Жай сөйлемнің түрлерін қайталау

Қызылорда қаласы
№ 264 мектеп-лицейінің мұғалімі
Бодықова Әсел Амантайқызы
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнің түрлерін қайталау.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік мақсаты:
Жай сөйлемдердің түрлерінен алған білімдерін пысықтау, қорыту. Жай сөйлемдердің құрылымдық ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету;
ә) Дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру, сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін дамыту;
б) Тәрбиелік мақсаты:
Ұжымдасып еңбектенуге, әдептілікке, ұлттық тәлім-тәрбие алуға, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы
Сабақтың әдісі: кубизм әдісі, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, тест, жаттығу, талдау, графикалық сынақ.
Сабақтың көрнекілігі: семантикалық карта, кубик, тест парақшалары, бағалау парағы, үміт талы, графикалық сызба.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, сыныптың тазалығын тексеру, оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару. Сыныпты үш топқа бөлу. Топ басшыларына бағалау парақтарын тарату. (Бағалау парағына жауап берген оқушыларды белгілеп отыру керек)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырма тест әдісі арқылы сұралады. Оқушыларға 7 сұрақтан тұратын жеке-жеке тест парақшалары таратылып, 5 минут уақыт беріледі. Нәтижесі топ басшыларының көмегімен тексеріледі.
І нұсқа
1. Жалаң сөйлемді көрсет.
А) Адақ еш уақытта мұндай қуанған емес.
В) Қартқожа сөйлеп тұр.
С) Жоғары қарады.
Д) Ауылға көз салды.
Е) Түн. Дала жым-жырт.
2. Бастауышы жасырын тұрған сөйлем қалай аталады?
А) Жалаң сөйлем В) Жайылма сөйлем С) Жақты сөйлем Д) Жақсыз сөйлем Е) Толымды сөйлем
3. Жақсыз сөйлемді көрсет.
А) Сабақтан кешігуге болмайды.
В) Баяу ескен қоңыр жел.
С) Туған жерге туың тік.
Д) Оның елі - дүйім қазақ.
Е) Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болам.
4. Толымды сөйлемді көрсетіңіз.
А) Өзеннен балық аулаймыз.
В) - Қайда барасыз?
С) - Бүгін кездесуге барасыз ба?
Д) Абай Ділдамен оңаша қоштасты.
Е) Жеті жұрттың тілін біл.
5. Жалаң сөйлемді белгіле.
А) Қалың қар. В) Қар жауды. С) Бүгін жауды. Д) Қар қалың жауды. Е) Қарлы боран.
6. Атаулы сөйлем қандай сөз табынан екенін көрсетіңіз.
Түн. Аспан. Бұлт.
А) Есімдік В) Етістік С) Сын есім
Д) Зат есім Е) Есімше
7. Атаулы сөйлемді табыңыз.
А) Ағасы бардың жағасы бар.
В) Таң мезгілі.
С) Су жылы екен.
Д) Ел іші - өнер кеніші.
Е) Киімін жинастырды.
ІІ нұсқа
1. Қайсысы жақсыз сөйлемнің жасалу жолына жатпайды?
А) -ғы, -гі, -қы, -кі тұлғалы қалау райлы етістік
В) Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомалар.
С) Атау немесе барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң «керек», «мүмкін» сөздерінің тіркесуі.
Д) Баяндауышы зат есімнен басталады.
Е) Барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң «бол», «жара», «тура», «кел» көмекші етістіктерінің тіркесуі.
2. Жақты сөйлемді табыңыз.
А) Менің бұл сөзге қосылғым келмеді.
В) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
С) Қандай ғажап!
Д) Қалың қар жауды.
Е) Айсыз, бұлтсыз қараңғы түн.
3. Толымсыз сөйлем қандай жағдайда жиі қолданылады?
А) Төлеу сөзде В) Құрмалас сөйлемде
С) Сөйлем мүшелері түгел қатысып, ой толық айтылғанда
Д) Салалас сөйлемдерде Е) Диалог жағдайында
4. Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрі қалай аталады?
А) Жақты сөйлем В) Жақсыз сөйлем С) Толымды сөйлем
Д) Жайылма сөйлем Е) Атаулы сөйлем
5. Жалаң сөйлемді белгілеңіз.
А) Едіге ұзақ жол жүрді. В) Алыстан мұнар тау көрінеді.
С) Жаңбыр сіркіреп тұр. Д) Таспен ұрғанды аспен ұр.
Е) Ол бүгін сабаққа бармады.
6. Атаулы сөйлемді табыңыз.
А) Бүгін күн ашық.
В) Ол сабаққа кешігіп келді.
С) - Қашан келдіңіз?
Д) Сәуірдің бас кезі.
Е) Оған жақсы оқу керек.
7. Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің бірі түсіп қалған сөйлемнің түрі қалай аталады?
А) Жақты сөйлем В) Атаулы сөйлем С) Жалаң сөйлем
Д) Жайылма сөйлем Е) Толымсыз сөйлем
ІІІ. Жай сөйлемнің түрлерін қайтлауға арналған деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей. «Кубизм» әдісі. Ортаға кубик тасталады. Оның алты қырына сұрақтар жасырылған. 3 топтан оқушылар кезекпен шығып сұрақтарға жауап береді. Сұраққа жауап берген топқа үлестірме белгі беріледі. Әр топтың басшысы үлестірме белгіні жинап отырады.
1. Толымды және толымсыз сөйлем дегеніміз не? Олар қандай жағдйда қолданылады?
Жайылма сөйлем қалай жасалады?
2. Бастауышы жасырын тұрған сөйлем қалай аталады?
Жалаң сөйлем дегеніміз не?
3. Жақты сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.
Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түріне жатады?
Абай Ділдамен оңаша қоштасты.
4. Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдарын айтып бер.
Құрылысына қарай жай сөйлем қандай түрлерге бөлінеді?
5. Атаулы сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.
Айтылу мақсатына қарай жай сөйлем қандай түрлерге бөлінеді?
6. Берілген сөйлем жай сөйлемнің қандай түріне жатады?
Жаз. Қайнаған күн. Қара бұйра жер, көк торғын аспан.
Толымсыз сөйлем қандай жағдайда жиі қолданылады?
ІІ деңгей . Семантикалық карта. Тақтаға семантикалық карта ілінеді. 3 топтан оқушылар кезекпен шығып жай сөйлемнің қай түріне жататынын белгілейді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz