Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Оқушылармен топтық жұмыстарды ұйымдастырудың мәні, қиындықтары мен тиімді жолдары
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
Шал ақын аудандық білім бөлімі
Мәркен Ахметбеков атындағы орта мектебі
Оқушылармен топтық жұмыстарды ұйымдастырудың мәні, қиындықтары мен тиімді
жолдары
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Баяхметова Зейнегүл Қабдоллақызы
ОҚУШЫЛАРМЕН ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МӘНІ, ҚИЫНДЫҚТАРЫ МЕН ТИІМДІ
ЖОЛДАРЫ
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы
Мәркен Ахметбеков атындағы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Баяхметова Зейнегүл Қабдоллақызы

Қазақстан Республикасы Егеменді ел болғалы өмірімізде түбірлі
өзгерулер, жаңа ашық қоғам құруда үлкен бетбұрыс, туған тіліміздің
мемлекеттік мәртебеге ие болуы мектепке, мұғалімге – жалпы білім беру
жүйесіне игі әсерін тигізеді.
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Жаңа формация
мұғалімі – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық
құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген, білікті маман, өзін-өзі
әрдайым жетілдіруге ұмтылған шығармашыл тұлға. Ол жоғарғы білімді,
шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты,» - деген болатын.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім берудегі»
тұжырымдамасының жобасында білім берудің мақсаттары мен міндеттерін және
бұған дейінгі білім берудегі тежейтін факторларды атап көрсетті.
«Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние
жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін
бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өздігінен
дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке
тұлғаны қалыптастыру», - деп айта келіп, білім берудегі кедергі келтіретін
факторларды атап көрсетті. Олар:
Материалдық-техникалық базаның, оқу-жабдықтарының, әдістемелік
құралдардың сәйкессіздігі;
Мамандардың жетіспеушілігі;
Жаңа технологиялардың қолданылмауы;
Осыған байланысты педагогикалық тың ізденістер, жаңа әдіс-тәсілдер
пайда бола бастады. Білім беруде, мектеп өмірінде білім сапасын қайтсек
арттырамыз деген көкейкесті сұрақтар туындады. Жаңа қоғамға қажетті тұлғаны
оқытып – тәрбиелеуде жаңа технологиялардың қажеттілігі өмір талабы екендігі
айқын сезілді.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Ыбыраев ауылы М.Ахметбеков
атындағы орта мектебі 2004-2012 жылдар аралығында «Оқу мен жазу арқылы сыни
тұрғыдан ойлауды дамыту» деп аталатын жаңа білім жобасы бойынша жұмыс істей
бастады. Бұл жоба Қазақстанда 1997 жылдан бастап қолданылуда.
Жобаның оқу жоспары мен бағдарламасын Джинни Стилл, Куртис Мередит және
Чарльз Темпл атты американ ғалымдары жасады. Жоба көптеген елдерде үлкен
сұранысқа ие болды.
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? Енді осы сауалға қысқаша тоқталып
өтейін.
Біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып
табылады. Сабақ сыни тұрғадан ойлау принциптеріне негізделген болса,
әркімнің өз ойы мен пікірі, бағалаулары басқалардан тәуелсіз болады.
Сонымен қатар ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлау
болып есептеледі. Ең негізгісі – не ойлау керектігін оқушылар өздері
шешеді. Мұндай жағдайда балаларға ойлау еркіндігін беруге тырысу керек.
СТО – бұл біздің ХХІ ғасыр талаптарын орындап шығуға мүмкіндік
береді, оқып-үйренгендерімізді тереңірек түсінуге көмектесетін бірден-бір
жол.
Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңы емес, бастапқы пункті
балып табылады.
Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет
ететін мәселені анықтаудан басталады.
Төртіншіден, СТО көңілге қонымды дәлелге құрылуы қажет. Оқушы
мәселені шешуде саналы түрде дәлелдер іздеуге тырысады.
Бесіншіден, СТО әлеуметтік ойлау болып табылады. Барлық ойлар ортаға
салынып, дәлелденеді.
Сабақты талқылау барысында жұппен, топпен істейтін жұмыстың барлық
түрлері пайда бола бастайды.
Топпен жұмыс істеу барысында жобаның оқушы үшін тиімді жақтарына
тоқталып өтейін:
Оқушы бұрынғыдай мұғалімнің айтқанын қайталамайды, шығармашылықпен
жұмыс істейді, ойлау қабілетін арттырады;
Оқушы мұғалім үшін жеке тұлға ретінде қабылданады;
Бұрын сабақта екі-үш жақсы оқитын оқушы ғана жауап берсе, топпен
жұмыс істеу барысында барлығы жауап беруге тырысады;
Өздеріне деген жауапкершілік артады;
Өздерін еркін, жайлы сезінеді;
Оқушы мен мұғалімнің арасында жақсы қарым-қатынас орнайды;
«Білмеушіліктің» артықшылығы пайда бола бастайды;
Өз ойларын жеткізуге жігерлі, тыңдай және ести, сұрақ қоя біледі;
Көркем жазуды үйренеді;
Дайын жауапты іздеуге тырыспайды, сыныптан тыс көп ізденеді;
Топпен жұмыс істеу барысында СТО мұғалім үшін тиімді жақтары:
Мұғалімді соңғы нәтиже емес, оқыту процесі көбірек алаңдатады;
Мұғалім оқушының білім жағынан өскенін көріп, оларды түсіну үшін
икемді болуға тырысады;
Оқушының сабақтағы әрекетті емес, әрі қарай білім алу үшін жекелей
әрекеті, олардың ізденуі, өздерінше ойланып, таразылай білуі қызықтырады;
Сабақты жоспарлау барысына көп уақыт бөлінеді;
Оқушылар бұрынғыдай емес, сұрақтарды жиі қоятындықтан, мұғалім
ізденімпаз болады;
Жекелей, топпен жұмыс істеуге көңіл аударады;
Ұстаз оқушылардың өздігінше білім алу жолдарын қарастырады;
Бұрын ашық сабақтарда мұғалім өзін көрсетуге тырысса, енді
оқушылардың әрекетіне көңіл бөлінеді;
Шыдамдылыққа, мейірімді болуға, басқаны тыңдай білуге үйренеді;
Барлық оқушы бір дұрыс жауапқа келу керек деген сезімнен босап, әр
оқушы түрліше ойлайтындығы таң қалдырады;
Сұрақ қою арқылы оқушыны ойлантуға тырысқандықтан, олардың
мүмкіншіліктері кеңейеді;
Басқа мұғалімдермен жақсы қарым-қатынас орнайды;
Айтқанын, оқығанын қайталап берген оқушыға «бес» деген баға қоюдан
бас тартып, зерттеп, ізденген оқушының жұмысы көп толғандырады;
Топпен жұмыс істеу барысында бағдарламаның тиімді жақтарымен бірге
көптеген қиыншылықтарға да тап болдым. Ең алдымен, жазба жұмысын беру
барысында уақыттың жетіспеушілігі тақырыпты талдау барысына кері әсерін
тигізді. Бастапқы уақытта оқушылардың көпшілігі жазу жұмысын ұнатпады,
кейін бұлардың барлығына үйреніп, жазба және ауызша жұмыстар істей бастады.
Ең қиыны оқушының өзін-өзі бағалауы болады. Бұған менің өзім алғашқыда
қарсы болдым және оқушылар өзін-өзі бағалауда көп қателер жібереді.
Стратегияларды қолдану барысында өз басымда көп олқылықтар болды. Алғашқы
жылдары көп стратегия қолдану арқылы жоғары білім сапасына жетемін деп
ойладым, кейін бір ғана стратегиямен үлкен жетістіктерге жетуге болатынын
түсіндім. Жұмыстың бастапқы кездерінде оқушылардан алатын кері байланыс,
күнделікті сабаққа жазылатын рефлексия сирек алынып, оның қажеттілігіне аса
көп көңіл аудармадым. Кейіннен оқушылар мен мұғалімнің арасындағы кері
байланыс, мониторинг пен рефлексияны міндетті түрде жүргізу қажеттілігін
түсіндім.
Қорыта келгенде, оқыту барысында жүргізілген көп жылдық іс-тәжірибеме
сүйене отырып, жаңа технологияның маңызды да тиімді екенін байқадым. Ең
алдымен, бұл бағдарламамен жұмыс істеу барысында оқу-тәрбие жұмыстарындағы
келеңсіздіктер тез арада жойыла бастады. Оқушылардың тіл пәндеріне деген
қызығушылығы артты. Шығармашылық жұмыстар, зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Әсіресе, тіл пәндеріне «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Ассоцация»
құру, «Бірінші жақта жансыз затты жандандыру» арқылы шығарма жазу, «Кең
ауқымды лекция», «Семантикалық карталар» жасау, «Білемін, білгім келеді,
үйрендім», «Эссе» жазу, «Шығарма кестесін жасау», «Қос жазба күнделік»,
«Кубизм» т.б. стратегиялары кеңінен қолданылады.
СТО бағдарламасымен оқытудың маңызы ең алдымен оның құрылымы мен
стратегияларының көптігі және оқыту технологиясының өзгешілігінде деп
ойлаймын.
Бұған дейінгі сабақтарымда негізгі әрекет жасаушы өзім болатынмын.
Түсіндіруші де өзім, жауап беруші де өзім, оқушының әрекеті аз болатын.
Оқушы тарапынан сұрақ аз туындайтын.
Қазіргі үш кезеңге бөлінетін жаңа сабақ үлгісіне келсек, мұғалімнің
белсенділігі оқушының белсенділігімен бірге өседі. Егер сызба түрінде
берсек, ол төмендегідей үлгіде болады:
Дәстүрлі сабақ жоспары
СТО бағдарламасы бойынша сабақ жоспары
СТО бағдарламасы бойынша оқыту технологиясының тиімділігі алдыменен
жекелей, жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, оқушыны ойлануға, ізденуге,
өзіне сын көзбен қарауға, достыққа, өзіне деген сенімін арттыруға көп
көмегін тигізеді.
Жаңа технологиямен жұмыс істегеннен бастап, өз басым көп нәрсеге
басқаша көзқараспен қарай бастадым. Өз ойымды бүкпесіз, ашық айтуға
үйрендім. Көптеген мұғалімдердің сабағына қатысып, тәжірибе алмастым.
Бағдарламадағы стратегиялар менің оқушыларымның танымдық белсенділігінің
артуына, білімінің жоғарлауына септігін тигізе бастады. Осының айғағы,
соңғы жылдары ҰБТ қорытындысы бойынша оқу сапасының өскендігін айта кетуге
болады.
СТО бағдарламасы тек қана оқытудың жаңа жобасы ғана емес, одан да
көлемдірек, ауқымдырақ – жаңа өмірге көзқарас, жаңа бір қадам.
Болашақта оқушыларымыздың ашық қоғамда өмір сүретін азамат болып
қалыптасуына көп көмегі бар СТО бағдарламасы қазіргі кезеңнің үздік, ең
озық үлгісі бола алады деген сенімдемін.
-----------------------
Ақпарат беру
Түсіндіру
Қайталау
Бақылау
Нақты жағдайлар ұсыну
Осы жағдайлар бойынша іс-әрекеттер
Талқылауға әкелу
Кері байланыс

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz