Ашық рай

Сыныбы-7 Б Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы : Ашық рай.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Оқушыларға етістіктің рай категориясы, ашық рай туралы мағлұмат беру, оның жасалуын түсіндіру.

Сабақтың міндеттері :

Сөйлемдерде кесте толтыру, морфологиялық сатылай комплексті талдау

арқылы оқушының білімділік дағдысын жетілдіру;

Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, талапты болуға, адамгершілікке, табанды, патриоттық сезімге, әдептілік сауаттылыққа баулу.

Сабақтың түрі: интерактивтік сабақ

Сабақтың тегі: тақырыптық қайталау, жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: тірек-конспектілік, көрнекілік, Шаталовтың тірек-сызба кестелері, Кубизм әдісі, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, топтастыру стратегиясы.

Сабақтың тәсілі: жалпы сыныппен, жеке оқушымен интерактивтік тақтадағы тапсырмаларды орындау.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, сызба-кестелер, суреттер.

Пәнаралық байланыс: информатика, әдебиет, психология.

Қолданылған әдебиеттер: «Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журнал, қазақ тілі оқулығы, «Шың» кітабы.

С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы

1. Ұйымдастыру ісі

- оқушылармен амандасу;

- психологиялық ойын «Пантомимика - вербальсыз амандасу» (мұғалімнің көрсетуімен оқушылар бір-бірімен ым-ишаратпен амандасады. ) ;

- кезекші оқушының көмегімен сыныптағы оқушыларды түгелдеу.

2. Үй тапсырмасын сұрау

а) Өткен сабақ бойынша ережені ауызша сұрау;

ә) интерактитік тақтадағы 6 қырлы ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру.

Кубизм әдісі арқылы.

1. Осы шақ дегеніміз не?
Кестені толтыру

№:
Түрлері: Түрлері
Қандай жұрнақтар арқылы жасалады?: Қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
Мысалдар: Мысалдар
№: 1
Түрлері: Нақ осы шақ
Қандай жұрнақтар арқылы жасалады?: Отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктері арқылы
Мысалдар: Асан кітап оқып отыр.
№: 2
Түрлері: Ауыспалы осы шақ
Қандай жұрнақтар арқылы жасалады?: -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы
Мысалдар: Айдос мектептен келеді.

2. Салт, сабақтысы қайсы?
Сәйкестендіру тесті

1. Қуыршақпен а) кел

  1. Мектепті ә) оқы

3. Үлкенді б) сана

4. Ақшаны в) ұмытпа

5. Үйге г) ойна

6. Хатты д) сыйла

3. Келер шақ дегеніміз не?
Кестені толтыру

№:
Түрлері: Түрлері
Қандай жұрнақтар арқылы жасалады?: Қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
Мысалдар: Мысалдар
№: 1
Түрлері: Мақсатты
Қандай жұрнақтар арқылы жасалады?: -мақ, -мек, -пақ, -пек-бақ, -бек жұрнақтарымен
Мысалдар: Апам ертең қалаға бармақ.
№: 2
Түрлері: Болжалды
Қандай жұрнақтар арқылы жасалады?: -ар, -ер, -р есімше тұлғалы жұрнақтармен
Мысалдар: Мен өскенде дәрігер болармын.
№: 3
Түрлері: Ауыспалы
Қандай жұрнақтар арқылы жасалады?: -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы
Мысалдар: Ағам кешке келеді.

4. Зат есім қалай түрленеді?
“Абырой” зат есімін септеп көрсет?

№:
Септіктер: Септіктер
сұрақтары: сұрақтары
Септелу үлгісі: Септелу үлгісі
№: 1
Септіктер: Атау
сұрақтары: кім?, не?
Септелу үлгісі: Абырой
№: 2
Септіктер: Ілік
сұрақтары: кімнің?, ненің?
Септелу үлгісі: Абыройдың
№: 3
Септіктер: Табыс
сұрақтары: кімді?, нені?
Септелу үлгісі: Абыройды
№: 4
Септіктер: Барыс
сұрақтары: кімге?, неге?, қайда?
Септелу үлгісі: Абыройға
№: 5
Септіктер: Жатыс
сұрақтары: кімде?, неде?
Септелу үлгісі: Абыройда
№: 6
Септіктер: Шығыс
сұрақтары: кімнен?, неден?, қайдан?
Септелу үлгісі: Абыройдан
№: 7
Септіктер: Көмектес
сұрақтары: кіммен?, немен?
Септелу үлгісі: Абыроймен

5. Өткен шақ дегеніміз не?
Кестені толтыру

№:
Түрлері: Түрлері
Қандай жұрнақтар арқылы жасалады?: Қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
Мысалдар: Мысалдар
№: 1
Түрлері: Жедел
Қандай жұрнақтар арқылы жасалады?: -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарымен
Мысалдар: Бекарыс оқушыларға жақсы түсіндірді.
№: 2
Түрлері: Бұрынғы
Қандай жұрнақтар арқылы жасалады?: -ып, -іп, -п көсемше, -ған -ген, -қан, -кен есімше жұрнақтарымен
Мысалдар: Сәкен әнді шырқын бұзбай айтыпты.
№: 3
Түрлері: Ауыспалы
Қандай жұрнақтар арқылы жасалады?: -атын, -етін, -йтын, -йтін есімшенің жұрнақтарымен
Мысалдар: Ол әңгіменің майын тамызып айтатын еді.

6. Берілген мақалдарда етістіктер қай шақта тұр, ауызша түсіндір?

1. Жақсы байқап сөйлер, 2. Жаманның өзі бола алмайды,

Жаман шайқап сөйлер. Болғанды көре алмайды.

3. Тозбас жасау болмас, 4. Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек,

Бас білмес асау болмас. Өнерсіздің қылығы өле көрмек.

Негізгі бөлім. (Жаңа тақырыпты түсіндіру) .

Мұғалім сөзі: (тақтадағы Шаталовтың тірек-сызбасы арқылы түсіндіремін) . Етістік дегеніміз - қимыл-іс әрекеттің орындалуын білдіретін сөз табы. Ол объектінің қатысына қарай - салт, сабақты; іс-әрекеттің орындалуына қарай - болымды, болымсыз; тұлғасына қарай - негізгі, туынды; құрылысына қарай - дара, күрделі болып бөлінеді.

Сондай-ақ етістіктің өзіне тән категориялары бар. Оларды атасақ, тұйық етістік -у жұрнағы арқылы жасалатын, көсемше мен есімше, шақтар және рай категориясы.

Оқушылар, өткен сабақта біз рай категориясы туралы айттық.

ЕТІСТІКТІҢ РАЙ КАТЕГОРИЯСЫ - сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы жасалады. Бұл жердегі «грамматикалық тұлғалар» дегеніміз - бұл жұрнақ пен жалғаулар болып табылады. «Рай» деген сөз «беталыс, бағыт, жөні» деген сөздерге синонимдес. Сондықтан райынан қайтты деген тіркес бағытынан, бет алысынан қайтты, ауа райы деген ауаның қалпы, бет алысы дегенді білдіреді. Демек, етістік қимылды, іс-әрекетті білдірумен қатар, сол қимылдың, іс-әрекеттің қалай және қашан іске асуын, ақиқат шындыққа қатысын да білдіреді. Міне, осы соңғы мәні етістіктің рай түрі болып табылады.

Етістіктің райлары қимылдың, іс-әрекеттің жүзеге асу, орындалу мүмкіндігіне қарай 4 - ке бөлінеді: Ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай.

Соның ішінде, бүгінгі біздің, жаңа тақырып ретінде қарайтынымыз, Ашық рай.

Топтастыру стратегиясы арқылы түсіндіремен.

4. Оқулықпен жұмыс: 163 - жаттығу

Берілген жаттығу жұмысынан ашық райлы етістіктерді теріп жазып, қалай жасалғанын түсіндіру керек.

ҮЛГІ: Қазақтар туралы бұрын-соңды ештеңе естімегенмін.

Естімегенмін - бұрынғы өткен шақ, есімшенің -ген жұрнағы арқылы жасалған. -мін жіктік жалғаудың І жағы, жекеше түрі.

(Әрі қарай оқушылар тақтаға шығып, орындайды. )

165-жаттығу

Берілген жаттығу жұмысындағы ашық райлы етістіктерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.

(Әрі қарай оқушылар тақтаға шығып, орындайды. )

  1. Сабақты бекіту.

Ұқсас жұмыстар
Қалау рай. қалау райдың мағынасын білу
Қалау рай
Есімшенің түрленуі
Қалау рай, қалау райдың мағынасы
Етістікті қайталау
Етістік райларынан өткенді қайталау.7-сынып
Сөз тіркесінің түрлері
Кім болғым келеді? 5-сынып
Қазақтың ұлттық киімдері
Қазақ тілінен 3-тоқсанға орта мерзімдік жоспар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz