Қызыққа толы бұл әлем.

«Келісемін»Астана қаласыДарынды балаларға арналған№9 «Зерде» мектебінің директорыныңтәрбие ісі жөніндегі орынбасарыБоканова А. А« » 2018 ж:

«Келісемін»

Астана қаласы

Дарынды балаларға арналған

№9 «Зерде» мектебінің директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Боканова А. А

« » 2018 ж

«Бекітемін»Астана қаласыДарынды балаларға арналған№9 «Зерде» мектебінің директорыӘ. Жәнібекова« » 2018 ж:

«Бекітемін»

Астана қаласы

Дарынды балаларға арналған

№9 «Зерде» мектебінің директоры

Ә. Жәнібекова

« » 2018 ж

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Қызыққа толы бұл әлем. »

9 «ә» сыныбы

Сынып жетекшісі: Нуржанова Б. Н

Астана 2018

Сабақтың тақырыбы: Қызыққа толы бұл әлем.

Мақсаты: Даңқы әлемге жайылған сәулет ескерткіштері жайлы білімдерін кеңейту. Кереметтердің бәрі адам қолымен жасалатынын, яғни адамның ақыл - ойы мен шеберлігінен туындағанын, оны сақтау керектігін ұғындыра отырып, сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу. Жаратылыстың ғажайып құбылыстарын түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу. Балалардың «Өзін-өзі тану» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Өзін, өзгелерді, адамгершілік құндылықтарын танып білуге қызығушылықтарын арттыру. Сыйластыққа, кішіпейілдікке, ізділікке тәрбиелеу. Кереметтердің бәрі адам қолымен жасалатынын, яғни адамның ақыл - ойы мен шеберлігінен туындағанын, оны сақтау керектігін ұғындыра отырып, сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу

Сабақтың міндеті:

  • Ғажайып құбылыстарды көкірек көзімен ғана көру даналық екенін ұғындыру;
  • Жаратылыстың бұлжымас заңдарын түсіндіру арқылы оқушылардың шынайылық қасиетін дамыту;
  • Оқушыларды даналыққа, шынайылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, иллюстрациялық материалдар. әлемнің жеті кереметі суреттері, Қазақстандағы мәдени ескерткіштер суреттері,

Әдісі: сыныпаралық сайыс.

Шаттық шеңбері: Балалармен бірігіп шеңберге тұрып «Әлем деген не?» сұрағына бір сөзбен жауап береді.

Топқа бөлу: Оқушылар «Құндылықтар» бойынша 5 топқа бөлінеді.

  1. «Ақиқат»
  2. «Сүйіспеншілік»
  3. «Дұрыс әрекет»
  4. «Қиянат жасамау»

Сабақтың барысы :

Кіріспе. Бүгін біз сынып сағатында өзін-өзі тану әлеміне кішігірім саяхат жасаймыз. Халқымыздың «Ізденген жетер мұратқа » деген сөзі бар. Әр нәрсені білуге талпыну, білімнің тереңіне бойлау - адамды кемелдікке жеткізеді, рухани жағынан байытады. Дүниеде балалар түсіне білмейтін жәйттар көп. Өмірді танығысы, бәрін білігісі келетін балалар «Ол кім?», «Бұл не?», «Неліктен?», «Қайда?», «Қашан?» деген тәрізді сұрақтарға жауап іздеп, бір тыным таппайды. Сол сияқты біз де өзіміздің әлеміміздің қызықтарын анықтаумен бастаймыз.

«Аквариум» әдісі арқылы сұрақ - жауап:

Бекхан: 1. Әр бір топ мүшелері өткен аптада өзіңіздің басыңыздан өткен

қызықты оқиғаны айтыңыз?

Сұлтан: 2. Болашаққа жоспарыңыз қандай?

Шығармашылық жұмыс: «Ақиқат» тобы- Мәтінді оқып жағдаяттан шығу жолын айтады.

Еркеназ, Алтын, Зере үшеуі бір сыныпта Мектептен келген соң да олар бірге ойнап, бірге серуендейді. Олардың достығын бәрі қызығатын. Соңғы кезде достардың арасында бір келіспеушілік болған сияқты. Бұрынғыдай емес, Еркеназ өзінен-өзі Зереге қырын қарап, бойын одан алшақ ұстай бастады. Оның есесіне Алтын мен Еркеназ екеуі жұмбақтап сөйлейтін әдет шығарады. Бірде Зере Еркеназдан не болғанын сұрады. Еркеназ күмілжіп, онша нанымды жауап айта қойған жоқ.

«Сүйіспеншілік» тобы - «Сүйікті мектебім» таұырыбына жоба жасау. Слайд, флипчарт қорғау.

«Дұрыс әрекет» тобы- Мәтінді оқып, сахналап көрсетеді.

Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көріп:

-Менің қалтамда апам “самса алып жерсің” деп берген ақша бар. Кеттік, кино көрейік, -деді.

Алмагүл:Үйден сұранып шыққан жоқпыз. Іздеп қалады ғой, -деп іркіліп қалды.

-Ештеңе етпес, “мектепте болдық”деп айта саламыз . . .

Ажардың ұсынысына сендер қалай жауап берер едіңдер?

«Қиянат жасамау» тобы: Өлең жолдарын құрастыр

Арамызда, өкпе, реніш болмасын

Адамдарға түсінікпен қарасақ

Жасамайық адамзатқа қиянат

Ізгіліктің жолында біз жүрейік.

Оқушылар берілген тапсырмалары топпен орындайды.

Әлемнің жеті кереметі. : оқушылар слайд арқылы көрсетеді

Родос алыбы

Мүсінші Харестің қолынан шыққан күн құдайы Гелиостың алып мүсіні - Родос аралында салынған теңдесі жоқ ескерткіштердің бірі. Родос тұрғындары Гелиосқа айрықша табынған. Күн құ-дайы Гелиос аралды өз қолымен теңіз түбінен алып шыққан деген де аңыз бар. Бұл мүсіннің әлемнің жеті кереметтерінің бірі ретінде саналуы тегін болмаса керек. Аралдың кіре берісінде орналасқан биіктігі 35 метр болатын мүсін құрылысы 12 жылға созылған.

Зевс мүсіні

Әлемнің жеті кереметтерінің бірі - Зевс мүсіні Олимпия қаласының орталық алаңындағы Зевс ғибадатханасында болған. Оны әйгілі грек мүсіншісі Фидий піл сүйегі мен алтынды қиыстырып жасаған. Мүсіннің биіктігі 17 метр. Кейіпкердің бір қолында жеңіс құдайы

Семирамиданың аспалы бағы

Тигр және Евфрат жарыса аққан қосөзен аңғарын жайлаған Месопотамия өз қойнауында талай кереметті жасырды. Тарихы бай Шумер мен Аккад мәдениетінің керемет туындысы - Вавилон патшасы Навуходоносордың (б. з. д. 605-562) сүйікті жары Семирамидаға арнап салдыр-ған аспалы бағы.

Александрия маягы

Фарос аралының шығысындағы Египеттің эллиндік орталығы Александрия қаласының маңында орналасқан. Қала атын әлемге танытқан Фарос маягы біздің заманы-мыздың III ғасырында салынды. Тұтастай мәрмәр тастан қашалған, асқан шеберлікпен қаланған маяктың биіктігі - 150 метр.

Артемида ғибадатханасы


Ұқсас жұмыстар
Қызыққа толы әлем
Суреттерге зер салып, Сұрақтарға зейін қоя қараңдар
Балалар үшін үлкен өмір - қызыққа толы таңғажайып әлем
Жұмысымның нәтижесі
ТАС ҚАҚПА тапсырмасы
Құстар аймағына арналған сұрақтар
Ғажайып әуе шарына саяхат
Оқушыларды табиғатты сүйе білуге, қорғай білуге тәрбиелеу
Мейірімді болайықшы бауырлар
Қош бол, бастауыш!
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz