Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Математика және спорт туралы

Күні: 29.01.2010 жыл
Сыныбы: 7а, 8ә
Пәні: Математика
Мұғалімдері: Б.Әлжанова
Сабақтың тақырыбы: Математика және спорт
Сабақтың мақсаты: Спорттық ойындарды ойната отырып, есептер шығару арқылы
оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, сайыс
Жоспар:
✓ Ауадағы есептер
✓ Дене жаттығулары
✓ Боулинг
✓ Эстафета
✓ Спорттық атаулар
✓ Қонақ кәде
✓ Топ басшылар сайысы
✓ Қорытынды
7-8 сынып оұқушыларын 2 командаға бөлу
Топтың атаулары: «Тапқыр достар», «Алғыр достар»
Топтың девизі
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі С.Ідірісов оқушылардың дайындығы туралы
мәлімет береді.
Жүргізуші жоспардың шарттарымен таныстырады.
✓ Ауадағы есептер:
Бөлменің арт жағында шарлар жатады, шардың ішінде есептер салынған (6 шар)
Скакалкамен секіріп барады. Қайтарда шарды бөлменің алдыңғы жағына
ракеткамен алып келіп, шарды жару керек те, ішіндегі есептерді өзінің
тобымен бірге шығару керек.
Шардың ішіндегі есептер:
І топқа:
Спортшы төрт күнге жаттығуда сәйкесінше 6,42 км, 8,64 км, 105 км, 9,38
км жүгірді. Спортшы орта есеппен күніне неше километр жүгірді?
ІІ топқа:
Спортшы төрт күнгі жаттығуда сәйкесінше 14 допты, 12 допты, 18 допты,
23 допты волейбол сеткасына салып жүрді. Спортшы орта есеппен күніне неше
доп салды?
І топқа:
Фотоаппарат 8000 теңге тұратын еді, бағасы арзандатылғаннан кейін ол
6000 теңге болды. Фотоаппараттың бағасы қанша процент арзандады?
Жауабы: 25%
ІІ топқа:
Әйел адам көйлегі 2500 теңге тұратын еді. Бағасы арзандатылғаннан
кейін ол 2000 теңге болды. Көйлектің бағасы қанша процент арзандады?
Жауабы: 20%
✓ Дене жаттығулары:
Түсіндірме: Біз бір геометриялық ұғымды айтамыз. Сіздер сол геометриялық
фигураны жасайсыздар. Мысалы: түзу десек, Сіздер біріңнен кейін бірің тұра
қалып, түзу боласыңдар:
Екі топ сайысады. Кім бірінші болады, әділ қазылар алқасы анықтайды.
1. Шаршы болыңыздар
2. Тік төртбұрыш
3. Үшбұрыш
4. Шеңбер
5. Параллель түзу
6. Перпендикуляр түзу
7. Бұрыш
8. Трапеция
✓ Боулинг
Бұл ойында қолдарыңызға доп алып алдарыңызда тұрған түрлі шыныларды
құлатасыздар. Кім құлатады, құлаған шынының ішіндегі есепті шығарады
(тобымен)
6 бутылка қойылады.
6 есеп салынады.
1) Бөрененің ұзындығы 120 см. Оның бөлігін кесіп тастады. Қалған
бөлігінің ұзындығы қандай?
Жауабы: 80 см

2) Есепте: 102+112+122+132+142
365
Жауабы: 2
3) Әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста, неше жылдан кейін әкесі баласынан 2
есе үлкен болады.
Жауабы: 12 жылдан кейін әкесі 46 жаста, баласы 23 жаста болады.
4) Қай санға 11• 2 көбейтіндісін қосса, 200 саны шығады.
Жауабы: 68
5) Ең кіші екі таңбалы санға 17 –ні қосып, пайда болған қосындыны ең
үлкен бір таңбалы санға бөлсек, нәтижесінде неше шығады?
Жауабы:3
6) Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12 км жол жүрді. Осы
уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген.
Жауабы: 12 км
✓ Эстафета
(5 бетке 5 есеп жазып қойылды)
Қапшықпен секіріп барады да, қапшықты шешіп алдында тұрған есепті шығарады
да, артқа келіп тұра береді. Соңғы оқушы алдыға шыққанға дейін эстафета
жалғаса береді. Екі топқа 5 есептен беріледі.
Жақшаны аш:
1. 2• (3х- 4а-5) 5• (4у-в+1)
2. Теңдеуді шеш:
8х+9,3=7х+20 5а+3=2а
3. Көпмүше түрінде жаз?
(m-5)2 = (m+5)2=
4. Есепте:
а4• а3 = (а5)3 =
5. Амалдарды орында:
а11: а6 = (а2)3 • а5 =
✓ Спорттық терминдер
Ақ қағазға спорттық терминдерді 1 минутта қай топ көп термин жазады, сол
топтың ұпайы көп болады.
✓ Қонақ кәде:
вагон үй тамшы вермишель
+ + +
+
вагон үй тамшы вермишель
+ + +
+
вагон үй тамшы вермишель
+ + +
+
вагон үй тамшы вермишель
состав (поезд) ауыл көл
қуырмаш

✓ Топ басшылар сайысы (сұрақтар)
Топ басшыларына:
І – топқа арналған сұрақтар
1. Жазықтықты зерттейтін геометрияның бөлімі? (планиметрия)
2. Мектебіміздегі әлем чемпионы? (Берік
Бердалин)
3. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді (хорда)
4. Тоғызқұмалақта қанша құмалақ болады, неше отау болады?
(162 құмалақ, 18 отау)
5. Өзі шыққан бұрышты қақ бөлетін сәуле (биссектриса)
6. 2010 жылғы қысқы олимпиада қай елде өтеді? (Канада)
7. Ақтөбе футбол командасы Қазақстанда неше рет чемпион болды?
4. рет)
8. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда (диаметр)
9. Баскетболда бір командада неше ойыншы ойнайды?
5. ойыншы)
10. 1800 бұрыш (жазыңқы)
11. Бокстан Қазақстан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы?
(Бекзат Саттарханов)
12. Дәлелдеуді қажет ететін тұжырым (теорема)
13. Қай спорт ойындарына уақыт есептелмейді? (футбол, баскетбол,
волейбол,

хоккей)
14. 1980 жылғы олимпиададағы алғашқы чемпион-қазақ?
(Жақсылық Үшкемпіров)

ІІ-топқа арналған сұрақтар:
1. Бұрыштың шамасын өлшейтін құрал (транспортир)
2. «Пенальти» сөзі спорттың қай түрінде кездеседі? (футбол)
3. Периметрдің жуық сан мәні ()
4. Ақтөбе футбол клубының капитаны кім? (Самат Смақов)

5. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш (шаршы)
6. Волейбол алаңында екі команданың ойыншы саны қанша? (12)
7. Дәлелдеуді қажет етпейтін ұғым (аксиома)
8. Шахматта «пат» ұғымы нені білдіреді? («тең ойын»)
9. Еш жерде қиылыспайтын түзулер (параллель)
10. Бокстан қазақтың екі дүркін әлем чемпионы (Серік Сапиев)
11. Барлық бұрыштары тік паралеллограм (ромб)
12. Шахмат тақтасында қанша ақ, қанша қара шаршы бар? (32 ақ, 32 қара)

13. Ұлттық ойынға мына ойындардың қайсысы жатпайды?
(көкпар, қыз қуу, асық

ату, теннис)
14. 2012 жылы олимпиада қай қалада өтеді? (Лондон)

✓ Қорытындылау
(әділ қазылар алқасына)

Ұқсас жұмыстар
Математика және спорт
Таулар. 4-сынып. дүниетану
Математикадан ашық сабақтар 6-сынып
Лексикадан өткенді қайталау
Оқушының көпшілігі. Оқушылардың кейбірі
62 546, 33852 546 түріндегі көбейту мен бөлу
Азиадаға жолдама
Салауатты ауыл - Саламатты Қазақстан Ауыл мен Қала
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу, сәйкес қалдықпен бөлу
6 сыныптар арасында "гимназия мергендері" атты ашық сайыс. сыныптан тыс іс шара
Пәндер