Тік төртбұрыштың қасиеттері мен есептері: сабақ жоспары


Тақырыбы: Тік төртбұрыштың қасиеті

Мақсаттары: Тік төрт бұрыштың қасиетімен танысу. Есепті әр түрлі тәсілмен шығару. Оқушылардың танымдық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа, табиғатқа қамқорлықпен тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, карточкалар, кесте

Сабақ барысы

І. Психологиялық дайындық: Біздің мақсатымыз:

І слайд

Мақсатымыз - білім алу,

Міндетіміз - еңбек ету,

Еңбек ету арқылы «5»-ке қол жеткізу.

ІІ. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ слайд

  • Қазір біз математика сабағы. Күндегіден ерекше сабақ. Сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?
  • Көңіл күйлерің қалай?
  • Онда жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.

ІІІ слайд

Бүгінгі біздің тақырыбымыз. Тік төртбұрыштың қасиеті. Сабағымызда тік төртбұрыш қасиетімен танысып, әртүрлі тәсілдермен есептер шығарамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ:

  • Барлығымыз дәптерімізді ашып бүгінгі күн ретін, тақырыпты жазып алайық.
  • а) мына фигураларға назар аударайық бұлар қандай фигура?
  • Тік төртбұрыш екенін қандай қасиетінен білдік? Мына (слайдқа қарап көрсету) тік төртбұрыштардың қабырғалары нешеу?

Түстер бірдей қабырғалары нешеу?

Қызыл түсті - 2

Көк түсті - 2

Енді оларды өлшейік. Фигураның қызыл қабырғалды 3 см. Көк қабырғалары - 1 см (үш фигураны да өлшейміз) . Қарама - қарсы қабырғалары тең болады.

Дәптермен жұмыс.

ә) Дәптерлеріне тік төртбұрыш сызыңдар. Оның тік төртбұрыш екенін дәлелде.

- Дәптерге жазамыз:

5 слайд 1) Барлық бұрыштары тік төртбұрыш болады.

2) Қарама - қарсы қабырғалары тең болады.

ІV. Жұмбақ шешу.

Мүйізі бар - ешкі емес,

Жүгіргенде жеткізбес (киік)

6-слайд. Бұл дөнес мұрынды ғажап жануардың аты-киік. Ол азайып бара жатқан соң қызыл кітапқа енгізілген. Есептер шығару арқылы біз киік туралы мәлімет аламыз.

ІV. Есепті шығару:

  • Киіктің түрі-түсі қандай? оның төлін қалай атайды? Мұны білу үшін
  • 2-есепті шығару керек. Оқу талдау шығару.

Қ - 4

Қ - 5 ? б

Ж - 3

І т (4+5) +3=12 (б)

ІІ т 4+5=9 (б)

9+3=12 (б)

Жауабы: 12 (б)

7-слайд. Киік жазда сарғыш-қызыл, қызғылт сұрт түске боялады. Оның төлін «құралай» деп атайды.

Киік қыста қандай тон киеді екен. Бұл сұраққа жауап беру үшін 3-ші есепті шығару керек.

Іт. (30+20) -20=30

ІІт. 30+20=50

50-20=30

Жауабы: 30

8-слайд. Дұрыс. Киік қыста ақ тон киеді екен. Оның жүні ұзарып, (10 см б/ды) қалыңдайды. Ол жазда +40 0 с қа, қыста - 50 0 с-дейін шыдай алады екен.

V. Сергіту сәті.

9-слайд Оң қолыңды көтеріп,

Үшбұрыш сыз ауады.

Сол қол қарап тұрмасың,

Шеңбар сызып зырласын.

VІ. Ойын. «Ізін тап»

Оның шарты:

Жануарлардың өз ізін табу керек. Ол үшін 4 есептегі өрнектердің мәнін табу керек.

(30+20) +40 30+(30+40) = 90

(40+10) +30 40+(10+20) = 70

(10+30) +40 10+(30+40) = 80

(40+30) +20 40+(30+20) = 90

(50+20) +30 50+(20+30) = 100

(60+10) +40 60+(10+40) = 110

VІІ. Мақал - мәтелдер.

  • Қазір біз шығарсақ киік туралы мақал - мәтелдерді оқып білеміз.
12
3
4
5
6
9
8
7
6

3+9=12 12-9=3

8+4=12 12-8=4

5+7=12 12-5=7

6+6=12 12-6=6

VІІІ. Ойын:

10 слайд «Неше киік жасырынған?»

ІХ. Қорытынды: Балалар бүгін біз қасиетімен таныстық есептер шығарып киіктер туралы білдік.

  • Балалар тік төртбұрыштың бұрыштары, қарама - қарсы қабырғалары қандай болу керек?
  • Киік қыста қандай тон киеді?
  • ТТТөлін қалай деп атайды?
  • Киікті не ге қорғау керек?
  • Қорғау үшін не істеу керек?

11 слайд фильм көрсету.

Х. Үйге тапсырма.

ХІ Бағалау:


Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz