Қосындыны санға көбейту (Көбейтудің үлестірімділік қасиеті)

Әбілбашарова Әзиза
Қызылорда облысы
Жаңақорған кенті
№51. М. Қаратаев атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: Қосындыны санға көбейту
(Көбейтудің үлестірімділік қасиеті)
Мақсаты:
Білімдік: Қосындыны санға көбейту тәсілдерін үйрету, оқушылардың
логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Дамытушылық: Математикалық тілін дамыту, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге,
Қиялын дамытуға әсер етіп, Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі мен жабдығы: Интерактивті тақта, суреттер, тапсырма жазылған слайдтар.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, жаттығу.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
а) Психологиялық дайындық.
2. Өткен сабақтарды пысықтау.
- Балалар, бүгінгі сабағымызда қызықты саяхатқа шығамыз. Төмендегі тапсырмаларды орындау барысында қайда баратынымызды анықтаймыз.
4*5 А 8*2 л 9*3 м 7*4 а 5*9 т 6*6 ы
63: 9 А 49:7 з 30:5 и 40:8 а 72: 9 д 27:3 а
3. Жаңа сабақ.
-Азияда дегеніміз не? Ол қай кезде болады ? Неше елден спортшылар келеді? Қанша медаль үшін тартыс болады? Қандай ойын түрлері болады?
1. Шаңғышылар.
2. Мәнерлеп сырғанаушылар.
3. Конькишілер.
4. Биатлоншылар.
-Балалар, ендеше Алматыға бару үшін пойызға отырамыз. /Интерактивті тақтадан пойыз суретін көрсету, дыбысын таспадан естірту/
№1. тапсырманы орындасақ Алматыға жетеміз.
- Балалар, тақтада қандай фигура берілген ? /Тік төртбұрыш/
-Тік төртбұрыштың қандай қасиетін білеміз? / Қарама-қарсы қабырғалары тең/
-Неге тік төртбұрыш дейміз? /Себебі оның бұрыштары тік/
А 3см В 6см С
М К Е
Тік төртбұрыштың ауданы қалай табылғанын түсіндірейік.
1 тәсіл: 3*2 + 6*2
2 тәсіл: (3+6) *2
Қосындыны санға көбейту үшін, әр қосылғышты сол санға көбейтіп, шыққан мәндерді қосу керек.
Ал, балалар, Алматыға да келдік .
/интерактивті тақтадан Алматы вокзалының суретін көрсету/
Машинаға отырып Орталық стадионға барайық. Өз құрама командамызға медаль жинауға көмектесеміз.
/интерактивті тақтадан машина суретін көрсету, дыбысын естірту/
№2 тапсырманы орындасақ Медеу мұз айдынына барамыз.
Қосудың үлестірімділік қасиетін пайдаланып, есептеу:
(3+2) *5 (6+7) *3 (9+5) *4
(3+6) *3 (4+2) *6 (5+8) *7
- Конькишілер жарысына қатысып медаль жинайық.
Ол үшін №3 тапсырманы ауызша орындаймыз.
Өрнектерді құрып, олардың мәндерін табу.
- 3 және 4 сандарының қосындысын 5-ке көбейт.
- 6 және 2 сандарының қосындысын 7 есе арттыр.
- 5 және 6 сандарының қосындысын 3-ке көбейт.
- 4 және 5 сандарының көбейтіндісін 6-ға арттыр.
-Балалар, алғашқы медальдарымызды жинадық.
-Енді, мәнерлеп сырғанаушылар жарысына қатысайық.
![]()
Ол үшін №4 тапсырманы ауызша орындаймыз.
Кестені толтыр:
Қоржынымызға тағы да медальдарымызды салдық.
-Балалар, енді шаңғышылар жарысына қатысайық.
№5 тапсырманы ауызша орындасақ Медеу мұз айдынына барамыз.
Амалдарды орында:
10*5 300*2 900:3-250
20*3 200*4 150:5+70
40*2 500*2 420-400:2
Кім дұрыс орындаса медальға ие болады.
Жарысты ұйымдастырушылар жарысқа қатысушыларға арнап ұрандар ілген екен, соның кейбір сөздері желмен түсіп қалыпты.
Соны табайық. «Шынықсаң - . . . боласың. »
Ол үшін №6 тапсырманы ауызша орындаймыз.
Өрнекте:
1) сантиметрмен: 3м 2см; 8м 12см; 5м 3дм 1см;
2) метр және дециметрмен: 850см; 900см; 340см;
-Балалар, әр адам өз денсаулығына көңіл бөлу керек. Дене шынықтыру жаттығуларынан басқа дұрыс тамақтанудың да орны ерекше. Біздің спортшыларымыз да, өзіміз де күш жинап алу үшін №7 тапсырманы орындаймыз.
Есептерді әр түрлі тәсілдермен шығар:
- Күн сайын отбасы таңертеңгі аста 12 түйір қант және кешкі аста 8 түйір қант жейді. 2 күнде отбасы неше түйір қант жейді?
Енді, балалар, биатлоншылар жарысына қатысамыз.
Ол үшін №7 тапсырманың 2-сін орындаймыз.
- Килограмы 60тг тұратын 6кг сәбіз және осы бағамен 4 кг пияз сатып алынды. Сатып алынған барлық көкөніс қанша тұрады?
-Енді, жарысымыздың қорытындысын шығару үшін олимпиада ауылына қайтып, қанша медаль алғанымызды есептейік.
Алтын
Күміс
Қола
Аулымызға оралайық. Ол үшін ұшаққа отырайық.
/
Интерактивті тақтадан ұшақ суретін көрсету, дыбысын естірту/
№9 тапсырманы ауызша орындасақ сыныбымызға келеміз.
Бақша тік төртбұрыш пішінді. Оның ұзындығы 30м, ені 20м. Алаңның оннан бір бөлігіне гүл егілген. Неше квадрат метр жерге гүл егілген? ( Есеп үш амалмен шығатындай етіп, сұрақ қой. )
- Сабақты бекіту.
Қосындыны санға қалай көбейтеміз?
(9+8) *4
6. Оқушыларды бағалау.
7. Үйге тапсырма:
№8, №10
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz