағы құндылықтарды бағалай білетін, әр адамның моральдық
деңгейін биіктететін «Ақпараттық мәдениет» қалыптастыратын тәрбие беруіміз
керек

Жүргізуші: Біздің заманымыздың талабына сай ақпарат алудың активті және
пассивті түрі пайда болды. Міне, кітапханашының айтып отырған мәліметі,
жоғарыда айтылған мұражай, театр т.б жерлерге бару бәрі ақпарат алудың
активті түрі. (сызбадан көрсету)
Енді ақпарт алудың пассивті түріне тоқталайық. Ол не деп ойлайсыңдар?
(оқушылардың ойларын тыңдау)

Жүргізуші: сендердің ойларыңды қорыта келе ақпарттық мәдениет
–компьютерлік технологияны пайдалану деген шешімге келдік. Ал енді
алдарыңыздағы қағазға активті және пассивті ақпарттың жақсы және жаман
жақтарын түсіріңдер.

ХХІ ғасыр –ақпараттану ғасыры дейміз. Бүгінде интернеттен ақпарат алу
жылдам жолға қойылған. Интернеттің көмегімен оқыту бағдарламаларына қатыса
аламыз, дистанттық білім алу жүйесіне енуге болады. әсіресе өнер саласында
зерттеуге қолайлы, мысалы мұражайлардың әртүрлі сайттарын
пайдалану.Эрмитаждың залдарын туристермен қысылмай—ақ үйде отырып аралауға
болады немесе Вашингтондағы Ақ үйге барып, президенттің жанұясымен
танысуға болады және т.с.с.
Дегенменде Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың
бақылауға көнбейтін кері процесінің күннен-күнге артып бара жатқандығы
байқалады. Ондай ақпарттың сапасы өте төмен болып келеді, тіпті жалған әрі
зиянды мәлімет көбейіп барады.Ең қауіптісі осы залалды ақпарат күннен күнге
артып бара жатыр. Бұл кез келген мәліметті қажет болмаса да қабылдай
беретін жандарға кері әсер бертін «ақпарттар қоқысы» көбейіп барады.
Олай болса төмендегі сауалдар бойынша пікіріміздіортаға салайық:
• Интернеттегі «ақпарттар қоқысы» туралы не айтасыңдар?
• Компьютердің денсаулыққа әсері және компьютерлік ойындардың зияны
қандай?
• «Хакердің» пайда болуы неліктен?
• Қазіргі кезде «компьютерлік вирустар» қаншалықты зиян әкелуде?

Осы мәселелерді шешу шектеулер мен тосқауыл қою арқылы жүзеге аспайды. Ол
үшін бізге талғамдық мәдениетті қалыптастыру керек. Яғни ақпарттық
аймақтағы құндылықтарды бағалай білетін, әр адамның моральдық деңгейін
бейнелейтін «Ақпарттық мәдениет қалыптастыратын тәрбие алуымыз керек және
адамда келесі білім, меңгеру тәсілдерін қалыптастыру керек.

Қорытынды:
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі –осы ақпарат, бірақ
оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге
айналып кетеді екен. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің
артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең тарауына орай ақпарат
таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күннен-күнге артып бара
жатқаны байқалады. Ондай ақпараттардың сапасы көбініесе өте төмен болып
келеді, тіпті жалған, әрі зиянды мәлімет көбейіп барады, ең қауыптісі осы
залалды ақпараттырдың шексіз таралуы бірте-бірте артып барады.
Қазіргі кезеңде біздін еліміз бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістікке
белсенді түрде кірді деп айтуға болады. Оның ертеңі қалай болмақ? Біз
қандай ақпаратқа кіреміз, не аламыз? Алғашқы жасалған қадамдар жоғарыда
айтылған кері әсерлердің де жеткілікті екенін көрсетіп жатыр.
Осындай мәселелерді шешу шектеулер мен тосқауыл қою арқылы жүзеге
аспайды, ол үшін бізде «талғамдық мәдениеті» қалыптасуы керек, яғни
ақпараттық аймақтағы құндылықтарды бағалай білетін, әр адамның моральдық
деңгейін биіктететін «Ақпараттық мәдениет» қалыптастыратын тәрбие беруіміз
керек.

«Ақпараттық мәдениет» дегеніміз тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу
емес, кез келген ақпарат көзін- анықтамаларды, сөздіктерді,
энциклопедияларды, көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын,
т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. «Ақпараттық мәдениет»-бұл әңгімелесе
білу теледидар хабарын ( Интернетті) талғамды түрде қарау немесе қарамау,
алынған мәліметті ой елегініен өткізіп, талдай білу және де өзгелердің
«еркіндігіне» әсер ететін жағдайларда, өз «еркіндігіңді» шектей білу.

Өздерің талқыға салғандай жағымды, жағымсыз мәселелерді шешу шектеулер мен
тосқауыл қою арқылы жүзеге аспайды. Ол үшін бізде “талғамдық мәдениеті”
қалыптасуы керек.
Яғни информациялық аймақтағы құндылықтарды бағалай білетін, әр адамның
моральдық деңгейін биіктететін “”Ақпараттық мәдениетті” бойымызға
қалыптастыруымыз керек

ШҚО, Абай ауданы Архат ауылы
С.Бекбосынов атындағы орта мектебі
Информатика пәнінің мұғалімі
Азімбаева Нұрпан Мұсабайқызы

-----------------------
Ақпарат алу

Активті

Пассивті

Кітапхана,
баспа беттері, мұражай, театр,
саяхат т.б

Интернет
Эл. Оқулық, т.б.

Ұқсас жұмыстар
Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі
Студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
ЖАСТАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланып информатика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру
Сынып сағаты
Негізгі құралдар
Кітапхана сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану
Ақпараттық мәдениет негіздерін оқытуда интерактивті тақтаны қолдану тәсілі
Мектеп информатика курсы бойынша оқулықтарға талдау
Пәндер