7-сынып: Үшбұрыштың биіктігі, медианасы және биссектрисасы

Сыныбы: 7

Сабақ реті: № 16

Сабақтың тақырыбы : Үшбүрыштың биіктігі, медиана және биссектрисасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушыларға үшбүрыштың биіктігі, медиана және биссектрисасы туралы қысқаша түсінік беру арқылы олардың анықтамасымен және сызбасымен таныстыру.

Дамытушылық : оқушылардың алған білімдерін қорытындылап, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік : жүйелі түрде жұмыс істеу және ойлау қабілетін арттыру.

Сабақтың түрі : оқушылардың алған білімдері мен дағдыларын қорытындылау сабағы.

Сабақтың әдісі: деңгейлеп оқыту, сұрақ-жауап әдәстері

Технологиялық құралдар түрі : тақта арқылы тірек-сызба, фигуралар кескіні, формулалар көрсету.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді түсіндіру.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Жаңа білім беру
  3. Бекіту
  4. Үйге тапсырма беру.
  5. Қорытынды.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
  2. Сабақтың тақырыбын жазу, мақсатын айту.

Жаңа білімді меңгеру

Үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары оның негізгі элементтері. Бұлардан басқа үшбұрыштың төбелерінен шығатын тағы да үш кесіндіні атап, олардың анықтамасын береміз.

Үшбұрыштың төбесін оған қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесінді үшбұрыштың медианасы деп аталады .

Әрбір үшбұрышта үш медиана бар.

Үшбұрыштың төбесінен қарсы қабырғасын қамтитын түзуге түсірілген перпендикуляр үшбұрыштың биіктігі деп аталады. Әрбір үшбұрыштың үш биіктігі бар.

Үшбұрыштың барлық медианалары және биссектрисалары үшбұрыштың ішінде жатады. Ал үшбұрыштың биіктіктері үшбұрыштың ішінде жатпауы да мүмкін.

Есептерді шешу барысында үшбұрыштың биіктіктері кандай шарттар орындалғанда оның ішінде жататынын табатын боласыңдар.

V. Үйге тапсырма: № сұрақтарға жауап беру.

VI. Оқушыларды бағалау.


Ұқсас жұмыстар
7-сынып геометриясы: Үшбұрыштың түртері - сабақ жоспары
Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері: 7-сынып геометрия сабағының жоспары
Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері және Paint графикалық редакторында геометриялық фигураларды салу
7-сынып геометриясы: Үшбұрыштың түрлері - сабақ жоспары
7-сынып Геометрия: Үшбұрыштың анықтамасы, элементтері, түрлері және периметрі
7-сынып геометрия: Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы және оның дәлелі
7-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысы
6-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Берілген сандар қатарының медианасы
7-сынып математика сабақ жоспары: Теңбүйірлі үшбұрыш - қасиеттері және белгілері
Кез-келген үшбұрыштың ауданы және оның есептеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz