Абай және оның он жетінші қарасөзі

Ақтөбе қаласы,
№ 26 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Алитурлиева Тасбике Құдайбергенқызы
Сабақтың тақырыбы: «Абай және оның он жетінші қарасөзі»
Сабақтың мақсаты : Абай шығармашылығына қорытынды жасай отырып, тіл байлығын молайтып, адами қасиеттерді оқушылардың бойына сіңіру;
а) білімділік : Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығына тоқтала кету, Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы ақынның ғылыми-философиялық ойын ашып түсіндіру, қайратты ақылға, ақылды жүрекке жеңдіруге дағдыландыру;
ә ) дамытушылық : көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру, оқып-түйгендері жайлы ой қорыта білуге дағдыландыру, тіл байлығын дамыту;
б) тәрбиелік : Абай еңбектері арқылы адамгершілік, имандылық, адалдыққа баулу, ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: сын-тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша түрлі стратегиялар
Көрнекілігі: слайдтар, ақын портреті
Эпирграфты оқып, талдау;
«Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»
- Бұл кімнің сөзі? Осы өлең жолдары арқылы не айтқысы келген?
- Тағы да қазақтың бетке ұстар ұлыларын білесіңдер?
Ой толғау
«Күн шұғыласы».
Ақын. Абай. Абай шығармалары.
Түсініктер бойынша ассосация құру.
Абай Құнанбайұлы .
-Өткен сабақтарда Ұлы Абайдың көптеген шығармаларын оқыдық. Оның қандай шығармалары бар екен? Соларға тоқтала кетсек.
(-Осы әр тақырыпқа арналған өлеңдерін оқушылар оқып шығады. )
-Соңғы сабақта біз Абайдың он жетінші қарасөзімен танысып, талдаған едік. Ең алдымен, осы мәтінде кездескен кейбір сөздердің мағынасын ажыратып алсақ.
Жүгіну - бас ұру
Кәмелет - ой тоқтатқан кез
Ғибадат - құлшылық ету (діни наным)
Абұйыр - ар-намыс
Мансап -атақ, даңқ
Нәфсі - қалау
Ахирет - о дүние
Дөңбекшітетұғын - ойландыратын
Берік ұстау- бір сөзділік
Қырына жүру - айтқанына көну, еру
Табанының топырағы көз сүртерлік - қасиетті
Осы қарасөздерінің ішіндегі 17 қарасөзіне тоқталамыз.
- 17 қарасөз не туралы?
- Қарасөздегі негізгі кейіпкерлер кімдер?
- Ақын бұл шығарма арқылы не айтқысы келген?
- Абайдың айтқанымен өзің келісер ме едің?
Ой қозғау
Бекіту
3 топқа бөлініп шағын эссе жазу
1- топ. “Ақыл”
2- топ. “Қайрат”
3- топ. “Жүрек”
Қорыту
INSERT
Зат есім: Қайрат
Сын есім: күшті, жігерлі
Етістік: ерінбейді, жалықпайды, тынбайды
Синоним: күш, жігер, қуат, ерік
Сезіну: Адамның өзіне деген сенімін оятады.
Зат есім: Ақыл
Сын есім: ойлы, табанды
Етістік: ойлайды, кеңеседі, дұрыстайды
Синоним: ой, сезім, түйсік, шабыт
Сезіну: Онсыз адам жол таба алмайды
Зат есім: Жүрек
Сын есім: жылы, рақымшыл
Етістік: соғады, лүпілдейді, дірілдейді
Синоним: сезім, махаббат, жылылық, өмір
Сезіну: Адам денесінің негізгі тіршілік көзі.
Үйге тапсырма
«Абай және мен» тақырыбына шығарма жазу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz