Информатика: Компьютердің негізгі құрылғылары және олардың қызметтері

Өткізілетін күні: Сыныбы:

Пәні: Информатика

Пән мұғалімі: Жанаева А.

Сабақтың тақырыбы: Компьютер және оның негізгі құрылғылары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың компьютердің негізгі құрылғылары жөнінде білімін қалыптастыру

Дамытушылық: Тақырып бойынша бекіту тапсырмалары арқылы оқушылардың білімін меңгерту, дамыту.

Тәрбиелік: Компьютер құрылысын білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Әдіс-тәсілдері: жұппен жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы

Қолданылатын құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер : компьютер, электрондық оқулық, таратпа,

интерактивті тақта, Power Point- та жасалған слайдтар.

Пәнаралық байланыс: математика

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) ұжымдық әрекет;

б) техника қауіпсіздік ережелерді сақтау әрекеті;

в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Ой қозғау сұрақтары : а) Информатика деген не ? ә) Компьютер деген не?;

Үй тапсырмасын сұрақтар түрінде шолу :

  1. ХV ғ. Пайда болған санау құралы? (Есепшот (абак) )
  2. ХVІІ ғ. басында Дж. Непердің есептеу таяқшалары? (логарифм )
  3. Алғашқы арифмометрді құрастырушы? (1673ж. Г. В. Лейбниц)
  4. ЭЕМ-нің даму кезеңдері (буындары) нешеге бөлінеді? (5 буынға бөлінеді)
  5. V буындағы элементтік база? (Лазерлік сәуле, жасанды интелект)

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Компьютер - есептеуіш. Дербес компьютер - бір-ақ адам жұмыс жасауға арналған. Компьютердің ең негізгі құрылғысы: жүйелік блок, монитор, пернетақта. Блок ішінде барлық ақпараттарды еске сақтап тұратын құрылғы - процессор орналасқан. Ол - «компьютердің миы» ең көп тараған процессордың түрі ПЕНТИУМ деп аталады.

Монитор - ақпаратты компьютер экранына шығаратын құрылғы. Монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер пиксельдер деп аталады.

Пернетақта - компьютерге әріптік және сандық ақпаратты енгізетін құрылғы.

Тышқан - ақпаратты енгізу құрылғысының бірі. Қос батырмалы. Сол жақ батырма - негізгі,

оң жақ батырма- қосымша батырмалар деп аталады.

Колонка - дыбыс шығару құрылғысы.

Сканер - қағаздағы кескіннің немесе мәтіннің көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы. Текстік және бейнелік ақпараттарды компьютерге енгізетін құрылғы.

Принтер -ақпаратты қағаз бетіне басып шығаратын құрылғы. Түрлері: матрицалық, түрлі-түсті, лазерлік.

Енгізу құрылғылары : пернетақта, тышқан, сканер

Шығару құрылғылары : монитор, принтер, колонка

ІV. Тапсырмалар. 1. Таратпалар :

Таратпаларды толтыру және жауап беру

2. Жұмбақтар 1. Бар нәрсеге жетік

Миы күшті тетік

Ол арқылы сөйлесіп

Кетесің шетелге де өтіп / компьютер /

2. Әдетте үнсіз тұрамын

Белгі берсең ұғамын

Жазуы бар қағаздың

Құралы боп шығамын / принтер /

3. Компьютердің айнасы

Бағдарыңды таңдашы

Сурет, сөзін көрсетіп

Тиер саған пайдасы / монитор /

  1. Не қайда орналасқан ? / интерактивті тақтада /
  2. Сөзжұмбақ / интерактивті тақтада /

V. Үй тапсырмасын беру:

А) Компьютердің негізгі құрылғылары бойынша анықтамаларды жаттап келу;

VІ. Қортындылау, бағалау:Оқушыларды өзін - өзі бағалау парағы бойынша бағалау, қортындылау


Ұқсас жұмыстар
5-сынып информатика сабағы: Компьютердің негізгі құрылғылары, құрылымы және қызметтері
Компьютердің негізгі құрылғылары мен олардың міндеттері: пернетақта
Дербес компьютердің құрылғылары және олардың функциялары
Компьютердің негізгі құрылғылары мен пернетақта: міндеттері мен мүмкіндіктері
5-сынып информатикасы: Компьютердің негізгі және қосалқы құрылғылары (қайталау сабағы)
Дербес компьютердің жұмыс принципі мен негізгі құрылғылары
7-сынып информатика: Компьютердің қосымша құрылғылары мен ақпарат тасығыштары
7-сыныпқа арналған информатика сабағы: Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары
Компьютердің қосымша құрылғылары: енгізу, шығару және сақтау құрылғылары
7-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Компьютердің негізгі және ішкі құрылғылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz