4-сынып: Көп таңбалы санды екі таңбалы санға көбейту және бөлу - сабақ жоспары

Семей қаласы

№ 19 жалпы орта білім беретін мектеп

Абылова Гүлсім Қырықбаевна

4 сынып

Математика

Тақырыбы: Көп таңбалы санды екі таңбалы санға көбейту және бөлу.

Мақсаттары:

  1. Көп таңбалы санды екі таңбалы санға көбейту және бөлуді үйрету
  2. Оқушылардың ой- өрісін, ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
  3. Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: монеталар, қима қағаздар, қалалардың аттары, ақша қағаздар, «білім банкі», «касса» жазулары.

Сабақ түрі: «Капитал » ойыны

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Сабақтың мақсатын айту.

Бүгін көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға көбейту және бөлуді үйренеміз. Сабақ кезінде «капитал» ойынын ойнаймыз.

  • Банк деген не?
  • Қор жинау деген не?

Біз бүгін «Білім банкіне» қор жинаймыз. Мен - Банк президентімін. Сендерге жинақтық қорын ашуды ұсынамын. Ең кіші салым - 4 монета. Әрбіреуіңе 6 монета берілген. Дұрыс жауап үшін Банктың кассасына барып монета саласыңдар.

1 тапсырма. Ауызша санау

Әрбір торкөз 4 апельсин деп санасаңдар, әрбір себетте неше апельсин бар?

:
:
:

8 6 9 12

16 32 24 36 48

Әрбір торкөз 3 кг алма деп санасаңдар, әрбір себетте неше кг алма бар?

:
:
:

8 6 10 7

12 24 18 30 21

3 оқушы бірінші болып тапсырған кредит алады. Кредитқа 2 монета беріледі.

2 тапсырма. Банк жүйесі деген ұғым бар. Банк жүйесі дегеніміз- ол қаланың әр ауданында не болмаса басқа қалаларда осындай банктер жұмыс істейді дегені. Білім банкі қандай қалаларда бар екенін анықтайық. Дәптерлеріңе бағанмен мысалдар шығарасындар.

468*13 8592 : 6 716*2

817*43 19456 : 8 6000-4568

6534-879 8642-905 1131*5

4308+249 4805+2609 1264+168

908*20 2864 : 2 3707*2

304*8 4065+2019 23*12

Қатармен жұмыс.

Жауаптары:

6084-С

35131-Ы

5655-М

4557-Л

1432-А

2432-Е

7737-Й

7414-Т

18160-Н

3 қала: АСТАНА, АЛМАТЫ, СЕМЕЙ.

3 тапсырма

Білім банкі «Үлгілі депозит» ашуға болады деп жариялайды. Онда үш саты бар.

1 саты- жай есеп

Екі қаладан бір мезгілде екі машина бір - біріне қарама- қарсы жолға шықты. Олардың біреуі кездескенге дейін 348 км, ал екіншісі одан 3 есе кем жол жүрді. Қалалардың арасы неше километр?

2 саты- орташа есеп

Ерзат бағасы бірдей 5 кітап, ал Азат 3 кітап сатып алды. Ерзат Азаттан 180 тенге артық төледі. Кітап қанша тұрады? Олардың әрқайсысы қанша төледі?

3 саты- күрделі есеп.

Шаруа қожалығы 1128 т бидай, одан 250 т кем қара бидай және бидайдан 8 есе кем арпа сатты. Шаруа қожалығы барлығы қанша астық сатты?

Осыған байланысты әркім өз мүмкіндігіне қарай есеп алады.

Тақтада шығарылады.

4 тапсырма.

Білім банкі оқу курсын ашып жатыр. Мұнда «Банк менеджері», «Озат тұтынушы» деген лауазым беріледі.

Ол үшін күрделі теңдеу шеші керек.

Х+1800=20*360

A*8=640+160

Қорытынды: Кассадағы монеталар саналады. Бағаланады.


Ұқсас жұмыстар
4-сынып математикасы: Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу - қайталау сабағының жоспары
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және қалдықпен бөлу: спортпен интеграцияланған аралас сабақ
Көп таңбалы сандарды екі таңбалы санға қалдықпен жазбаша бөлу
3-сынып математикасы: Қайталау сабағы - екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу (ашық сабақ)
3-сынып математикасы: үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу - сабақ жоспары
176×4 және 704:4 мысалдары арқылы үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
3-сынып математикасы: үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдері (ашық сабақ)
4-сыныпқа арналған Көп таңбалы санға үш таңбалы сандарды көбейту және бөлу сабақ жоспары (Білім биржасы ойыны)
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы көбейту әдісі
3-сынып математика: екі және үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz