Адам болу - арманым

Сабақтың тақырыбы: Адам болу - арманым

Мақсаты: Оқушыларға адам құндылығының маңызын түсіндіру.

Міндеттері:

-Адамның адамгершілік қасиеттері туралы білімдерін кеңейту.

-Оқушы бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту.

-Жалпы адамзаттық құндылықтармен сусындаған азамат тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: глобус, күн шуағы, бетше, түсті қағаздар, қайшы.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, әңгімелеу, ойын әдісі

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, математика.

1. Ана тілімен байланыс ( өлең оқу, мақал-мәтелдер айту )

2. Дүниетанумен байланыс ( глобус арқылы әңгімелеу )

3. Математикамен байланыс ( сөздерді санау )

4. Еңбек сабағымен байланыс ( қию, жапсыру)

Шаттық шеңбері

  • Амансыңдар ма, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын. Кәне, бәріміз шеңберге тұрып амандасып алайық.

Оқушылар шеңбер құрып, қол ұстасып өлеңді мұғаліммен бірге айтады.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз.

-Рахмет, балалар, енді орнымызға отырайық.

Әңгімелесу

Барлығымыз мына сұрақтарға жауап берейік.

- Балалар, біз кімбіз?

- Адамбыз.

- Адамды қоршаған орта қалай аталады?

- Табиғат

( глобусты көрсетемін)

- Балалар, менің қолымдағы зат қалай аталады?

- Глобус

- Дұрыс айтасыңдар. Глобус - жердің кішірейтілген дәл үлгісі. Ал осы глобустан не көріп тұрмыз? Атайық.

- күн, ай, жұлдыздар, адамдар, құстар, жануарлар, сулар, т. б

- Дұрыс айтасыңдар. Осылардың ішінде адамның, біз атаған табиғат иелерінен ерекшелігі неде?( Дүниетанумен байланысты)

Салыстыру

- Аң мен адамды салыстыра отырып, адамның басқа тіршілік иелерінен басты айырмашылығын атайық.

аң адам

- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Олай болса, адам табиғаттың ең керемет бөлігі. Адамды адам ететін оның бойындағы жақсы қасиеттері.

Адам өмірінің басқа тіршіліктен айырмасы саналы өмір сүруімен, өз өмірін, тіпті әлемді дүр сілкіндіретін күш-қуаттың, ақылдың адам қолында болуымен ерекшеленеді.

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: « Адам болу - арманым » деп аталады. Бұл сабақта адам құндылығының маңызы, адамның адамгершілік қасиеттері туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелеу

- Енді барлығымыз бері қарап, мені мұқият тыңдалық. Мен сендерге Абай

Құнанбаев атамыздың « Ғылым таппай мақтанба » өлеңін оқып беремін.

( Бұл өлең 2- сыныптың Ана тілі оқулығынан алынды. « Атамұра» баспасы. 2009 ж. )

Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз.

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз,

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз.

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз,

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл.

- Өлеңнен не түсіндіңдер?

- Адам болу, оған жетуге ұмтылдыратын бес нәрсе деп нені айтады?

- Неден аулақ бол дейді?

Сызбаны көрсетіп түсіндіру.

Бес асыл іс
Бес дұшпан
Бес асыл іс:

Талап, еңбек, терең ой,

қанағат, рақым

Бес дұшпан:

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

еріншек, бекер мал шашпақ

Топпен жұмыс

- Балалар, адам бойындағы тағы да қандай жағымды, жағымсыз қасиеттерді білеміз? Сол білетінімізді қазір мына бетшеге жазайық.

(бетшені толтыру)

Ақ тізім
Қара тізім
Ақ тізім:

Еңбекқор, шыншыл, әдепті, ұқыпты,

Қамқор, көпшіл

Қара тізім:

әдепсіз, өтірікші, еріншек, салақ,

мақтаншақ, тентек.

- Ақ тізімге жақсы қасиеттерді, ал қара тізімге жаман қасиеттерді әр оқушы бір-бір сөзден жазып шығады. .

Соңында екі оқушыға оқытамын.

Дәйексөз

Адамның ең жаманы - талапсыз

( Бұл нақыл сөз Абайдың 44-ші қара сөзінен алынды. )

- Мына сөзге назар аударайық. Өлеңде айтқандай, адам талаптанбаса, яғни бір нәрсеге ұмтылмаса, білуге құштарланбаса, алдына қойған мақсатына жетуге талпынбаса, өмірден бос қалады. Сондықтан да талап қылып, қолдан келгенше соған жетуге ұмтылу керек екен.

Осы дәйексөзді дәптеріміздің соңындағы « Менің дәйексөздерім » деген беттегі, бүгінгі сабақтың тақырыбының астына жазып алайық.

Ойын: « Мен адаммын »

- Қазір ойын ойналық. Ойынның шарты: Барлығың «Мен адаммын», өйткені. . . деп адамның ерекше қасиеттерін айтып шығасыңдар. Ойымызды жинақтап, шеңбер бойымен айтамыз.

- Мен адаммын, өйткені сөйлей аламын.

- Мен адаммын, өйткені ақылдымын.

- Мен адаммын, өйткені үлкенді сыйлаймын,

- Мен адаммын, өйткені ойлай аламын, т. б.

М: Өте жақсы, жарайсыңдар.

Тыныштық сәті

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бойымыздағы жаман қылықтарымыз сыртқа шығып, оның орнына шипалы ауамен бірге жақсы қасиеттердің де бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді 1, 2, 3 деп көзімізді ашып, бұрынғы қалпымызға келейік.

Мақал - мәтелдер айтайық.

М: Балалар, Абай атамыз айтқандай, адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттер туралы қандай мақал- мәтелдер білесіңдер? Ойланып көрелік. Кәне, кім айтады?

- Өтірік сөз өрге баспас.

- Еріншектің ертеңі таусылмас.

- Жалқаудың жаны тәтті. т. б.

М: Рахмет, балалар! Бәріміз де мақал-мәтелдерді көп біледі екенбіз. Енді кезекті тағы да ойынға берелік.

Ойын: « Мен қандай баламын? »

Шарты: Оқушыларға сары түсті қағаздар таратылады. Оқушылар осы қағаздан күннің шуақтарын қиып алып, өзінің киған «шуағына» әр бала өз бойындағы жақсы қасиеттердің бірін жазып, «шуақты» тақтаға кезекпен іледі. Ал мұғалім күннің ортасын, яғни дөңгелегін өзі қиып, ортасына «мен» деп жазып, тақтаға іледі. Тақтада жақсы құндылықтарға толы үлкен күн құрастырылады.


Ұқсас жұмыстар
Ұстаз -- ұрпақ мақтанышы
Екі сөйлеу ерге сын
Эссе "менің арманым"
Ұстазым - ұлағатым
Қиял арманға жетелейді. 3-сынып
Озық ойлы оқушы .Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ
Жастық шақта
Арман керек адамға
Көрермендермен сайыс
Оқушыларды салауатты өмір салтының мәнін түсіндіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz