Сынып тәрбиесінде ата-ана мен мұғалімнің ынтымақтастығы

Бала тәрбиесі - мәңгілік мәселе .

Өнегесі мол отбасы тәрбиесіне ештеңе тең келмейді

Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге адалдықпен, асқан жауаптылықпен атсалысу - ата - ана мен ұстаздардың, әсіресе, сынып жетекшісінің басты парызы .

Ұстаздардың өмірі мектептегі еңбек майданында оқушымен тығыз байланыста болады . бір сыныпта әр түрлі бала болады, яғни, әр түрлі психология . Ендеше сол оқушылармен тіл табысып, жұмыс жасай білген ұстаз - психолог. Кейде келіспеушіліктер де, қиындықтарда туындап жатады . Сол кезде ата - ананың көмегі, ықпалы көп қажет болады . Мұғалім өзіне бағынбаған баланың қылығы үшін ата - анасын шақыруға тура келеді . Сондай жағдайда кей ата - ана мектепке келуден бас тартады, ал кейбірі келіп алып, мұғалімді жазғырады .

Сүйкімді, тіл алғыш, сезімі пәк, жүрегі таза бүлдіршін - орта немесе жоғары буынға

келгенде неге өзгеріп сала береді ? Оның тәрбиесіне ұстаз ғана емес, ата - ана, жүрген ортасының қатысы бар емес пе ?

Кей ата - аналар баланы қалай тәрбиелеу керектігін, қалай жақсы көретінін білдіре алмайды . Бірі - мұғаліммен бірдей етіп киіндіріп, қалтасына ақша салып, туған күндерін тойлағандарына мәз, енді бірі - шектен тыс қаталдыққа беріліп, айтқанын орындатады . Тәрбие - баланы бетке қақпай, бетімен жіберу емес, баланы тәрбиелеу - ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару .

Ата - ана мен мұғалім арасындағы бір - біріне деген сенімділік - бірінші және шешуші шарт . Арадағы қарым - қатынас ата - ананың тәрбие ісіне қызығуын оятып, табысқа ұмтылдыратындай, өз күшіне сенімділік тудыратындай болып құрылуы тиіс .

Мұғалімнің екінші бір маңызды міндеті - отбасын педагогикалық білік - дағдылармен қаруландыру, оларды теориялық және практикалық түрде меңгерту .

Дұрыс ұйымдастырылған педагогикалык қарым - қатынастың аяғы ата - аналардың өз балаларының ғана емес, жалпы сынып тәрбие жұмысына қатысуына әкеледі .

Біз оқуға жағымды қатынасты қалыптастыруда ата - ананың алатын орнының маңызы зор екенін айтуымыз керек . Ол үшін әрбір ата - ана баласының қызығушылықтарымен, икемділіктерімен таныс болуы керек . Өкінішке орай, көптеген ата - аналар баласының бос уақытында тек оқу әрекетімен шұғылдануын талап етеді Бұл баланың оқуға деген ықыласына кері әсерін тигізуі ықтимал . Сабаққа дайындық барысында ата - ананың күнделікті бала сабағына көмектесуі, қызығушылықтарын байқатып отыруы, , баланы бағындырмай, өз еркімен сабақты орындауын ұйымдастырып, қолайлы жағдай жасауы баланың оқу әрекетіне жағымды қатынасын қалыптастыруға ықпалын тигізеді .

Ата - аналарды оқу пәнінің жаңа бағдарламаларымен, оқыту әдістерімен, мұғалімнің қоятын талаптарымен таныстыру үшін - ашық сабақтар ұйымдастыру тиімді . Бұл ата - аналардың мектептегі оқыту ерекшеліктерінің егжей - тегжейін түсінбеуінен туатын көптеген даулы жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді .

Мектептегі сыныптан тыс тәрбие шараларына ата - аналарды тартып, қатыстырып отырған дұрыс . Отбасылық танымдық көңілді ойын - сауық, спорттық сайыс . ата - аналар арасынан әр түрлі мамандық иелерімен кездесу кештері - осының барлығы ата - аналарға өз балаларын одан әрі танып білуге, балаларының бойындағы өздеріне белгісіз қызығушылықтарын, талантын, өнерлерін анықтауға мүмкіндік туғызады .

Ата - анамен сөйлескенде мұғалім барынша сыпайылық, әдептілік танытуы тиіс .

Сыпайылық әдептілік сақтау әсіресе өз балаларының бұзақылық жасауы мүмкін екеніне сене алмайтын ата- аналар алдында өте қажет .

Ата - аналар жиналысында оқу үлгерімі жетістіктерінің ғана қорытындысы жасалып қоймай, сонымен қатар педагогиканың маңызды мәселелері қарастырылса

жемісті болмақ . Ата -аналар жиналысы нәтижесінің ең басты көрсеткіші - ата - аналардың белсене қатысуы . Ол мектепке, мұғалімге деген сыйласымдық қарым - қатынасының белгісі .


Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік белсенді тұлғаны тәрбиелеуде ата-ана мен мұғалімнің ынтымақтастығы
Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мұғалімнің жауапкершілігі және өзара ынтымақтастығы
Баланың дамуы мен тәрбиесінде ата-ана мен мұғалімнің рөлі: ата-аналарға арналған тренинг
Мектеп пен отбасының бірлігі: ата-ана мен мұғалімнің ынтымақтастығы және оқушы дамуы
Отбасы - тәрбие мектебі: ата-ана мен мектептің ынтымақтастығы
Ата-ана мен мектеп ынтымақтастығы арқылы бала тәрбиесін күшейту
Отбасы тәрбие жүйесі: ата-ана мен мұғалімнің бірлескен рөлі
Отбасы - тәрбие мектебі: ата-ана рөлі және мектеп-отбасы ынтымақтастығы
Шаңырақ шуағы: Отбасы мен мектеп ынтымақтастығы арқылы ата-ана педагогикалық біліктілігін арттыру
Отбасылық тәрбие және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ: ата-ана мен мұғалімнің рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz