Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Рухани жаңғыру. Кітап оқу
Қызылорда қаласы №7 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі
Төлепбаева Гүлмира Әбдіғапбарқызы
Сынып: 3 «А»
Тақырыбы: Рухани жаңғыру. Кітап оқу
Мақсаты: оқушыларға кітаптың қолына қалай жететіндігін көрсету,
кітапханамен жұмысты қалай дұрыс ұйымдастыру керектігін түсіндіру. Кітапты
қадірлеуге, құрметтеуге, қызыға оқуға, кітапты жылдам оқуды пайдасы мен
зиянын ажыратуға үйрету.
Ресурстар: АКТ, баспахана жайлы және кітапхананың жұмысы жайлы
бейнебаяндар, «Кітап – рухани қазына» тақырыбындағы кітап крмесі, қанатты
сөздер.
Барысы:
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, бүгінгі 3 «А»
сыныбының «Рухани қазына. Кітап оқу» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
«Кітап оқыңдар! Бүгінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі, оның білім
деңгейіне байланысты. Кітап адамды жан-жақты дамытады, ой-өрісін кеңейтеді»
- деп ел президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, кітап – алтын сандық. Дана
халқымыздан «Іші толған қазына, құт, оқы, оқы ойыңа тұт» - деген даналық
сөз де қалған.
Кітап – рухани қазына, замана сыры, тарихи шежіре, кітап-тәрбие
құралы. Кітаптың сан ғасырлық тарихын айтып жеткізу мүмкін емес.
Ал, енді сол кітаптың пайдасы жөнінде достар, не дейсіңдер?
Нұрсұлтан: Ғалымдар кітап оқу, музыка тыңдау, сурет салумен айналысатын
адамдарды басқа адамдармен салыстырғанда олардың жүйке жүйесінің тез
дамитындығын дәлелдеген. Оларды ақыл-ой еңбегімен айналысатындар деп жоғары
бағалайды.
Іңкәр: Кітап оқымаған адам ойлауды да қояды дейді ғалымдарымыз. Кітап
оқыған адамның білімге, өмірге деген құштарлығы, талпынысы күштірек болады.
Абылай: Ғалымдар кітапты көп оқыған адамдардың жүйке жүйесінің шаршауы,
үлкен мидың қартаюы болмайтындығын дәлелдеген.
Жүргізуші: Достар, сендер айтып отырған кітап қайдан шығатынын білесіңдер
ме? Білгілерің келе ме? Білгілерің келсе, келесі сөзді Нұрқанатқа берейік.
Нұрқанат баспахана жайлы видеоролигін түсіндіреді.
Айжан: Кітап оқудың пайдасы неде? Неге кейбір адамдар үлкен болсада кітап
оқуды жалғастыруда?
Даниял: Себебі кітап оқу 1-шіден адамның логикасын дамытады. Оған дәлел,
бұрын соңды сөзге шорқақ адам, қолына кітап ұстап, классика оқи бастаса
болды, ойын еркін жеткізе алатын дәрежеге жетеді екен.
Асан: Оқығаныңызды іштей талдай бастасаң, ойлау қабілетің дами түседі. Бұл
екіншіден.
Жанерке: Үшіншіден, қартайған кезде де кітап оқысаң, өз ойыңды жинақтауға
көмектеседі. Сондықтан қартайған шақта ақыл-ойды сақтап қалуға көмегі бар.
Бекжан: Төртіншіден, көңіл-күйің болмасада кітап оқу бір сәт көңіліңді
бөледі. Уақытша болсада уайымыңды басады.
Хадиша: Міне,осы айтылғандардың бәрінен мынадай ой түйіндеуге болады: кітап
оқу, кітапқа қызығу - адамдарды жақындастырады, еесте сақтау қабілетін
арттырады.
Абибулла: Сондықтан биыл біз сыныпта «сынып кітапханасын ашып», бір айда
әрқайсымыз он кітап оқуды жоспарлап отырмыз.
Хормен: Кітап - досың, жолдасың
Өмірдегі жол басшың.
Кітап туралы оқушылардың үш тілдегі өлеңдері.
Жүргізуші: Біз кітаптың баспаханадан қалай шығатынын, оның пайдасын білдік.
Енді ол кітаптарды баспаханадан ала салып оқи аламыз ба?
-Кітапхана жұмысы жайлы Жанерке бейнеролик арқылы әңгімелеп береді.
Жүргізуші: Кітапты қай уақытта оқыған дұрыс?
Айзере: Кітапты бар уақытта оқыған тиімді. Әрқашан өзіңмен алып жүрсең, кез-
келген жерде оқуға болады. Кезекте күткенде, жол жүргенде, біреуді күткенде
тағы басқа уақытта телефонды шұқып отырғанша, кітап оқыған дұрыс.
Жүргізуші: «Ұятқа қалдырған желі» тақырыбындағы көріністі тамашалайық.
Жүргізуші: Кітапты жылдам оқудың пайдасы бар ма?
Айару: Психологтар адам кітапты неғұрлым тез оқыса, оның есте сақтауы
жоғары болады дейді. Кітапты жылдам оқитын адамдар 33-83 сөзді бірден
көреді екен.
Абдулрахман: Кітапты жылдам оқитын адам ақпаратты тез қабылдайды.
Адия: Н.Банапарт 1 минутта 200 сөз оқитын болған екен. Ол 2000беттік
кітапты жарты сағатта аяқтайтын болыпты. Біздің сыныптағы ең жылдам оқитын
оқушы, ол Ақбөпе.
Нұрай: Біздің сыныптағы Маржан 1-сыныпта 1 минутта 100 сөз оқыған тұғын.
Жарайсың Маржан!
Сержан: Ғалымдар кітапты тез оқыған адамға қарағанда, жәй оқитын адамның
көзі тез шаршайтындығын айтады.
Майра: Кітап оқығанда жарық сол жақтан түсіп тұруы керек. Сондай –ақ
кітаптыкішкене солға қарай қисайтып оқыған дұрыс.
Жүргізуші: Келесі кезекті мектебіміздің кітапхана қызметкері Қалдыгүл апай
мен Лиза апайға берейік. Мектеп кітапханасында қанша кітап қоры бар және
оқушылар кітапханаға бара ма? Олар көбіне қандай кітаптар алады? Осы
сұрақтарға жауап берсе.
Жүргізуші: Еліміздің тәуелсіздігінің арқасында біздің тіліміз жанданып
келеді. Сол тәуелсіздігімізді әнге қосайық.
І топ. 1. Ән «Тәуелсіз ел» ІІ топ. 1.
«Алтын ұя мектебім» биі
2. «Көңілді шарлар» биі 2.
«Чему учат в школе» әні
Хор. «Туған ел»
Қонақтарға сөз беру, аяқтау.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz