Білім мазмұны

Түсінік хат

Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушы тұлғасы ұйтқысының қалыптасуымен, дамуы жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.

Оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндеоқушы шығармашылығын дамытудың тағы бір қажеттілігі қоғам талабынан туындайды.

Сөз өнері сабағы -оқушының дұрыс оқуы мен дұрыс сөйлеуіне, ой-өрісіне жан-жақты дамуына, қиялына, әңгімені мәнерлеп оқуға шығармашылық жағынан дамуына ықпал етеді.

Мәтінді игеріп кетуге, өлеңге талдау жүргізіп, жаңа страгерияларды пайдалануға, өлең, өтірік өлең жаза білу, жатқа білуге септігін тигізеді.

Оқушылардың ерекшеліктеріне байланысты заттарды салыстыру арқылы жұмбақтар құрастыру, оқылған оқиғаларды суреттеу арқылы өтірік өлеңдер, ертегілер құрастыру ынталы етеді. Бағдарлама бойынша ауызша сөйлеу, қарапайым сөздерден сөйлем құра білу, сауатты сөйлеу, жазу және қазақ халқының салт-дәстүрін, елтану тақырыптарын таниды. Олай болса қазіргі жаңа буын оқулықтарында «өлең жалғастырып көр», «өлең жаз» деген тапсырмалар жиі кездеседі. Бірақ осы өлеңді жазу үшін оқушыны неге, қалай үйрету керек?Әлде оны өзі жаза ала ма? деген сұрақтар тууы мүмкін.

Өлеңді құрастыру, өлең шығару шығармашылығына үйрету үшін, алдымен оқушыларға теориялық қандай білім беру керек екендігін айқындап алу керек. Шумақ, тармақ, бунақ, ұйқас және олардың түрлері, өлең мазмұнын құруға үйрету жолдарын кең қарастырмақ бұрын өлең құрылысы туралы мағлұмат беріп аламыз. Мәтін, әңгімелер, жаңа стратегияларды пайдалану арқылы оқушылардың белсенділі артады. Ана тілін терең оқыту арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулуды мақсат тұттым. Осы бағдарлама негізінде мәтінді оқыту әдіс-тәсілдерін, жұмбақтар құрастыру, оқушылардың ізденімпаздық қабілетін, дарындылықты дамытуға ықпал етеді.

Мақсаттары:

1. Оқушыны дұрыс мәнерлі оқуға жаттықтыру.

2. Түсініп оқуын, жүйелі баяндауын жетілдіру.

3. Оқушының шығармашылық қабілетін арттыру.

4. Ырғағы мен ұйқасы белгілі қалыпқа енген сөздер туралы мағлұмат беру.

Міндеттері:

1. Ұйқас туралы түсінік.

2. Шумақ туралы түсінік беру. /екі, үш, төрт/

3. Тармақ туралы түсінік беру.

4. Ұйқас түрлерінен мағлұмат беру.

Аптасына 1 сағат

Жылына - 34 сағат

« Сөз өнері»

2 сынып аптасына 1 рет

Сабақтың тақырыбы
Білім мазмұны
сағат саны
мерзімі
№: 1
Сабақтың тақырыбы: Са-са са буындарын пайдалану арқылы ұйқас сөздер құрастыру.
Білім мазмұны:

Са-са-са сары маса

Са-са-са мектебіміз жаса т. б

сағат саны: 1
мерзімі:
№: 2
Сабақтың тақырыбы: Ла-ла-ла буындарын пайдалану
Білім мазмұны:

Ла-ла-ла жалқау бала

Ла-ла-ла оның ісі шала т. б

сағат саны: 1
мерзімі:
№: 3
Сабақтың тақырыбы: Ға-ға-ға буындарын пайдалана отырып, сөздер құрастыру
Білім мазмұны:

Ға-ға-ға қара қарға

ға-ға-ға қоңыр қоға т. б

сағат саны: 1
мерзімі:
№: 4
Сабақтың тақырыбы: Рай-рай-рай буындары арқылы өлең құрастыру
Білім мазмұны:

Рай-рай-рай үлкен сарай

Рай-рай-рай әдемі Арай т. б

сағат саны: 1
мерзімі:
№: 5
Сабақтың тақырыбы: Лақ-лақ-лақ буындарын пайдалану.
Білім мазмұны:

Лақ-лақ-лақ шұбар ала лақ

Лақ-лақ-лақ сатып алдым қалақ т. б

сағат саны: 1
мерзімі:
№: 6
Сабақтың тақырыбы: Ыз-ыз-ыз буындарын пайдалана отырып, шумақ құрастыру.
Білім мазмұны:

Ыз-ыз-ыз ызылдайды қоңыз

Ыз-ыз-ыз қорсылдайды доңыз т. б

сағат саны: 1
мерзімі:
№: 7
Сабақтың тақырыбы:

«Ұйқасын тап »ойыны арқылы

өлең құрастыру

Білім мазмұны:

Ақын жазушылардың шығармаларын пайдалана отырып, оқушылардың сөз мағыналарын дұрыс

дұрыс түсінуіне көңіл бөлінеді.

сағат саны: 2
мерзімі:
№: 8
Сабақтың тақырыбы: Дайын ұйқас арқылы өлең жолдарын құрастыру
Білім мазмұны: Ой шапшаңдығына еліктіріп отыру да шығармашылық үрдісті жандандырады. ұтқыр шешім табуға жетелеу. Соның бір формасы ретінде дайын ұйқас ұсыну арқылы өлең жолдарын құрастыру. Дайын ұйқас ұсынылады, сол ұйқасты пайдаланып, шумақ құрылады.
сағат саны: 2
мерзімі:
№: 9
Сабақтың тақырыбы: «Жадырап, сүрініп, маужырап, жетіліп, еміп көр »сөздерін пайдаланып өлең құрастыру.
Білім мазмұны:

1. Сөз мағыналарын түсіндіру

2. Сөйлемдер құрастыру.

3. Шумақтар құрастыру.

сағат саны: 2
мерзімі:
№: 10
Сабақтың тақырыбы: Затты, құбылысты пайдалана отырып, көрнекілік арқылы өлең құрастыру.
Білім мазмұны:
сағат саны: 2
мерзімі:
№: 11
Сабақтың тақырыбы:

«Кірістім, тырыстым, киініп, түйініп »

ұйқастарын беру арқылы өлең жолдарын құрастыру.

Білім мазмұны: Ұйқастар ұсыну арқылы өлең құрастырту.
сағат саны: 1
мерзімі:
№: 12
Сабақтың тақырыбы: Мағыналары бірдей сөздер(омоним) арқылы өлең жолын құрау.
Білім мазмұны: Сөз мағыналарын дұрыс ұғындыру.
сағат саны: 2
мерзімі:
№: 13
Сабақтың тақырыбы:

Дыбыстық жағынан өзгеріске ұшыраған

сөздерді қатыстырып, өлеңдер құрастыру.

/ Кен, кең, қоң, көн, сен, сең, өрмегін, өрнегін /

Білім мазмұны: Сөз мағыналарын ажырата білуге үйрететін өлеңдер құрастыру
сағат саны: 2
мерзімі:
№: 14
Сабақтың тақырыбы: Дыбыстық жағынан өзгеріске ұшыраған сөздерді қатыстырып, өлеңдер құрастыру.
Білім мазмұны: Сөз мағыналарын аша түсуге байланысты өлеңдер құрастырту.
сағат саны: 1
мерзімі:
№: 15
Сабақтың тақырыбы: « Лимерик »ойыны арқылы өлең жолдарын құрастыру
Білім мазмұны: Ойын шарты:белгілі бір құрылысқа бағынатын сайқымазақ, күлдіргі өлең шығару. Ол құрылыс бойынша өлең бес тармақтан тұрады. 1-ші тармақ кейіпкер, 2-ші тармақ кейіпкерге мінездеме, 3, 4-ші тармақ қимыл-әрекет, 5-ші тармақ оқиғаның салдары немесе автордың сол кейіпкердің іс-әрекетіне бағасы
сағат саны: 3
мерзімі:
№: 16
Сабақтың тақырыбы: « Қыс келді »мәтініне өлең құрастыру.
Білім мазмұны:

1. Мәтінді мәнерлеп оқу.

2. Мәтіннен алған әсерлерін өлең жолдарымен бейнелеу.

сағат саны: 1
мерзімі:
№: 17
Сабақтың тақырыбы: Ө. Тұрманжанов«Туған өлкем » өлеңіне талдау жүргізу арқылы өлең құрастыру.
Білім мазмұны:

1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

2. Өлеңге байланысты сұрақтар

3. Өлеңді талдау.

4. Өлең құрастыру.

сағат саны: 1
мерзімі:
№: 18
Сабақтың тақырыбы: Сөз мағынасына қарай қажетті сөздерді тауып қою арқылы өлең құрастыру.
Білім мазмұны:

Мыс: Қыранға . . . тау керек

Бұлбұлға . . . бау керек

Балыққа . . . көл керек

Батырға . . . ел керек.

Осыны білген қор болмас,

Осыны білген ер зерек.

Керекті:сөздер:қия, жасыл, мөлдір, туған, биік, әсем, көгілдір,

байтақ т. б.

сағат саны: 1
мерзімі:
№: 18
Сабақтың тақырыбы: « Қарлы боран »тақырыбына жазылған әңгімеге байланысты өлең құрастыру.
Білім

Ұқсас жұмыстар
Білім мазмұнын таңдаудың принциптері
ФИЗИКА МЕН ӘДЕБИЕТТІҢ ТАҢҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ
Бағдарлама
Тәжірибенің мақсаты
Оқу жоспары
Ауыр доппен жаттығулар
Оқушылардың өздігінен қазақ тілі сабағында жүргізілетін жұмыстар
Адамгершілік тәрбиесі
Білім берудегі кембридж тәсілінің теориялық негіздері
Шың Ағылшын тілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz