10-сынып қазақ әдебиеті: Әнші ақындар шығармашылығына арналған нәтижелі сабақ жоспары

Мукушева Лаура Мадияровна
қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
ШҚО Шемонаиха қаласы
№5 жалпы орта білім беретін мектеп
10 сынып
Пән: қазақ әдебиеті
Тақырып: Әнші ақындар шығармашылығы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
- Білімділік-өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білімін толықтыра отырып, ақындар туралы ойларын нақтылау.
- Дамытушылық:Әр түрлі стратегиялар бойынша ізденімпаздыққа, шығармашылыққа деген ынталарын арттыру, білімдерін кеңейту.
- Тәрбиелілік:Оқушының өз ойын тұжырымдауға және басқалардың көзқарасын сыйлауға, шығармадағы кейіпкерлер бейнесі арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, т. б. тәрбиелеу.
Сабақта пайдаланылатын әдебиеттер: 10 сыныптың Қазақ әдебиеті және хрестоматия оқулықтары.
Сабақтың түрі: Нәтиже сабақ
Сабақтың жүргізілу әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену, мағынаны тану, түсіндіру,
Көрнекті құралдар: мультимедиялық слайд, үлестірмелі карточкалар, сызба-нұсқалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды психологиялық жағынан дайындау. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІІ. Сабаққа деген қызығушылықтарын ояту.
1-тапсырма. Хронологиялық кесте толтыру. Мақсаты- оқушылардың ізденімпаздығын, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
2-тапсырма. Түсініктеме күнделік стратегиясы бойынша берілген ақын өлеңдеріне талдау жасау. Мақсаты- оқушылардың шешендік өнерін, ой ұшқырлығын анықтау.
3-тапсырма. Ақан сері Қорамсаұлының «Жақсы мен жаман» өлеңін оқып, мазмұнын ашу, ұнаған шумақтарына сатылай кешенді талдау жасау. Негізгі мақсаты-теориялық ұғымдарды, ережелерді, шығармашылық зерттеулерді, қазақ тілінің сөз байлығын терең игеріп, сөздің ішкі мағынасы мен қолданыс ерекшеліктерін, ана тілінің құдіретін таныту.
4-тапсырма . Берілген өлең шумағын толықтыру. Мақсаты -оқушылардың ойлау қабілеттерін, дарындылықтарын жетілдіру.
5-тапсырма. Тест-интервью бойынша жұмыс. Мақсаты оқушылардың шығармашылық ізденістерін, еркіндігін, сөйлеу мәнері мен тілін жетілдіру.
6-тапсырма. Әнші-ақындар әндерінен үзінді орындау. Мақсаты оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын ояту, өнерді құрметтеу, талант иелерін тани білуге баулу.
7-тапсырма. Сабақты қорытындылау.
10 сұрақтық тест жұмысы.
Мақсаты
оқушылардың оқулықтағы тақырып бойынша білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма беру: қорытынды сабақ бойынша оқыған ақындар туралы қандай көркем фильмдер немесе қойылымдар бар екенін ізеп жазып келесіңдер. Сонымен қатар ақындарды сомдаған актерлардың аты-жөнін жазып келу.
Бағалау.