Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мен өз Отанымның азаматымын

Сабақтың тақырыбы: «Мен өз Отанымның азаматымын»
Сабақтың түрі: Актуальды диспут сабағы
Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет, бейнелеу өнері
Сабақтың көрнекілігі: қабырға газеттері, магнитафон, телевизор,
бейне магнитафон.
Сабақтың мақсаты: а) білім беру: Оқушыларды өз Отанын сүйетін,
қадірлейтін, сақтайтын сапалы азамат болуға
дайындау;
б)дамыту: Оқушылардың Отан алдындағы, туған
жері, туған тілі алдындағы борышын арттыру;
в)тәрбиелік: Азаматтық міндет пен оны орындау
туралы түсініктерін қалыптастыру;
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақты Республикамыздың Әнұранымен бастаймыз.
б) Сабақтың мәтіні: психологиялық дайындық;
1)«Cypeттey», стратегиясы Мұхтар Шахановтың
«Достық өлкесінің заңы» атты өлеңіне
сахналандырылған көрініс.

«Достық өлкесініц заңы»
Алдымызға қанша сауал тосылды,
Өмір бізді ерте үйірді биіне.
Сәби кезім, бірге ойнайтын досымды,
Ертіп бардым нағашымның үйіне.
Сәбилік шақ, сүттей аппақ кезең бұл-
Аңғал, бейқам, балбұлақтай сыңғырлы
Досым «киіп көремін» деп әжемнің
Байқаусызда көзәйнегін сындырды.
Енді қайттік, амал-айла азайып,
Құтылуға өкен іздеп тарықтық,
Досым менің ұяң еді ғажайып,
Әжем өте қатал еді жарықтық .
-«Бала мұнша бола ма екен мазасыз,

4) «Пікір талас» стратегиясы
1-топ. Абай пікірін жақтайды
2-топ. Абай пікіріне қарсы болады
Б) Келешектегі қазақ қандай болуы керек?
Теледидар арқылы бейнетаспадан Қазақстанның Елбасы Н.Назарбаевтың
халыққа жолдауынан білім саласы бойынша үзінді көрсетіледі.
«Қай кезеңде де халықтың бәсекелестікке қабілеттілігі елдің білімділік
деңгейімен айқындалады. Осы негізде келешек жастардың білімділігін арттыру
мақсатында жалпыға бірдей білім беретін мектепке 12 жылдық білім жүйесін
ендіру керек болып отыр. Балалардың мектепке дайындығын 6 жасқа дейінгі
дайындық бала-бақшалары қамтамасыз етсе 6 жастан бастап 11-сыныпқа дейінгі
аралық орта білімді бала бойына сіңіреді. Ал 12 - сыныпта бала келешекте
алатын жоғары білімінің алғашқы курсына сәйкес білімін толықтырады немесе
кәсіптік білім алуға ұмтылады. Яғни мектеп аттестатымен бірге ол бір кәсіби
мамандық иесі де болып шығады.
Сондықтан 12 жылдық білім балалардың келешегіне толық жауап беретін
білім жүйесі ретінде біздің елімізге қажет болып отыр.»
Осы елбасы Жолдауының негізінде сыныпты екі топқа бөліп пікірталас
жүргізу.
1-топ Президент пікіріне қарсы ой білдіреді.
2-топ Президент пікірін жақтайды.
В)Бүгінгі Қазақстанның жеткен жетістіктері теледидар арқылы
бейнетаспадан Түркістан, Алматы және Астана қалаларында бой көтерген әсем
ғимараттар, халық жағдайы, жаңалықтары жайлы бейнефильм көрсетіледі.
Г) 2030 жылғы Қазақстан қандай болмақ?
Тақтаға «Түркістан қаласындағы 2030 жылғы орта білім беру жүйесі»
тақырыбында М.Жұмабаев атындағы өз мектеп-гимназиямыздың 2030 жылғы
жаңарған келбеті, «Түркістан қаласындағы 2030 жылғы жоғары білім беру
жүйесі» тақырыбында «Қ.А.Иассауи» атындағы Х.Қ.Т.У-і-нің 2030 жаңарған
келбеті «Туризм орталығы Алматы 2030 жылы» тақырыбында Алматы қаласындағы
медеу мұз айдынының 2030 жылғы келбеті, «Сәулет өнерінің падишасы-Астана
2030 жылы» тақырыбында Астана қаласының жаңарған ғимараттарының 2030 жылғы
келбеті кескінделген 4 сурет-қабырға газеті ілінеді.
2)«Ой шақыру» стратегиясы
Бұл сөз арқылы Отанды сатпау, сақтау, сүю біздің Отан алдындағы
«азаматтық борышымыз» екендігін тану.
3)«Топтастыру» стратегиясы

Азаматтық борыш
Ел тарихын білу, болашағын ойлау, Отан үшін еңбек ету, туған халық
үшін-білімді болу міндеттерімізді пайдалану мақсатында Халқымыздың өткені
мен ертеңіне үңілу.
А) Бұрынғы қазақ қандай еді?
Теледидар бейнетаспасы Абай Құнанбаевтың 24 қара сөзіне бейне клип
көрсету.
«Осы біздің қазақтың баюы, мал жинауы, бедел арттыруы өзге халықтан
ерекше. Бір-бірін аңдып, беріспей, барын көре алмай, жоғын бере алмай,
қасқырша аңдысып отырғаны. Дүниежүзінде жүз мыңнан астам халқы бар бір ел
бар көрінеді. Дүниенің бас аяғын аралап шыққан кісісі де бар екен. Егер
ондай кісі біздің қазақтан шығар болса, сол күні-ақ көре алмай атып
тастаған болар едік... Біздің қазақта өзге елдей бауырмал, мейірман, дос,
ынтымақшыл ел болар ма екенбіз? Әй не болса да, екі көзге бір ауыз қарсы
тұрған заман болды бұл!»
Осы қара сөз негізінде сыныпты 2 топқа бөліп Абай пікірі жайлы ойларын
Қане, қайсың көзәйнекті сындырған?
Айтыңдар тез, қалдырмаймын жазасыз,
Сындырған кім, алдыма кеп тұр жылдам?!»
Енді қайттік, кім ұсынбақ қол үшын?
Бұл қырсықтан құтқармақ боп досымды
—«Мен сындырдым, кешіріңіз мен едім,»
дедім, үнсіз төмен салып басымды.
Бір ерекше дүлей мінез күтіп ек,
Шіркін адам табиғаты - ай сан қырлы.
Қанша ашулы болғанымен осы рет,
Әжем мені жазалаусыз қалдырды.
Лезде қайта көтеріліп еңсеміз,
Көңіліміздің айдынында күн күлді.
Сол сәт інім сыбыр етті: - «Сенбеңіз,
Көзәйнекті қонақ бала сындырды.»
Әжем кенет ашу буып күйгелек,
Ашу буып аң-таң болып қалды да,
—«Жүр бері» - деп құлағымнан сүйрелеп
Ертіп барды нағашымның алдына.
- «Қой, бәйбіше дау тудырма бекерге,
Аз-маз ғана кінәраттық болғаны
Айып па екен өзін беріп қатерге,
Ер жігіттің досын қорғап қалғаны
Достық деген ізгіліктің алаңы,
Оған куә ғасырлар мен замандар
Отанын да сатып кете алады,
Қиын сәтте досын сатқан адамдар!
Көрініске 6 оқушы қатысады: Ата, Әже, Жиен бала, қонақ інісі, бала
және автор.
Көріністің соңында Атаның айтқанын «Отанын да сатып кете алады, қиын
сәтте досын сатқан адамдар!» - сөзін талдау арқылы балалар сабақтың
тақырыбына енеді.
Яғни,
5) «Болжау» страрегиясы
«Орта білім 2030 жылы.»
«Жоғары білім 2030 жылы.»
«Туризм саласы 2030 жылы.»
«Архитектура өнері 2030 жылы.»
тақырыптары бойынша оқушылар дайындаған баяндамаларды қонақтарға таныстыру
үшін тарқатып береміз және оқушылар осы тақырыптар бойынша болашаққа көз
жүгірте отырып өз көзқарастарын, ойларын, болжамдарын, армандарын,
есептерін, жоспарларын әңгімелейді.

В) Сабақты қорытындылау
6) «Б.Б.Ұ» стратегиясы.
«Білетінмін, білдім, үйренуім керек» сиқты ойтүрткі арқылы балаларды
өз Отанына қажетті азамат екендігін таныту.
Г) Сабақты бекіту.
Сабақты Б.Тілеухановтың «Елім менің» әнімен бекіту.
Д) Үйге:
«Отаным Менің - Қазақстан» тақырыбында эссе-шығарма жазып келу.

Ұқсас жұмыстар
Мен Қазақстан Республикасының азаматымын
Мен – тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Отан. Астанам
«ертеңім елім- елбасы !» атты патриоттық ән-би байқау сценарийі
Орал қаласы
Мен өз Отанымның патриотымын
Қалалар
БҮБ стратегиясы
Мен елімнің азаматымын
Жасыл түс
Пәндер