Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Информатика көшбасшысы

Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
№2 мектеп – гимназия

Сыныптан тыс сабақ

(7 «Ә» сынып)

Өткізген:
Г.Аманжолова

Шалқар, 2011 жыл
Информатика көшбасшысы
1 жүргізуші:
Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар. Сіздермен бірлесе
отырып «Информатика көшбасшысы» атты ойынымызды бастакуға рұксат етіңіздер.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
деген Абай атамыздың сөзін қайталай келе біздің ойынымыздың шартын
түсіндіре кетсек. Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.
2 жүргізуші:
1 кезең Бәйгеде сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші болып тетікті
басқан оқушы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса келесі тетікті
басқан оқушы жауап бере алады. Әр жауп 3 баллдан есептеледі. Ұпайы аз екі
оқушы ойыннан шығарылады.
1 жүргізуші:
2 кезең «Полиглотта» әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ-орыс-
ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына
бір-бір балдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 бал
беріледі. Толық жауапқа 5 бал. 2 кезеңде балы аз 2 оқушы келесі 2 кезеңге
өте алмайды.
2 жүргізуші:
3 кезең «Ғажайып жетілікте» оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор
көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі.
1 жүргізуші:
4 кезең «Жорғада» балы жоғары 2 оқушы қалып сайсқа түседі. «Жорға» ережесі
бойынша оқушыларжеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.
5 кезеңде соңғы мәреге жеткен екі оқушы «Компьютердің пайдасы мен зияны»
тақырыбында Пікірталас жүргізеді
Ойын толық, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
2- жүргізуші:
Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.
1-жүргізуші:
«Батылдық- балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие
құралының бірі- ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларды
ортаға шығарайық. Ойынға 8 оқушы қатысады.
1 оқушы __________________ 4 оқушы __________________
2 оқушы __________________ 5 оқушы __________________
3 оқушы __________________ 6 оқушы __________________
7 оқушы __________________
2 жүргізуші:
Ендігі кезек әділқазылар алқасы.
1. __________________
2. __________________
3. __________________
«Іріктеу» кезеңі

|Т |  |С |К |* |П |К |4 |U | Ü |
|Ы |Ш |Q |А |W |Е |* | Ü |Щ |Б |
| Ü |Қ |Ц |Н |Н |Р |Н |Е |? |У |
|* |А |Н |Е |Р |S |0 |Т | Ü |М |
|Д |О |* |2 |7 |* |L |А |… |А |
|И |С |Q |% |П |Р |П |Қ |* |В |
|% |К |G |Э |К |И |? |Т |А |А |
|1 |Е |Т |А |? |Н |* |V |… |L |
|М |З | Ü |W |Р |Т |Е | Ü |F |Я |
|О |Н |И |Т |О |% |Р |… |A |… |

Кім жылдам?
“Informatio” және “Monitor” сөздерін МОРЗЕ
алфавитіне аударып жаз

ASCII (American Standart Code for Interchange-америкалық
информация алмасудың стандартты коды)
“Клавиатура” және “Маус” сөздерін ASCII
кодына аударып жаз
1- жүргізуші:
Бақ пен сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей
отырып, шындарға биік қоңғайсың демекпіз. Ал жас қырандар 1- тур. «Бәйге»
турын бастаймыз.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
1 кезең БӘЙГЕ
1. Аты бар байттар тізбегі? (файл)
2. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)
3. Калькулятордың неше түрі бар? (2)
4. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)
5. Дүниежүзілік желі? (интернет)
6. Windows дегеніміз не? (операциялық жүйе)
7. зиянкес программа? (вирус)
8. Келесі жолға өту пернесі? (enter)
9. компакт-диск оқу құрылғысы? (CD-ROM)
10. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)
11. Объектілер қоймасы? (қапшық)
12. Латынның «information» сөзі нені білдіреді?
13. Адам көзі мен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек? (70 см)
14. Жақтаулармен шектелген экрандағы тіктөртбұрышты аймақ (терезе)
15. Бір килобайт қанша байтқа тең? (1024 байт)
16. Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне (BackSpace)
2-жүргізуші:
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құрқарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Сок қолыңды білімді жас талантқа.
1- жүргізуші:
«Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тілдің құрметте»- деп Қ.Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас
өркендердің тіл білімін тамашалайық.
2- жүргізуші:
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын

2 кезең ЖОРҒА

← Компьютердің миы.
← Компьютердің ішкі жады.
← Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады?
← Іске қосу- батырмасын ата.
← Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік
беретін бағдарлама.
← Баспа құралы. Принтердің неше түрі бар?

← Windows-тың негізгі объектісі
← Дербес компьютер неше топқа бөлінеді?
← Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы.
← Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы.
← Атақты `Microsoft` компаниясының негізін қалаған адам?

← Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары осы
академиктің басшылығымен жасалды.Бұл қай ғалым?
← Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және
компьютерлік желілердің жиынтығы.
← Әр түрлі қорларды, мысалы, бағдарламаларды, құжаттарды және
принтерлерді брігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған
компьютерлер тобы.
← Бұл не?
Ең алғашқы пайда болған есептеу құралы? Оның жасы 2000-5000
жылдар шамасында

← Атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып, құрған
есептеу машинасы
3 кезең ғажайып жетілік

|Ғалымдар |тарих |информация |әр түрлі |
|10 |10 |10 |10 |
|20 |20 |20 |20 |
|30 |30 |30 |30 |

ҒАЛЫМДАР
10 -Компьютердің атасы. (Чарльз Бэббидж)
20 -19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған
ғалым (Блез Паскаль)
30 -XVII ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық
математик. (Джон Неппер)
ТАРИХ
10 –Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп,
қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар не деп атаған? (Серобян)
20 –Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды? (XIX)
30 –Ең алғаш әйел программист (Ада Лавлейс 1846 жылы Бэббидж машинасына
бағдарлама жазды?)
ИНФОРМАТИКА
10 –Адам ақпаратпен не істейді? (1. сақтайды, 2. жеткізеді, 3. өңдейді).
20 –Информатикаға анықтама бер. (Ақпараттық процестерді зертейтін ғылым
информатика деп аталады).
30 –ЭЕМ неше буынға бөлінеді? (Бес буынға)
ӘР ТҮРЛІ
10 –Компьютер деген не? (Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі
құрылғы)
20 –Компьютердің негізгі құрылғылары. (монитор, жүйелік блок, маус,
модем).
30 –Сигнал дегеніміз не? (Оның көмегімен адам немесе құрылғы ақпарат
қабылдайтын процесс).

4 кезең Полиглот
1. Латынның тісіндру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін сөзі.
(Ақпарат-Информация-Informatio)
2. Компьютерге мәтін, текст енгізуге арналған құрылғы. (Пернетақта-
клавиатура-Keyboard)
3. Компьютер пенетақтасында қанша пернетақта бар? (Жүз бір-сто один-One
hundred one)
4. Мысыққа ойын керек, бірдеңеге өлім керек. (тышқан-мышка-mouse)
5. Бұл ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің, операцияның
аяқталғанын, компьютер бұл әрекеттерді өңдеу керек екенін көрсетеді.
(енгізу-ввод-enter)
6. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді. (өшіру-удалить-
delete)
7. Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен
ажырату үшін қолданылады. (Бос орын-пробел-Proble)
8. Өшірілген файлдар қайда сақталады? (себет-корзина-basket)

5- тур Пікірталас «Компьютердің пайдасы мен зияны»
Соңғы мәреге жеткен екі оқушы компьютердің пайдасы мен зияны туралы
пікірталас жасайды. Кімнің тұжырымы нақты дәлелденеді, сол оқушы
«Информатика көшбасшысы» атағын жеңіп алады.
Қорытындылау
Сонымен бүгінгі сайыс-сабағымыз өз мәресіне жетті. Информатика көшбасшысы
атағын жеңіп алған оқушымызды құттықтаймыз. Барлық қатысқан оқушыларға
рахмет айтамыз.

Қазақстан-2030 –бағытымыз,
Саясатпен жақындап алысымыз.
Республикам елдердің алды болып,
Әрқашан алға бассын бар ісіміз.
Көпшілігім кемімей толсын деймін,
Елімнің басына бақ қонсын деймін.
Келешекте Қазақстан Республикасы
Орталық Азия БАРЫСЫ болсын деймін

-----------------------


Ұқсас жұмыстар
Сайысқа оқушылардың дайындығы
Компьютер ауруы
Интеллектуалды ойын
ХХі ғасыр көшбасшысы. зияткерлік сайысы
Xxi ғасыр көшбасшысы. жоспар
Дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы
Еркін тақырып
Математикадан ашық сабақтар 6-сынып
Жобалық іс-әрекет
Пернетақта қандай құрылғы
Пәндер