Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Әдебиет және өнер үйірмесінің газеті

Жас қалам

«Көктем» қазақ орта мектебі
2011 жыл қаңтар

«Әдебиет және өнер» үйірмесінің газеті

Мақсатымыз:

- Оқушы бойына,ойына,қанына ұлт рухын
сіңіру, ана тілін анық үйретіп шығару;

-Оқушы шығармашылығына қолдау көрсету;

-Жас дарындардың қаламын төселдіру;

Жас тілші жазады... Мектеп хабарлары

Мектепке –гүлмен...

Жаңа оқу жылын біздің ұстаздарымыз «Мектепке- гүлмен» акциясын
ұйымдастырумен бастады.Онсызда айнадай жарқыраған таза мектебіміздің
шырайы кіре түскендей. Маңайымызды гүлге
толтырып,әсемдіктің,әдеміліктің сырын біліп өссе деген ұстаздың игі
тілегін айтпаса да ұғуға болатын бастама екен деген ой түйдім.
«Ерінбей еңбек етсең шыдап егер,Тікен де гүлге айналып шыға
келер» деген даналардың даналық пікірі ойы да, пікірі де біз үшін
өзгермейтін ұстаздарымыздың тынымсыз еңбегінің нәтижесіне берілген
бағадай. Ендеше, өмірлеріңіз гүлдей түрленіп, айналаларыңыз тек гүлмен
көмкерілсін демекпін! Келе жатқан Ұстаздар мерекесі құтты болсын!
Әсем Борисова
«Әдебиет
және өнер» үйірмесінің мүшесі
7-сынып
оқушысы

Кездессе маған сол бейне

( Оқушы шығармашылығы)
А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын оқыған соң түйген
ойым...

Қазақ халқын жанымен де,жүрегімен де сүйе білген Ұлы тұлға
екеніңізді білгеннің үстіне біле түстім,Ахмет баба!Сіздің «Қазақ
қалпы», «Анама хат», «Н.Қ.ханымға»т/б жазған өлеңдеріңізді оқи
отырып,өз халқыңыздың тағдыры үшін бүкіл ғұмырыңызды арнағаныңызды
түсіндім.Сіз туралы миллиондаған адам пікір пайымдады.Қазақ халқының
тарихында өшпес ізіңіз қалды.Өзіңіз таңдаған күрес жолы сізді биік-
биік мақсаттарға жетеледі.Біз сіз секілді Алаш азаматтарынан үлгі
алып,мақтан етеміз.
Бастан кешіп қасіретті азапты,
Сыйладыңыз елімізге азат күн.
Өздеріңдей азаматтар көп болса,
Арта берер мәртебесі қазақтың!

Қамалғалиева Жарқынай

11а-сынып оқушысы

Мені қызықтыратын әлем

Мен кітап оқығанды жанымдай жақсы көремін.Аудан
орталығындағы кітапханаларға жиі барып тұрамын.Жақында сіңілім
екеуміз қызықты кітап алдық.Кітапты қатты қызығып оқыдық.Онда үш дос
сиқырлы әлемге кездесіп,қатыгез сиқыршымен бетпе-бет келеді.Халық
үшін жан аямай шайқасады.Сиқыршы ханшайымды жеңіп,айнала әдемі
үйлерге,бау-бақшаға толады.Кітаптың қызықтылығы сонша, әсерінен айыға
алмай біраз күн жүрдім.Сиқырлы әлемге тап болсам деп қиялға
берілдім.Индер қалашығы сондай сиқырлы әлемге айналса ғой...

Әмірғалиева Бану
7а-
сынып оқушысы

Мені де кітап әлемі қатты қызықтырады.Әсіресе, тарихи-фантастикалық
кітаптарды іздеп жүріп оқимын.Оқиғалары шытырман,шиеленіске толы
тұстары тіптен қызық.Оқиға желісі өзгерген сайын «не болар екен,енді
қайтер екен?» деген мазасыз ойлар еріксіз кітапқа жетелейді де
тұрады.Ал оқып біткен соң кейіпкерлермен сырласуға көшесің. «Осынысы
дұрыс па,мен орнында болсам не істер ем?»деп ойға батам. Кітап
әлемін бірге шарлайық,сыныптастарым дегім келеді

Сарсенғалиев Амандық
7
а-сынып оқушысы

Мені қызықтыратын әлем- табиғаттағы түрлі құбылыстар.Мен оның әр
қырын зерттеуден де, оған көз жеткізуден де жалықпаймын.Біресе
сүйсініп,біресе таңданып ойым сан саққа жүгіретін кездері де
болды.Аспан әлеміндегі жұлдыздардың қалай орналасатыны,олардың қай
уақытта шығып,енді бір мезгілде қайта көрінбегені таңдандырады,көзім
талғанша қарай беремін.
Жақында , кешкі уақытта,күннің көзі жиекке батар мезгілде
күннің жиегінен жоғары кемпірқосақ секілді түрлі түсті жолақ пайда
болды.Әжемнен сұрағанымда «күн райының бұзылатынының белгісі болар»
деді.Ертеңіне аспан мен жер мұнартып шаңды жел тұрды.Міне,мені
осындай тылсым дүниенің жұмбақтары қызықтырады.Болашақта осындай
құпиялы әлемді зерттегім келеді.
Бахитова
Айжұлдыз
7 а-
сынып оқушысы

Мен архитектура әлеміне қызығамын.Түрлі кескіндегі ғимараттар,
сәулетті үйлер,зәулім-зәулім дүкендер- бәрі менің қиялымдағыдан да
әдемі құрылыстар.Астананың сәулетті, заңғар биік үйлерін көргенде
таң - тамаша боламын. Ақтөбе,Атырау қалаларының да салынып жатқан
құрылыстарына қарап болашақта әдемі қала болатынына сенемін.Мен
архитектор болуды армандаймын.
Құрал
Жәнібек
7 а-
сынып оқушысы
Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай

Абай-аспан немесе әжем айтқан асыл сөз
Менің марқұм әжем Абай сөзін құран сөзіндей құрметтеген.
«Кезінде аталарың озмыш болып кеткенде, балаларымды Абай сөзінің
ақылымен тәрбиеледім,»- деп айтып отыратын әжем.
Мен кішкене кезімде сол әжемнің бауырында өстім.Жасымда
бойымдағы ерсі қылықтарымды байқаса,Абай атаң былай шенеген екен деп
төрт жол шумақты айта салатын.Кезінде оған аса мән бере қоймаған
екенмін.Әжемнің көзі тірі кезінде ауылға жиі барам.Мені сағына
күтіп отыратын да «бес асыл іс пен бес дұшпаныңды» айта қойшы
дейтін.Білсем разы болып,білмей қалсам көңілі қалатын.Біріміздің
ісімізден өзімшілдікті байқаса : «Өзің үшін еңбек қылсаң-өзі үшін
оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың парызы үшін еңбек
қылсаң –Алланың сүйген құлының бірі боласың,»- деп отыратын.
«Әй,Нұрдәулет, сенің Абайды аспандатқаныңды көрмей бұл дүниеден
өтпеспін,»-дейтін қайран әжем.
Әже тәлімімен Абай атаны ,оның даналығын санама құйып өсіп
келемін.Абай өлеңдерін жатқа оқып жүруді өзіме парыз
санаймын,өйткені асыл әжем менің санама осыны құйып кетті.Абайдай
алып ақынның орнын ешкімге айырбастамаймын.Сондықтан анау-мынау
насихатқа өз түсінігім арқылы ғана бас изеймін.Абай ата-аспандай
биік тұлға.Әжемнің осы бір ауыз асыл сөзі санамда мәңгі жатталып
қалды.

Ерғанат Нұрдәулет
7б-сынып оқушысы
«Көктем»қазақ орта мектебі
«Әдебиет және өнер»
үйірмесінің мүшесі

Даналардан шыққан сөз...

«Барлық өнерден сөз өнері жақсы екенін білген жөн.Адамзаттың
ең абзал қасиетінің бірі-сөз сөйлей білу.Бұл жағдайды жете түсін
де,жақсы сөйлей білуге үйрен: сыпайы,анық сөйлеуді әдет
қылғайсың.Өйткені қандай сөзді айтуға әдеттенсең, тіл соны айтады.
Сөзді өз орнымен сөйле.Орынсыз айтылған сөз жақсы болса да
жаман көрінеді.Орынсыз айтылған артық сөз опық жегізеді.Егер
сөйлеген сөзіңнен бір нәрсенің пайдалы исі сезіліп тұрмаса,ондай
сөздің айтылмағаны жақсы.» «Кабуснама»
Мұралардың ең қымбаты-сөз.Сөз күн шалмас қараңғы көңілді
шалады,күн жылытпас суық көңілді жылытады,асылы адам да,нәрсе де
тозады, жоғалады.Асыл сөз мәңгі жасайды.

Ғ.Мұстафин

Ұстазым туралы айтсам...

Мен Атырау облысы,Индер ауданы, «Көктем» қазақ орта мектебінің 8-
сынып оқушысымын.
Мектебімізде «Әдебиет және өнер» үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірменің
«Жас қалам» газеті шығып тұрады.Үйірмеге жазуға,сахналық қойылымдарды
шебер ойнайтын оқушылар қабылданған.Үйірме жетекшісі -Ақтолқын
Серикбаева Жолдасқызы.Үйірме мүшелерінің шығармашылық қойылымдары
облыс көлеміне таныла бастауда.Республика көлемінде ұйымдастырылып
жүрген «Жарқын болашақ» тіл олимпиадасының «Сахна саңлақтары»
бағамы бойынша аудандық сайысында М.Шахановтың «Отырар» поэмасынан
сахналық қойылымның І орын жүлдегері,облыстық сайысқа қатынасушы,
биылғы оқу жылында (2011 ж) Мақаш Шолтырұлының 180 жылдығына орай
ұйымдастырылған «Сахна шешендері» бағамынан М.Шолтырұлының күй атасы
Құрманғазыға жасаған қамқорлығы,азаматтық тұлғасын танытатын
қойылымның облыстық сайысында ІІ орын жүлдегері, «Жарқын болашақ» тіл
олимпиадасында «Сахна саңлақтары» бағамы бойынша Ғ.Мүсіреповтің
«Өлімді жеңген ана» шығармасын сахналаудан ІІ орын жүлдегері
атанды. Одан басқа ұстазымыз «Жас тілшілер» үйірмесін ұйымдастырып
аудандық газетке мектеп жаңалықтарын жазуға тілші оқушыларды да
дайындайды.Сіздерге ұстазым Ақтолқын Жолдасқызының оқушылар
шығармашылығын дамыту үшін жасап жатқан еңбектерін көрсеткім
келді.Үйірменің газетін назарларыңызға ұсынамын.

Сабырова Арухан Сәтқызы

«Көктем» қазақ орта мектебі

Атырау облысы

Индер ауданы

Ұқсас жұмыстар
Сандардың бөлінгіштік белгілері 5 сынып
Махаббат лирикасы
Бұйымның бөлшектерін дайындау
Балалардың жеке тұлғасын дамытудағы қуыршақ театры, үйірмесінің ықпалы
Олимпиада есептері
Жанр, Комедия, Драма
Ахмет байтұрсыновтың ғылыми-педагогикалық мұрасы
Ақынның өмірбаянымен шығармашылығы
Қазылар алқасымен таныстыру
Ересек оқушы
Пәндер