Компьютерлік графика түрлері туралы 7-сынып

Е. С. Бозғұлов атындағы №249 мектеп - лицей

Информатика пәні мұғалімі:

Жалиева Нургуль Ангисиновна

Компьютерлік графика түрлері

7-сынып

2016 жыл

Сыныбы:
7 кл
Сыныбы:: Күні:
7 кл: 14. 12. 2016
Сыныбы:: Пәні:
7 кл: Информатика
Сыныбы:: Тақырыбы:
7 кл: Компьютерлік графика түрлері
Сыныбы:: Негізгі түйінді идея:
7 кл:
:
:
Компьютерлік графика -күрделі ақпараттық технологияның бірі.
·
Сыныбы::
7 кл:
Сыныбы::
7 кл:
Сыныбы:: Оқу мақсаты:
7 кл: Компьютерлік графика туралы ұғымды және оның түрлерін біледі, графикалық программамен жұмыс жасай алады.
Сыныбы:: Табыс критерийлері
Сыныбы::

Барлық оқушылар:

Графика ұғымын және түрлерін біледі.

7 кл:

Көпшілік оқушылар:

Графика түрлерімен жұмыс жасауды біледі

Жекелеген оқушылар:

Графикалық редактордың барлық мүмкіндіктерін пайдаланып, мәтінді, суретті сәндей алады

Сыныбы:: Кезеңдер
7 кл: уақыт
Мұғалім не істейді?
Оқушылар не істейді?
Бағалау
Ресурстар
Сыныбы:: Сабақ ты бастау
7 кл: 1 мин

І. Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару

Амандасады
Сыныбы::

Кіріспе

Қызығушылығын ояту

«Миға шабуыл» әдісі

7 кл:

5мин

10 мин

ІІ. Үй тапсырмасы: Сары конверт сұрақтары

  • Pascal тілінде программа неше бөлімнен тұрады?
  • Программа денесі қай бөлімде орналасқан және ол қандай екі кілт сөздің арасында болуы мүмкін?
  • Компиляция үдерісін іске қосу үшін қандай пернені басамыз?
  • Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
  • Div және mod амалдары нені жүзеге асырады?

Рахмет, балалар. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесі құтты болсын.

Интербелсенді тақтада бейнеролик көрсетілді.

Сұрақ:

-Балалар осы бейнероликтен не түсіндіңдер?

-Міне осындай суреттерді компьютерлік графика деп атаймыз.

-Сендердің ойларыңша компьютерлік графика дегеніміз не?

Сонымен бүгінгі сабағымыз компьютерлік графика түрлері деп аталады.

Олай болса, балалар, «Мармозетка» ойынын ойнайық. Ең бірінші топқа бөлінейік

Топқа жинақталып болсақ пазлдарымызды құрастырайық.

-Қандай бейне шықты?

Енді интербелсенді тақтада анықтама беріледі. Тапсырма осы анықтама қай топтың суретіне сәйкес келеді?

1 сұрақ: Сызықтар, кесінділерден, доғалардан әртүрлі пішіндерден тұратын кескін.

2 сұрақ: Математикалық теңдеулерге негізделген графика

3 сұрақ: Түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұратын кескіндер .

Сонда балалар кескіндерді компьютердің графикалық түрлері деп атаймыз.

Компьютерлік графиканы екі топқа бөлеміз: екі өлшемді және үш өлшемді

Екі өлшемді графиканы растрлық, векторлық, фракталдық деп бөлеміз.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Оқушылар 3 топқа бөлінеді

Оқушыларды фишка арқылы бағалау

Смайлик арқылы бағалау

Стикер

смайлик

Сыныбы:: Негізгі бөлім
7 кл:

10мин

10 мин

Топтық жұмыс ұйымдастырылады . Топ мүшелері рөлдерді (уақыт сақшысы, хатшы, баяндамашы, төраға, бақылаушы) өзара анықтап алады. ДЖИГСО әдісі бойынша әр топқа мәтін таратылады.

1-топ: Растрлық графика.

Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. Растрлық графикада ұзындық бірлігінде нүктелер санын анықтайтын мүмкіндік ұғымының маңызы зор.

Растрлық графика дәл мозайка сияқты. Тек шыны немесе пластмасса кесектерінің орнына пиксель алынады. Пиксель - монитор экранындағы кескіннің минимал элементі, әлбетте ол квадрат пішінді. Растрлық кескінді үлкейткенде әрбір нүктенің өлшемі үлкейіп, сапасын жояды.

Растрлық графика редакторлары көмегімен коллаждарды, фото-монтажды, суреттерді қалпына келтіруге болады. Растрлық редакторлар:PAINT, GIMP, ADOBE PHOTOSHOP, COREL PHOTO PAINT

Растрлық пішімдер-GIF, BMP, JPEG

2-топ: Векторлық графика.

Растрлық графикада кескіннің базалық элементі нүкте болып табылады дедік. Ал векторлық графикада базалық элемент сызық болып табылады. Сызық бір тұтас объект ретінде математикалықжолмен сипатталады. Сондықтан векторлық графика құралдарымен объектті кескінде үшін қажетті деректер көлемі растрлық графикамен салыстырғанда едәуір аз болады.

Векторлық кескін - бұл:
-нүктелер;
-сызықтар;
-шеңберлер;
-төртбұрыштар және басқа геометриялық примитивтерді пайдаланып, компьютерлік графикада кескінді өрнектеу.
Пиксель, растрлық кескіннің базалық (негізгі) элементі болып табылса, ал векторлық кескінде - сызық болып табылады.
Векторлық кескіндеудің негізгі құндылығы сапаны жоғалтпай шексіз үлкейтуге болатынында!

Кітаптарды, баннерлерді, афишаларды, плакаттарды көркемдеуде векторлық графика қолданылады. Векторлық редакторлар:COREL DRAW, INSCAPE

Векторлық пішімдер-SVG, EPS, WMF

3-топ: Фрактальдік графика

Фрактальдік графика математикалық есептеулерге негізделеді. Фрактальдік графиканың базалық элементі математикалық формула болып табылады. Яғни компьютердің жадында ешқендей объектілер сақталмайды, ал кескіндер берілген теңдеулер бойынша тұрғызылады. Осы тәсілмен қарапайым құрылымдардан бастап табиғи ландшафттар мен үшөлшемді объектілерді имитация жасайтын күрделі кескіндерге дейін тұрғызылады. Фрактальдік графика қазіргі таңда қарқындап дамып келе жатқан кескіндердің бірі болып табылады. Фрактал сөзі латынның «fractus» «фрагменттерден тұратын» деген мағынаны береді. Мағынаны «фракталды кескін» деп айтуды математика саласының әйгілі ғалымы Бенуа Мандель - Брот 1975 жылы ұсынған. Фракталдық кескін математикалық есептеулерге негізделген. Негізгі элементі математикалық формула болып табылады. Компьютерлік графикада фракталды кескіндер табиғи құбылыстарды, мысалы бұлттар, қарлар, жағалаулар және т. с. с. күрделі кескіндерді салу үшін пайдаланылады.

Фрактал графикасын пайдаланып, жұмыс үстеліне арналған өрнектер мен фондар, веб-сайттардың текстуралары, компьютерлік ойындардың таңғажайып ландшафтары жасалады. Табиғаттағы фрактал мысалына қар қылауын, ағаштар және ағаш жапырақтарын, адамның қан жүру жүйесін жатқызуға болады.

Фрактал генераторлары: ULTRA FRACTAL, CHAOSCOPE

Фракталдық пішімдер-FRP, FRS, FRI

Кері байланыс (ауызша түрде жүргізіледі)

1. Барлық ережелер топта сақталдыма?

Жұптық жұмыс:

1 жұптың тапсырмасы:

Photoshop бағдарламасында, растрлық кескінді пайдаланып жарнама жаса. «Сүт» заводы

2 жұптың тапсырмасы:

Photoshop бағдарламасында, векторлық кескінді пайдаланып жарнама жаса. Конфет шығаратын завод

3 жұптың тапсырмасы:

Photoshop бағдарламасында журнал мұқабасын жаса

4 жұптың тапсырмасы:

Photoshop бағдарламасында пайдаланып ашық хат жаса


Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика түрлері туралы
Тақырып - Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика жайлы ақпарат. 8 сынып
Компьютерлік графика. Сабақтың тақырыбы
Paint графикалық редакторының терезе элементтері
Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программмалары. Графикалық файлдардың пішімі. Векторлық графика. Векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі
Векторлық графика
Компьютерлік графика. 8 сынып
Компьютерлік графиканың қолданылу салалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz