Хабарлы, лепті, сұраулы сөйлемдер. Отан - отбасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Хабарлы, лепті, сұраулы сөйлемдер. Отан - отбасы.

Сабақтың мақсаты: хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді ажыратып, тапсырмаларды орындай алуға, отбасы ұғымын кеңейтуге үйрету, ойларын жүйелей алуға бағыттау.

Сабақтың нәтижесі: хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді ажыратып, тапсырмаларды орындай алады, отбасы ұғымын кеңейтеді.

Сабақтың түйінді идеялары: Сауаттылық, ойын жүйелеу, жағымды қарым-қатынас нығайту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Блум таксономиясы»

Сабақтың кезеңдері
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Сабақтың кезеңдері:

І. Кіріспе

Психологиялық дайындық

«Сәлемдесу»

Топқа бөлу

Уақыты: 2 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті:

Балалар, бүгінгі күнді жақсы көңіл күймен қарсы алайық, бүгінгі күн барлығымыз үшін сәтті болсын.

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын

Құтты қонақ келіпті.

Төрімізге еніпті. Ал қанекей бәріміз Сәлем дейік үлкенге.

Оқушыларға үш фигура (төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек) карточка таратылып, сол бойынша топтасады.

1. «Тілшілер» (үшбұрыш)

2. «Тапқыштар»(дөңгелек)

3. Шешендер(төртбұрыш)

C:\Users\Азиза\Desktop\Снимок.JPG

Оқушының іс-әрекеті:

Амандасады.

3 топқа бөлінеді. Көшбасшыларды анықтайды.

Бағалау парақтарымен жұмыс жасайды.

Білу - 2

Түсіну - 4

Қолдану - 4

Талдау - 3

Жинақтау - 2

Сабақтың кезеңдері: Білім
Уақыты: 5 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті:

«Миға шабуыл» әдісі

1. Сөйлем дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?

2. Сөйлемнің тыныс белгісі қандай?

Сәйкесін тап ойыны

Это мамочка моя - біз сыйлықтар дайындадық

Мы подготовили подарки - мен екі орамал тоқыдым

Бабушка обрадовалась - бұл менің анашым

Я вышила два платка - әжем қуанып қалды.

Оқушының іс-әрекеті: Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Сабақтың кезеңдері: Түсіну
Уақыты: 10 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті:

1. Сөйлемдерді оқып, қазақшаға аударыңыз. 2. Сөйлемнің қандай түрлері бар екенін айтыңыздар. 3. Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар.

Девочка читает книгу. В саду расцвели яблони и груши. Не шумите, пожалуйста. Когда они приехали. Какое прекрасное утро! Люди, берегите природу! В дверь стучать. Ты где живешь?

Оқушының іс-әрекеті: Әрбір оқушы тапсырманы жекелей орындайды.
Сабақтың кезеңдері: Қолдану
Уақыты: 8 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті:

Берілген тақырыптар бойынша сұраулы, лепті, хабарлы сөйлемдерді қатыстырып диалог құрастырыңыздар.

1- топ: Табиғат аясында

2-топ: Ауылда

3-топ: Мектепте

Оқушының іс-әрекеті: Әр топ өзіне берген тақырыптар бойынша топ болып ұйымдасып, идеяларымен алмасып, жұмыс жасайды.
Сабақтың кезеңдері: Талдау
Уақыты: 7 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті:

1- топ: Отбасындағы әке мен ананың негізгі мақсатының өзара айырмашылықтарына мысал келтіріңіз.

2-топ: Отбасындағы ізетті сөздердің мәні қандай?

3-топ: «Отан отбасынан басталады» деген мақалды қалай түсінесіз?

Оқушының іс-әрекеті: Топ болып талдайды, дәлелдейді.
Сабақтың кезеңдері: Жинақтау
Уақыты: 8 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті: «Отбасындағы менің міндетім» тақырыбында постер жасау.
Оқушының іс-әрекеті: Әр топ постер жасайды.
Сабақтың кезеңдері: Бағалау
Уақыты: 8 мин
Мұғалімнің іс-әрекеті: « Отбасымның жетістігі - менің жетістігім!» осы пікірмен қаншалықты келісесіз?
Оқушының іс-әрекеті: Әрбір оқушы өз пікірін айтып, дәлелдей алады.

Ұқсас жұмыстар
Сөйлем айтылу мақсатына қарай үшке бөлінеді хабарлы сөйлем сұраулы сөйлем лепті сөйлем
Компьютер. хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер
Сұраулы сөйлем. бұйрықты сөйлем
Хабарлы сөйлем
Қорытынды деңгейлік өздік жұмысы
Оқушының деңгейі
Бұйрықты сөйлем
Лепті сөйлем тобы
Қайсысы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz